Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Ақылшы торғай – Стихи на казахском –...

Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Ақылшы торғай – Стихи на казахском – Казахский язык

1113
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Ақылшы торғай

загрузка…

Ақылшы торғай

Бір адам жүреді екен тұзақ құрып,
Бір торғай ұстап алды сүйтіп жүріп.
Балаларға сатайын деп ойлапты,
Торғайды жазып алып ұстап тұрып.
Сонда торғай сөйлепті адамдайьн:
– Босатсаң, үйретемін байлық жайын.
Азар болса сатарсың үш тиынға,
Мен саған бір пайдалы сөз айтайын.
Бұрын-дағы саттың ғой талай құсты,
Қане, сонан қаншалық пайда түсті?
Тоймақ түгіл бүйірің шыққан да жоқ,
Харекет деп ойлама мұндай істі.
Айтайын үш ауыз сөз, ұғып алсаң,
Өз обалың өзіңе ұқпай қалсаң.
Соны білсең – есепсіз бай боласың,
Мал табуға айла сол, тілге нансаң.
Алғашқы сөзді айтамын қолда жүріп,
Онан кейін қораға қой қондырып.
Екіншісін сол жерде ұқтырайын,
Ең соңғысын айтамын талда отырып.
Тұзақшы қуаныпты осы сөзге,
«Келдім ғой – деп – бақ қонар жақсы кезге».
Аузынан босатпаққа уәде берді,
Алдаса, торғай көп деп мұнан өзге.
Торғай айтты:
– Әрқашан аңдағайсың,
Орынсыз өтірікке нанбағайсың.
Ойланбай алдау сөзге сене көрме,
Тегінде шынның жолын қамдағайсың.
Бұл сөзге тұзақшының көңлі ұнады,
Торғайды бір дуалға қондырады:
– Алғашқы бұл сөзіңді әбден ұқтым,
Екінші сөзің қандай? – деп сұрады.
Торғай тұрып айтады тамға қонып:
– Өткен іске өкінбе ыза болып.
Кеткен қайтып келмейді өкінгенмен,
Құр жүдейсің ішіңе қайғы толып.
Соны айтып ұшып-қонды биік талға:
– Боламын неге тұтқын сендей шалға.
Бар еді он мысқалдай гауһар тасым,
Айрылдың соны ала алмай алдағанға.
Гауһарды саған бермей кеттім алдап,
Ұстауға қолың жетпес енді қармап.
Мұны алсаң әлем асқан бай болушы ең,
Ала алмай өкініште қалдың зарлап.
Торғайдың алдағанын сонда біліп,
Тұзақшы өкінеді қайғы қылып.
Құдай берген асылдан айрылдым деп,
Жылайды өз сақалын өзі жұлып.
Сонда торғай айтады:
– Ей, надан, мас,
Тым ұғымсыз екенсің, ақымақ нас.
Үш мысқалдық денем жоқ, кішкентаймын,
Қай жеріме сияды ол гауһар тас?
Әуелі қисынсызға нанба дедім,
Алдау сөзге бойыңды салма дедім.
Екінші – өткен іске уайым жеп,
Емі жоқ бос қайғыға қалма дедім.
Орынсыз өтірікке сонша нандың,
Өткен іске өкініп қайғыландың.
Үшінші сөзді саған үйретпеймін,
Алдыңғы екі сөзді ұқпай қалдың.
Соны айтып торғай кетті аспанға ұшып,
Шал қалды дел-сал болып қайғы қысып.
Сол торғай үшіншіде не айтпақ еді,
Соны тап, есті болсаң, ойға түсіп?

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013)
W

Просмотров: 5574
| Теги: олең, стихи на казахском языке, Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ, олендер, олен
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Жаз келер
  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Ғылымсыз адам – айуан
  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Анық пен танық
  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Қаншыр мен бөдене
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев – Жаз, Күз, Қыс

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY