Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки

Ертегі: Питер Пен

загрузка...

 Питер Пен

Джеймс Барри



Лондонның Блумсбери деген жерінде Дарлингтер отбасы тұратын. Мистер Дарлинг – қатал әке, ал миссис Дарлинг – сүйікті жар және мейірімді ана. Олардың Вэнди, Джон және Майкл есімді үш баласы бар. Үлкені Вэнди – қыз, екіншісі Джон, ең кенжесі Майкл – ұл балалар. Бұл отбасында ана есімді текті ньюфаундленд иті бар. Отбасының бір мүшесіндей болып кеткен ол ит әрі осы үш баланың күтушісі еді.

Бір күні түнде миссис Дарлинг Вэнди, Джон және Майклдың қалай ұйықтап жатқанын көру үшін балалар бөлмесіне кіреді. Терезе ашық, балалары ұйықтап жатыр. Еденде ерекше жапырақтар шашылып қалыпты. Оның бұл жапырақтарды алғаш көруі. Мұндай жапырақтар Англияда жоқ. Бұрын бірде, кенжесі түнде Питер Пэн атты баланың терезеден келгенін айтқан болатын. Анасы ұлының сөзіне сене қоймаған. Ол енді терезеден  біреудің кірген ізін өзі де байқайды.

Миссис Дарлинг бөлмесіне кіріп, төсегіне жатады. «Өзгеше жапырақтар мұнда қайдан келген? Терезеден қандай бала бөлмеге кіріп жүр?» Ол бұл жайтқа жауап таба алмай, ойланып жатып, ұйықтап кетеді.  Түсіне балалар бөлмесінен тауып алған жапыраққа ұқсас жапырақ киім киген бір қызық бала кіреді. Ол бал аларын өзімен бірге алысқа ертіп кетпекші екен. Миссис Дарлинг шошып оянады. Жүг іріп балалары жатқан бөл меге кіреді.

Сол кезде ол ашық терезеден түсіндегіге ұқсас бір баланың ұшып шыққанын көріп қалады. Оның соңынан жарқыраған бір нәрсе қалықтап еріп, лезде көзден ғайып болады.

 Миссис Дарлинг қорыққанынан  айғайлап жібереді. Үрейлі дауысты естіген Нана абалана үріп, қасына келеді. Содан соң, ол да ғажайып баланың соңынан терезеден құстай ұшты. Миссис Дарлинг өзін-өзі басып: «Бұл неткен бала? Бала ұша ма? Бәлкім, маған солай көрінген болар. Ол секірем деп бір жерін зақымдап алмады ма екен? Өліп қалмаса болды ғой», – деп ойлады. Далаға шығып, әлгі баланы іздеді. Бірақ ешкімді таба алмады. Қараңғыда бірдеңені көру мүмкін емес те еді. Амалы құрыған миссис Дарлинг оны «Ағып бара жатқан жұлдыз ба?» деп те жорамалдады. Бөлмесіне қайта оралғанда, Нананың бір нәрсені тістелеп жатқанын көрді. Бір нәрсе дегені адамның көлеңкесі екен. Миссис Дарлингке ол жұбайының көлеңкесі сияқты көрінеді. Мұны күйеуіне барып айтқысы келді. Бұл кезде мистер Дарлинг отбасына жұмсалатын шығынды есептеп отырған болатын. Сондықтан оны осы сәтте мазалаған дұрыс болмас деп ойлады. Ақырында миссис Дарлинг әлгі көлеңкені балалар бөлмесіндегі шкафқа тығып қояды. Оны ертең мистер Дарлингке көрсетермін деп ойлайды. Бірақ келесі күні анау-мынау тірліктермен жүріп, көлеңкені мүлде есінен шығарып алады.


Бір күні Дарлингтер қонаққа бармақ болып жиналады. Сол кезде Нана абайсызда мистер Дарлингке сүйкеліп, жүндері оның шалбарына жабысып қалады. Бұған мистер Дарлинг  қатты ашуланады.    Ол Нананы ауладағы үйшікке апарып, шынжырлап қояды. Миссис Дарлингке бұл ұнамайды. Бірақ оның қазіргі көңіл-күйіне бола, қарсылығын сездірмейді. Содан соң, ерлі-зайыптылар балалар бөлмесіне кірді. Вэнди, Джон және Майкл төсектерінде тәтті ұйқының құшағында жатыр екен. Көңілдері жайланған ересек Дарлингтер қонаққа кетеді. Біраз уақыттан соң балалар бөлмесіндегі терезе айқара ашылып, ішке әйелдің түсінде көрген баласы ұшып кіреді. Баланың аты расында да Питер Пэн болатын. Ол өткенде жоғалтып алған көлеңкесін іздеп келген еді. Питерден соң іле-шала  бөлмеде жапырақтан тігілген әдемі көйлек киіп алған кішкентай Тинкер Бел атты жарқыраған періште пайда болды. Тинкер Бел қуыс-қуысты аралап жүріп, шкафта жатқан Питердің көлеңкесін тауып берді.

Питер Пэн көлеңкесін денесіне қайтарғысы келді. Тинкер Бел де оны жалғамақ болып әрекеттенеді. Бірақ бәрі бос әурешілік болып шығады. Питер амалы құрып, жерге отыра кетеді. Осы уақытта Вэнди ұйқысынан оянады. Бөлмедегілердің кім екенін білмей, біраз ұйқысырап отырады да:
– Менің атым Вэнди. Ал сен кімсің, неге жерде отырсың? – деп сұрайды.  – Мен Питер Пэнмін, көлеңкем өзіме келмей жатыр, соны уайымдап отырмын, – дейді бала.

– Қам жеме, көлеңкеңнің саған қайта оралуына көмектесейін, – дейді қыз.
Питер Пэн қуанып кетті. Вэнди Питердің көлеңкесін аяқ киіміне тігіп берді. Содан соң, Питер Пэн Вэндиге:

– Мен де кезінде ата-анаммен бірге өмір сүргенмін. Алайда есейгім келмей, Неверлэндтегі Кенсингтон бағына қашып кеттім.  Себебі өмір бойы кішкентай бала болып, балалық шақтың қызығымен жүргім келді. Кенсингтон бағында тұратын балалардың ата-аналары болмайды. Біздерді, әдетте «жоғалған балалар» деп атайды. Мен «жоғалған балалардың» капитанымын, – деген әңгімесін айтады.

Вэнди, Тинкер Бел Питер Пэннің періштесі екенін және кез келген баланың қорғап жүретін өз періштесі болатынын біледі. Осыдан кейін ол өзі де осыған ұқсас оқиғаларды Питер Пэнге баяндап береді.

Мұны естіген Питер Пэн қызға:
– Вэнди, менімен бірге жүр, әлгі әңг імелерді балаларға айтып бер, – деп өтінеді.  Әрине, Вэнди Питер Пэн тұрып жатқан бақ қа баруға қызыға ды.   Ол екі інісін оятып, оларға оқиғаны бастанаяқ  ба ян    дап  береді.  Джон  мен  Майкл  қатты таңырқайды, шындығында бұл жайт оларға да қызықты болып көрінеді. Ағайындылар Кенсингтон бағын көруге қатты құштар болады. Питер Пэн Тинкер Белге Вэнди, Майкл және Джонның өздерімен бірге ұшатындарын айтады. Балалар жолға да йындалады. Питер олардың үстіне періштелер тозаңын шашады. Сол кезде балалар ұшатын қасиетке ие болады. Питер Пэн енді аспанға алтын жебе атады. Ол Неверлэндке баратын жолды көрсетіп тұрады. Сол жолмен Питер Пэн, Тинкер Бел, Вэнди, Майкл және Джон бесеуі ұшып кетеді.  Нэверлендке барар жолда Дарлингтің  балалары  әдемі  теңіз жағасын, су айдыны мен қасқырларды көреді. Одан әрі олар ұйықтап жатқан теңіз қарақшыларына кезігеді. Питер Пэн балаларға теңіз қар ақшылары мен олардың капитаны Хук туралы, теңіз қарақшыларының қатыгездігі және де Хуктың бір қолын Питермен болған ұрыс та қолтырауын тістеп алып, жоғалтқаны жөнінде әңгімелеп береді.   Капитан Хук «жоғалған балаларды» ұстап алу үшін аралға жиі-жиі шабуылдайды екен. Питер Пэн Нэверлендте болмаған кезде аралда біраз өзгерістер болыпты. Қарақшылар кек алу үшін балалар тұратын жерге баса көктеп кіріпті. «Жоғалған балалар» ағаш арасына жасырыныпты. Капитан Хук теңіз қарақшыларына балаларды қайткенде де табуға бұйрық  берген. Теңіз қарақшылары балаларды іздеп, ағаштардың арасына кіріпті. Сол кезде капитан Хук қолтырауынның даусын естиді. Кезінде осы қолтырауын оны бір қолынан айырған еді. Баяғы дәм қолтырауынның аузына қайта келгенге ұқсайды. Қатты қорыққан капитан алды-артына қарамай қаша жөнеліпті. Сөйтіп, теңіз қарақшылары кемелеріне құр алақан қайтыпты.  Капитан Хук балаларды ұстау туралы жаңа жоспар құра бастайды. Енді ол тәтті тоқаш пісіріп, оған у қосып, су перілері мекендейтін жерге апарып қою керек деп шешеді. Капитан Хук жаман ойына масаттанып:

– «Жоғалған балалар» бұл жерге үнемі шомылуға келіп, су перілерімен ойнайды. Сол кезде тәтті тоқашты жейді де бұл дүниемен қош айтысады, – деп даурыға күледі.

Ал балалалармен бірге жолда ұшып келе жатқан Питер Пэн аралдағы өлі тыныштықты байқап, се кемденеді. Нэверлендке дейін екі жолмен баруды ұйғарып, олар бөлініп кетеді. Джон мен Майкл Питер Пэннің соңынан ұшып отырады. Ал Тинкер Бел мен Вэнди басқа жолмен ұшып кетеді де, Нэверлендке аман-есен бірінші болып жетеді. «Жоғалған балалар» Тинкер Белдің бейтаныс біреумен ұшып келе жатқанын байқап қалады. Үрейленген балалар Вэндиге садақ кезеніп тұра қалады. Тинкер Бел қыздың капитан Питердің қалауымен келе жатқанын түсіндірмек болады. Алайда оның сөзін соңына дейін тыңдап үлгермеген бір бала жебесін атып жібереді. Оқ тиген Вэнди жерге құлап түседі. Артынша Питер Пэн, Джон, Майкл үшеуі ұшып келеді.  Вэндидің шалажансар денесін көрген Питер Пэн қатты ашуланады. Оның жүрегіне қадалған садақтың жебесін алып:

– Бұл кімнің садағы? – деп сұрайды жыламсырап.
– Менікі, Питер, – дейді Тутлес есімді бала.
Сонан соң Питер: «Шұғыл түрде үй тұрғызып, Вэндиді емдеп, жазу керек», – деп ойлайды. Балалар бұл іске кірісіп те  кетеді. Үй біткен соң, Питер мен оның тобы Вэндиді ішке көтеріп кіргізіп, төсекке жатқызады. Жарасын емдеп, қыздың жазылуын тағатсыздана күтеді. Түнде барлық бала ұйқыға кеткенде, Питер жанында қарауылдап отырады. Осылай ұйықтамай отырған Питердің есіне қарақшылар түсіп, өне бойын қорқыныш билеп алады. Ол бейкүнә балалар үшін қауіптенетін.

Келесі күні Вэнди өз-өзіне келе бастайды. Вэндидің есін жиғанын көрген бейкүнә балалар қатты қуанады.
– Вэнди, жағдайың қалай? – деп сұрайды.
– Рахмет, өзімді жақсы сезініп тұрмын. Маған не болды?
Питер Пэн қызға болған жайттың бәрін айтып береді.

Осы күннен бастап «жоғалған балалар» Вэндиді анасындай, ал Питерді әкелеріндей көреді. Вэн ди мен Питер балалардың көңілін қалдырмау үшін осыған келіседі. Балалар алақайлап, қуанғандарын білдіреді.

Бір күні балалар су перілері мекендейтін жерге келеді. Олар ойнап жүріп, бұл жердің әдеттегіден өзгеше екенін байқайды. Бұл туралы дереу Питер Пэнге барып хабарлайды. Не болғанын білу үшін Питер Тайгер Лили деген су перісін іздейді. Ақылдылығы мен ептілігінің арқасында, ол торда қамалып тұрған су перілерін тауып алады. Питер Пэн перілерді қамаудан босатып, қарақшылардың тұзағынан құтқарады. Тайгер Лили оған:

– Капитан Хук пен оның қарақшылары сені іздеп, менен қайда жүргеніңді сұрады. Мен оған ештеңе білмейтінімді айтып едім, ол қатты ызаланып, бізді мына торға қамап тастады, – деп болған жағдайды баяндап береді. Питер Тайгер Лили бастаған су перілеріне «жоғалған балалардың» қайда екенін айтпағаны үшін рахмет айтады. Сол кезде оны капитан Хук көріп, қарақшылар Питер Пэннің соңына түседі. Бірақ Питер шапшаңдығының арқасында олардан қашып құтылады. Өздері соққан үйге келіп, балаларға капитан Хуктың қарақшыларымен болатын ұрысқа дайындалу керектігін айтады. Келесі күні Питер бастаған топ қарақшылар мекендейтін жерге барады. Олар капитан Хуктың кемесін тауып, оны әп сәтте-ақ жаулап алады.

Жеңілген қарақшылар алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Осы оқиғадан кейін балалалардың біразы үйлеріне қайтуды жөн көреді.

Ал үйде Вэнди мен Тинкер Бел ұрысқа кеткен балаларды күтіп отырған еді. Олар теңіздің мазасызданғанын көріп, қобалжи бастаған. Осы кезде кеме де көрінеді. Балалар аман-есен үйлеріне қайта оралады.

Вэнди мен Тинкер Белдің қуанышында шек болмайды.   Бір күні түнде Дарлингтің балалары Питер Пэнге үйін сағынғандарын, қайтқылары келетіндерін айтады. Питер келісіп, Тинкер Белге оларды үйлеріне жеткізіп салуды тапсырады. Осы аралықта «жоғалған балалар» Вэндиге әбден бауыр басып қалған еді. Сондықтан олар қызға:

– Осында бізбен бірге қалсаң болмай ма? Бізді тастап кетпеші, – деп өтінеді.
Бірақ әке-шешесін, туған үйін сағынған Вэнди қала алмайтынын айтып, өздерін үйіне қонаққа шақырады. Питер Пэннен басқа балалар бұған қуана келіседі.

Келесі күні Питер Пэн ерте тұрып, Вэндимен және басқа да балалармен қоштасып, ұшып кетеді. Дарлингтер отбасына бармақ болған балалар үйден шыға бергенде, оларды аң дып отырған капитан Хук пен оның қарақшылары Тинкер Белден басқала рын ұстап, кемесіне салып, алып кетеді. Тинкер Бел Питер Пэннің артынан кетеді. Оны іздеп тауып, болған жағдайды айтады. Суық хабарды естіген Питер «балаларға көмектесу керек» деп ұша жөнеледі. Ол капитан Хуктың қолтырауыннан қорқып жүретінін білетін. Сондықтан Хукты үрейлендіру үшін қолтырауын ның даусына салып гүрілдейді. Мұны естіген капитан Хук айналасына жалтақтай қарап:

– Дайын болыңдар! Бізге бір қауіп төніп тұр! – деп айқай салады.  Осы сәтті пайдаланған балалар кеменің қауіпсіз бұрышы-на тығылып үлгереді. Бірақ капитан Хук оларды тауып алады. Араларындағы Вэндиді қолына түсірмек болып әрекеттенеді. Бірақ балалар қыздың алдына шығып, қарақшыдан қорғаштайды. Сол кезде көмекке Питер Пэн келеді. Ол капитан Хукпен жекпе-жекке шығады. Капитан Хук қынабынан сапысын суырып шығарады. Питер қарусыз. Екеуі айқаса кетеді. Ер жүрек, епті Питер Пэн бала болса да капитанға бой бермейді. Оны ары-бері жүгіртіп, сілесін қатырады. Вэнди мен балалар екеуінің арпалысын үрпиісе бақылып тұрады. Қолдарынан келер көмек жоқ. Бірақ олар Питер Пэнге сенімді еді.
Сонымен, не керек,  қызу шайқас кезінде Питер оңтайлы жағдайды пайдаланып капитан Хукті суға итеріп жібереді. Балалар жаудан құтылғандарына қатты қуанады. Жеңіске жеткен Питер мен оның достары Лондонға аттанады. Ұзақ уақыт саяхаттан кейін Питер Пэн мен Тинкер Белдің соңынан ерген балалар мен Дарлинг отбасының балалары Блумсбериге аман-есен оралады. Өз балаларын тапқан мистер мен миссис Дарлингтердің қуанышында шек болмайды. Олар «жоғалған балалардың» келгеніне де разы болады. Вэнди ата-анасына бастарынан өткен оқиғаны айтып береді. Келесі күні Питер Пэн мен Тинкер Бел Дарлингтер отбасымен қоштасып, Нэверлендке ұшып кетеді. Ал Вэнди, Майкл, Джон және басқа да «жоғалған балалар» Дарлингтер  отбасында тату-тәтті өмір  сүріп  қала  береді.





Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (20.01.2013) W
Просмотров: 5587 | Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі | Рейтинг: 4.3/6



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.