Ертегі: Өгіз (сказки на казахском языке) — Казахские сказки — Казахский язык

Ертегі: Өгіз (сказки на казахском языке) — Казахские сказки — Казахский язык

81
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Ертегі: Өгіз (сказки на казахском языке)

загрузка…

Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті – олардың қорегі болыпты. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті.
— Кемпір, ашықсақ, ашығайық, бір жылға бірнәрсе етіп шыдармыз. Енді сиырды саумай-ақ қойшы, сүтін бұзауы емсін дейді шал.
— Жарайды, саумасам саумайын, бұзауы уызға жарысын дейді кемпір.
Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қуанған олар қанша тарықса да, ашықса да сиырды саумай, барлық сүтін бұзауға береді. Енесінің бар сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болып шығады. Күндердің бір күнінде ол өзінің семіздігіне масаттанады. Осындай зор, сұлу денеммен мына бір жаман сиырлардың ішінде жайылып жүргенім лайықсыз екен, түйелерге барып қосылғаным дұрыс шығар деп ойланады өгіз.
Өзін ерекше зор сезініп жүрген ол барынша — ақ түйе болуға тырысып бағады. Олардың жеген шөбін жейді, алыс шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында шөлден қатып, іші ауырып, шыдай алмайды.
— Әбден өлетін болдым, жылқыларға барайын. Олар түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар дейді.
Жылқылар ішінде жүрген де оған жайсыз болады. Соларға ілесіп, қатарларынан қалмай шауып жүремін деп әбден шаршайды.
Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады.
Бұл ілісе алмай айдалада қалып қояды. (Жылқылар қашып кетеді де, өгіз қора қасқырдың қоршауында қалады).
— Мө-ө-ө-өөө! Құтқарыңдар мені. Құтқарыңдар! Мө-ө-ө! Мө-ө-ө-өөө! Кім бар маңайда? Мө-ө-ө! Деп мөңірейді өгіз.
— Бұл не айқай? Құлақ түріңдерші!
— Таныс дауыс қой өзі.
— Қайдан шыққан дауыс?
— Жүріңдер, жота асып қарайық дейді, -сиырлар.
Табын сиыр жотаға шықса, сол баяғы өздерін менсінбей жылқыларға барып қосылған өгіз қасқырлардың қоршауында қалған екен.
Олар өгіздің жаман қылығына ешбір кек сақтамастан, өгізді қасқырлардан құтқарып алады.
— Мен сендерді ренжіттім. Өз туыстарымнан бөлініп кеттім. Ақылсыздығымнан осындай жағдайға тап болдым. Тату болған, туыстармен бір жүрген қандай жақсы! «Бөлінгенді бөрі жейді!», -деген осы екен. Кешіріңдер мені, мө-ө-ө-өөө! Деп кешірім сұрапты өгіз.

Сказка из сборника «Ертегі: Казахские сказки (сказки на казахском языке)»

Источник: ертегі сказки на казахском языке казахские казахский язык для детей

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (29.01.2012)
W

Просмотров: 15139
| Теги: казахский язык для детей, сказки на казахском языке, казахские сказки, ертегі
| Рейтинг: 3.8/4

Похожие материалы

  • Ертегі: Ақ тышқан мен нәресте (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақылды етікші (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын балық — Золотая рыбка (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі дос (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жақсылық пен жамандық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жеті өнерпаз (сказки на казахском языке)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ