Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки

Ертегі: Қалайы солдат – Оловянный солдатик

загрузка...

Қалайы солдат – Оловянный солдатик

Андерсен Г.Х.


Ерте, ерте, ертеде, ғажайып бір өлкеде, бір атақты мүсінші болыпты. Оның даңқы бүкіл әлемге тарапты. Мүсіншіні корольдің өзі де құрмет тұтады екен.
Король кенже ұлын өте жақсы көріпті. Ол сүйікті баласының туған күніне мүсіншініде шақыртады.

Мүсінші «Кішкене ханзадаға не сыйласам?» деп ұзақ ойланады.  Сөйтіп жүргенде мерекеге баратын күн де жақындайды. Мүсінші ойлай-ойлай, ақырында жиырма бес солдаттың мүсінін жасап, тарту етуді ұйғарады. Ол енді күні-түні тыным таппай еңбектенеді.

Бір-бірінен айнымайтын солдаттардың мү сінін жасайды. Сөйтіп, туған күнге баратын күні жиырма бес солдат дайын болады.
 Иығына қару асынып, салтанатты киім киген солдаттар өте сымбатты екен. Жиырма төрт солдат бір-біріне өте ұқсас, ал жиырма бесіншісінің бір аяғы жоқ еді. Оның мүсінін ең соңында құйғандықтан, аяғына қалайы жетпей қалыпты.

Солдаттар іші қараңғы, қалың қатырма қораптың ішінде қысылысып ұзақ жатады. Бір күні қорап айқара ашылады.
– Қандай керемет қалайы солдаттар! – деп, шаттана айғай салған жас бала, қуаныштан қол шапалақтап жібереді.   Бала сыйлықтарын жинаған үстел үстінде ойыншықтардың түр-түрі бар.  Солардың ішіндегі ең кереметі – қатырма қораптан жасалған керемет сарай болатын. Бала дереу қалайы солдаттарды үстелге жайғастыра бастайды. Байқап қараса, бір аяқты солдат өзге екі аяқты солдаттардан қалыспай, аяғын нық басып тұр екен. Біз әңгіме еткелі отырған қызықты хикая да осы бір аяқты солдат туралы болмақ.

Сапта тұрғандай тізілген қалайы солдаттар жаңа үйге келгендеріне мәз. Ал бір аяқты қайсар ұланның көзі бірден қорапсарайға түседі. Сарайдың салтанаты тамаша! Әсіресе, айқара ашылған есіктің табалдырығында тұрған биші қыздың көркі солдатты ерекше таңғалдырады. Қыз қатырма қораптан жасалған, үстінде көгілдір жұқа бәтестен тігілген көйлегі, мойнында сары түсті орамалы, басында сәнді түйреуіштері бар екен.

 «Шіркін, менің осы қыз сияқты қалыңдығым болса!» деп армандайды қалайы солдат. «Тамаша сарайда тұратынына қарағанда, ол байдың қызы шығар. Ал менің үйім – жай ғана қорап қой. Әйтсе де, танысып көрейінші» деп ойлайды бір аяқты қалайы солдат.

Үй иелері ұйқыға жатқанда, ойыншықтар бір-біріне «қонаққа барып», «би кешін» ұйымдастырып, билеп, өз беттерінше ойнай бастайды. Қалайы солдаттар футбол ойнауға кіріседі. Орнынан қозғалмаған тек биші қыз бен бір аяқты қайсар солдат қана.  Қыз бұрынғысынша, сарай алдында қолын аспанға көтеріп тұр. Ал бір аяқты қалайы солдат болса, қаруын асынған күйде сұлудан көзін алмайды.

Таңертең үлкендер сыйлықтарды жинай бастайды. Қалайы солдатдарды қорапқа салмақ болып, санап еді, бір аяқты солдат жоқ болып шығады.  Ал бір аяқты қалайы қайсар солдат үстел үстіндегі темекі қорабының артында жасырынып, қыздан көз алмай қарап тұрған болатын. Бұл жерден сұлу биші анық көрінеді екен.  

Ертесіне балалар бір аяқты солдатты тауып алып, терезенің алдына қояды.  Кенет, терезе ашылып кетіп, қалайы солдат жерге басымен құлап түседі. Осылайша ол далада қалады. Жауын жауып, көше бойын су басады. Бір кезде, бір аяқты қайсар солдатты көшеде келе жатқан екі бала көріп қалады. 

– Қарашы, қалайы солдат! Оны суда жүздірейік! – деген балалар газеттен қайық жасап, оған бір аяқты ұланды отырғызады. Қайық жүзіп, балалар мәз-мейрам болып, қайықтың соңынан ілеседі.   Қайық қатты ағыспен алыстап кетеді. Ал қалайы солдат қайсарланып, өзін нағыз батырдай сезінеді. Қайық үлкен көпірдің астына кіргенде, қараңғыдан егеуқұйрық шыға келеді. 

– Бұл кім өзі? – деп айғай салады егеуқұйрық.
 – Өзіңнің төлқұжатың бар ма?  Қалайы солдат қаруын қыса ұстап, тіл қатпайды. Ал қайық болса алысқа ұзай береді. Жылдам жүзе бастаған қайық қараңғы көпірден жарыққа шығады. Сөйтсе, көпір аяқталған екен. Солдаттың құлағына қатты гүрілдеген дыбыс естіледі. Қараса, өзі жүзіп келе жатқан арық тасқыны үлкен каналға құяды екен! Мұндай толқында қағаз қайықпен жүзу өте қауіпті ғой! Тоқтауға да мүмкіндік жоқ. Қайсар солдат қайықпен бірге үлкен каналға құлап түседі. Бір аяқты жас ұлан бұдан тіпті де қорыққан жоқ.

Солдат қиындыққа қасқайып қарсы тұрғанымен, қайық пен су ырқына көнбейді. Бір орнында шыр көбелек айналған қайық суға толып, батып кетеді. Солдат суға құлап түседі.

Сұлу қызды көз алдына елестеткен ол: «Енді сүйкімді бишіні көре алмайтын шығармын» деп, көңіл-күйі түседі. Зәрені ұшыратын су иіріміне тап болған қайсар солдат «Өлсем де абыроймен өлейін» деп ойлайды. Дәл осы сәтте ол тағы бір жайсыз жағдайға тап болады. Күтпеген жерден шыға келген дәу балық ай-шайға қарамай, солдатты жұтып жібереді. Бірақ солдат бұған да саса қоймайды.

Арада қанша уақыт өткенін кім білсін, бір күні, кенеттен жоғары жақтан өткір пышақ найзағайдай жарқ еткені! Айнала жап-жарық болып кетеді де, біреудің айғайлаған дауысы естіледі:

– Мұндай да болады екен-ау! Мынау қалайы солдат қой!
Сөйтсе, солдатты жұтқан балық қармаққа ілініп, базарда сатылып, одан асханаға жеткен екен.   Үй иесі балықтың ішін жарып, солдатты тауып алған.

Және бұл табысымен бөлісу үшін қайсар ұланды бөлмеге алып келеді. Ғажайып саяхатшыны көруге үйдегілер тегіс жиналады. Солдатқа үстелден орын беріледі.

Кенет... «Өмір күтпеген оқиға ларға толы» деген осы екен-ау! Бір аяқты қалайы солдат сол баяғы өзіне таныс бөлмені, сол ойыншықтарды және қо рап тан  жасалған  керемет  сарайды көреді. Сарайдың алдында сол баяғы сұлу биші қолын аспанға көтеріп тұр. Қалайы солдат пен биші қыз бір-бірінен көз алмай, ұзақ қарайды. Екеуі де үнсіз.

  Бір кезде, күтпеген жерден балалардың бірі қалайы солдатты ұстай алып,  себепсізденсебепсіз отта тұрған тостағанға салып жіберді. От лаулап жануда, ал солдат ыстықтап барады. Махаббаттың жалынынанысып бара ма, әлде от ысыттыма, оны өзі де білмейді.  Әлі де жанары биші қызда, сұлудың да назары солдатта. Осы кезде есік айқара ашылып, бөлмеге самал леп соғып, көбелектей ұшқан биші қыз тура солдаттың жанына қонады. Шарпыған от сұлуды бірден жалынға орады. Бұл уақытта қалайы солдатта еріп кетіп еді.

Ал ертесіне балалардың ата-анасы тостағаннан жүрекке ұқсайтын бір аяқты қалайы солдаттың кішкентай бір бөлігі мен биші қыздың күйген сәнді түйреуішін тауып алады. Бұлар қайсар қалайы солдат пен сүйкімді бишіден қалған белгілер екен.  



Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (20.01.2013) W
Просмотров: 3424 | Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі | Рейтинг: 5.0/1



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.