Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке) — Казахские сказки —...

Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке) — Казахские сказки — Казахский язык

1592
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке)

загрузка…

Ақыл, Ғылым, Бақыт — үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті: Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың, — депті. Екінші Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен бірік, сонда абыроймен ұзақ жасайсың, — депті. Үшінші Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ, бірақ Ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, Ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.
— Барыңдар, Ақыл, сен адам бол, Ғылым, сен ат бол, Бақыт сен қамшы бол. Үшеуің біріксең ешбір мұң-мұқтаждарың болмайды, — депті.

Сказка из сборника «Ертегі: Казахские сказки (сказки на казахском языке)»

Источник: ертегі сказки на казахском языке казахские сказки казахский язык для детей

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (29.01.2012)
W

Просмотров: 28860
| Теги: ертегі, казахские сказки, казахский язык для детей, сказки на казахском языке
| Рейтинг: 3.9/7

Похожие материалы

  • Ертегі: Ақ тышқан мен нәресте (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақылды етікші (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын балық — Золотая рыбка (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі дос (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жақсылық пен жамандық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жеті өнерпаз (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Қаңбақ шал (сказки на казахском языке)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ