Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки

Ертегі: Бұлбұл

загрузка...

Бұлбұл – Соловей

Андерсен Г.Х.


Ерте, ерте, ертеде, баяғы өткен заманда Қытай жеріндегі патшаның сарайы дүние жүзіндегі ең әдемі, ең ғажайып сарай деген атақ алыпты. Нәзік, жұқа фарфордан тұрғызылған сарайға, тіпті, жақын дауға да, оған қол тигізуге де адам баласы бата алмайды екен.

Сарай өте әдемі бақшада орналасыпты, айналасында таңғажайып ағаштар мен гүлдер өсіпті. Ағаш тардың бұтақтары мен жапырақтарына, гүлдерге күміс қоңыраулар ілініпті. Жел соққанда сол қоңыраулар шайқалып, сыңғырлайды екен.

Күміс қоңыраулардың сыңғыры құстар сайрап тұрғандай әсер беріп, қытай патшасына қатты ұнапты.
Алысқа созылып жатқан бақтан кейін бірден ну орман басталатын еді. Сол орманның ішінде Бұлбұл деген кішкентай құс өмір сүреді. Ол әдемі үнімен сайрағанда ел таңдайларын қағып, оның әнін тыңдаған адам бар дүниені ұмытып кетеді екен.

Жер жүзінің түкпір-түкпірінен Қытай астанасына келетін жолаушылар үлкен сарай мен тамаша бақты көріп таңғалады, бірақ бұлбұлдың сайрағанын естіп «Міне, мынау бәрінен жақсы!» дейді екен. Өз елдеріне қайтып келісімен, «Кішкентай бұл бұл құстың әнін тыңдау үшін Қытайға барып келген жөн» деп, әңгімелерін осы жаңалықтан бастайды екен.

Бұл туралы қытай патшасы естіп қалып, бірінші уәзірін шақырып, бұйрық береді.
– Бүкіл дүние жүзіндегі ел білгенде, мен қалай білмей  мін! Мемлекетімде керемет құс бар екен ғой. Мен сол ғажайып құсты көріп, тыңдағым келеді. Бұйырамын, бүгін кешке бұлбұл құс менің алдымда сайрап тұратын болсын!
– Айтқаныңызды орындаймыз, тақсыр! – деді бірінші уәзір. Иә, айтуға оңай. Қайдан іздеп табасың?

Уәзір баспалдақпен жоғары, төмен жүгіріп, кездес кен  адамдардың  барлығынан  сұ  растыр ды.  Бірақ ешкім бұлбұлдың қанд ай құс екенін, оның қай жерде өмір сүретінін айта алмады.
Ақырында, уәзір мен сарай қызметшілері асха нада жұмыс істейтін адамдарға келді. Онда кіш кентай қыз табақ сүртіп отыр екен. Уәзір қыздан бұлбұлдың қайда тұратынын сұрап көріп еді, ол:

– Бұлбұл? Әрине, білемін! Ол орманда тұрады. Орманның шетінде ескі ағаш бар. Ол ағаштың үлкен қуысы және қалың бұтақтары бар. Мен үнемі сол ағаштың  түбінде демалып отырғанда бұлбұлдың сайрағанын естимін. Ол өте нәзік сайрайды. Оны тыңдап отырып жылағым келеді, – деді.

– Қызым! Мен саған патшаның қалай тамақ ішетінін көруге рұқсат бе ремін, ол үшін сен ұлбұлдың тұрағын көрсетуің керек. Бұл құс кешке сарай алдына шақырылған, – деді бірінші уәзір.
Міне, сөйтіп барлығы орманға аттанды. Алдында қыз, артында уәзір және қызметшілер жүріп келеді, жүріп келеді...

Кенет, жақын арадан сиырдың мөңіреген дауысы естілді.
– О! – деді қызметшілер.
 – Қандай қатты дауыс! Мүмкін осы «бұлбұл» шығар?!

– Бұл сиырдың дауысы, – деді қыз.
– Бұлбұл тұратын жер әлі алыс.

Барлығы ары қарай жүрді. Бір уақытта бақылдаған бақаның дауысы естілді. 
– Керемет! – деді сарай қызметкері.
– Ақыры бұлбұлдың дауысын естідік!


– Жоқ, бұл – бақа. Жақын арада бұлбұлдың да дауысын естиміз, – деді қыз.
Бір кезде, желдің сыбдырымен алыстан бір керемет ән құлаққа жетті.
– Міне, бұлбұлдың үні! – деді қыз. – Тыңдаңдар, міне, нағыз өзі!
Олар бұлбұл отыратын ағашқа жетті. Қыз бұтақта отырған сұр құсты қөрсетті.
– Бұлбұлым! Біздің мейірімді патша сені тыңдағысы келеді! – деп, қыз бұлбұлға жақындады.

– Мен қуаныштымын! Менің дауысымды жасыл орманда естіген, тіпті, керемет, – деді бұлбұл сыңғырлаған дауыспен.
– Мені Сізге патша жіберді, бүгінгі кештің қонағы болыңыз! – деді уәзір.  Кеш түсті. Үлкен залдың ортасында патша отыр. Патшаның тағына қарсы алтын тұғыр орнатылған, оның ең жоғары ұшына бұлбұл қоныпты.
Бір сәт бұлбұл нәзік, сыңғырлаған дауысымен сай рай жөнелді. Оны тыңдап отырған патшаның көзінен жас сорғалады. Ән аяқталғанда, патша өзінің алтын туфлиін сыйға ұсынды.

Бұлбұл рақмет айтып, бас тартты.
– Мен онсыз да ризамын, патшаның көзінен аққан жасты көрдім, – деді бұлбұл.
Патшаның әмірімен бұлбұл сарайда қалдырылып, ерекше бөлмеге орналастырылды, құсты күтуге арнайы қызметші бекітілді. Құсқа күндіз 2 рет, түнде 1 рет қыдыруға рұқсат берілді.
Бүкіл қала бұлбұл туралы әңгіме қылды. 11 сатушы өз балаларының атын «Бұлбұл» атады.
Бір күні патшаға Жапониядан жібек матаға оралған жәшік келді. Жәшік тің сыртында «Бұлбұл» деген жазу бар екен. Ашып қараса, ішінде жасанды ойыншық – бұлбұл жатыр. Ол тірі бұлбұлдан айнытпай жасалыпты. Асыл тастармен безендіріліпті. Патша ойыншық құсты бұрап еді, ол кәдімгі бұлбұл сияқты ән салды.


– Неткен ғажап? – деді барлығы.
Кәдімгі бұлбұл күн сайын жаңа ән айтса, мына ойыншық құс бір әнді 33 рет қайталап берді. Ән айтқанда үсті-басы жарқырап, неше түрлі түске бөленді. Тіпті, шаршамады.  – Енді тірі бұлбұлды тыңдап, салыстырып көрейік, – деді патша.

Барлығы бұрылып, алтын тұғырға қараса, бұлбұл жоқ! Ашық тұрған терезеден оның ұшып кеткенін ешкім аңғармаған.
– Ең жақсы құс бәрібір осында қалды! – деді барлығы. Сонда ойыншық құс өзінің жалғыз әнін отыз төртінші рет қайталай бастады.
Сонымен, бұл жасанды құс «Бірінші әнші құс» деген атақ алып, патша дастарқанының сол жағын да  отыратын болды.

Арада бір жыл өтті. Бірде кешке жасанды бұлбұл патшаның алдында сайрап тұр еді. Кенет, құс тың ішінде бірдемелер шыжылдап, шиқылдап барып тоқтап қалды.  Патша төсегінен атып тұрып, өзінің емшісін шақыртты. Ал емшіне жасанды, не нағыз бұлбұлды емдей алмайтын еді. Сондықтан сағат жөндеушіні келтіртті. Ол жасанды құсты бұзып, бөлшектеп тастады да, қайта жинады. Ойыншық құстың қосалқы бөлшектері тозған еді.

Жөндеуші бұл ойыншықты байқап пайдалануды ескертті.
Бәрі қайғырып қалды. Сонда патша жасанды құсты жылына бір рет қана бұрап, сайратуға жарлық берді.
Тағы да бес жыл өтті. Патша аяқ астынан суық тиіп, ауырып қалды. Емшілер емдей алмай, бастары қатты. Халық сарай алдына жиналып, патшаның денсаулығын бірінші уәзірінен сұрады. Ол не айтарын білмей басын шайқады.  Сарайда өлі тыныштық орнады. Өңі боп-боз, денесі суи бастаған патшаны уәзірлер мен сарай қызметшілері «өліп қалған» деп санап, жаңа патша сайлауды ойластыра бастады. Бірақ патша әлі өлген жоқ еді.  Терезеден ай сәулесі патшаға және ойыншыққа түсіп тұр. Екеуі де қозғалмастан сұлық жатыр. Патша ақырындап көзін ашса, кеудесінде Ажал отырған сияқты. Патшаның көзіне өзінің жасаған жақсылықтары мен күнәлары елестей бастады. Бірақ соның ішінде жамандық істері көп болып көрінді.

– Менің сүйікті алтын құсым, шырқашы, сенен ештеңемді аямаймын, қаласаң алтынмен қаптаймын, айтшы, айтшы! Бірақ құс үн қатпады.
Сол кезде терезеден әдемі ән естілді. Бұл кішкентай құс еді. Ол патшаның ауырғанын естіп, оның көңілін көтеру үшін ұшып келген болатын. Ажал бұлбұлды тыңдап, ақырын ғана өзінің үйіне – зиратқа қарай қайтып кетті.
– Рақмет саған, сүйікті құс! – деді патша. – Сен менің төсегімнен ажалды қудың. Мен саған не сыйлайын?
– Сен маған үлкен сый жасағансың, – деді бұлбұл. – Мен ең алғаш келгенде сенің көзіңнен аққан жасты көрдім. Әншілер үшін бұлшын жүректен шыққан жас, мұны ешқашан ұмытпаймын!
Бұлбұл тағы шырқады, ал патша болса, жазылып, қатты ұйқының құшағына енді.

Ол оянғанда үйдің іші жарық еді. Қызметшілердің ешқайсысы патшаға қарамады, қасына жоламады. Олар оны «өліп қалды» деп ойлады. Тек қана бұлбұл патшаны жалғыз тастамады. Терезеге келіп, тағы ән шырқады.
– Осында, сарайда қал! – деді патша.
 – Өзіңнің қалауың бойынша шырқайсың, ойыншық құсты сындырып тастаймын.

– Жоқ! – деді бұлбұл.
 – Ол саған қызмет етті. Өзіңе қалдыр. Мен сарайда тұра алмаймын, бірақ саған ұшып келіп тұрамын. Бақытты-бақытсыз, көңілді-көңілсіз әндер шырқаймын, айналаңда не болып жатқаны туралы айтамын. Тек сен маған уәде бер...
 – Не қаласаң – сенікі! – деді патша. Өзі төсектен тұрып, киімін киіп, төсіне алтыннан жасалған ауыр қылышын ілді.


– Сенің кішкентай құсың бар екенін, ол саған бүкіл дүние жүзі туралы айтып беретінін ешкімге айтпайсың! Маған уәде бер. Иә, солай болғаны дұрыс!
Осыны айтты да, бұлбұл ұшып кетті. Осы кезде күтушілер келіп, өлген патшаны көрмекші болды.
Ал патша болса:
–  Сәлеметсіңдер ме ! Қайырлы таң! – деді.



Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (20.01.2013) W
Просмотров: 6849 | Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі | Рейтинг: 3.7/3



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.