Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки

Ертегі: Құс тұмсық патша - Король Дроздобород

загрузка...

Құс тұмсық патша - Король Дроздобород



Ертеде бір патша өмір сүріпті. Оның ай десе аузы, күн десе көзі бар, теңдессіз сұлу қызы болыпты. Алайда, қанша сұлу болғанымен, мінез-құлқы нашар, өркөкірек, тәкаппар екен. Ол жігіттердің ешқайсысын менсінбепті. Келгендерді бірінен соң бірін қайтарып, онымен қоймай, мазақ етіпті.

Бірде  патша  сарайда  үлкен ойынсауық  ұйымдастырады.  Сөйтіп, жер-жердегі «күйеу бала боламын» дегендердің бәрін шақыртады. Ханшайым олардың арасынан өзіне күйеу жігіт таңдауы тиіс болатын. Алайда қызы әйтеуір бір кемшілік тауып, ешқайсысын жақтырмайды. Біреуін көріп:

– Ой, мынау өзі бөшкедей екен! – дейді.  Бойы ұзын екіншісінің қасына келіп:
– Мынасы ұзын әрі арық, жүргенде ұсқынсыз көрінетін шығар! – деп келеке етеді.
Үшіншінің бойы аласа еді. Оған:
– Қандай аянышты, өзі семіз, бойы тапал! – деп тыжырынады.

Беті боп-боз жігітті: «Мынаның орны табытта ғой!» деп, қызыл шырайлы жігітті «күркетауыққа ұқсайды!» деп әбден күледі. Осылайша Ханшайым бәрінің бір олқылығын тауып, сөзбен түйрейді. Әсіресе, иек сү йегі аздап қисықтау бір патшаға: «Мынаның иегі сайрауық құстың тұмсығынан  аумай қалыпты!» деп мазақ етеді.

Содан бастап әлгі патша «Құс тұмсық патша» атанып кетеді.
Патша  қызының  бұл  қылығына  қатты ашуланады. – Мен  қызымды  бірінші  болып  есік қағып  кірген  ең  кедей  адамға  күйеуге беремін! – деп серт береді.

Арада бірнеше күн өтеді. Бір күні бір қайыршы адам терезенің алдына келіп, ән айта бастайды. Патша әнді естіп:
– Ана кісіні кіргізіңдер! – деп бұйырады.
Алба-жұлба, кір-қожалақ киім киген әнші патшаның алдына келіп, әнін жалғастырады. Айтып болған соң, садақа тілеп, қолын жаяды.

Сонда патша:
– Сен бірінші болып үйге кірдің, әнді де тамаша айтады екенсің. Қызымды  саған  беремін, – дейді.  Ханша қорқып кетеді. Әкесі оған:
– Мен сені «Бірінші кездескен қайыршыға күйеуге беремін» деп серт бергенмін. Сөзімде тұруым керек! – деген шешімін айтады.
Қыз қанша жалынып-жалбарынса да әкесі көнбейді. Дереу  шіркеуден  діндар  әкейді алдыртып,  қайыршы  екеуінің  некесін қидырады.
Содан соң ол қызына:

– Енді сен кедей әншінің әйелісің, менің сарайымда қалуыңа себеп жоқ. Күйеуің екеуің қайда барсаңдар да жолдарың ашық, – дейді.
Қайыршы ханшаны қолынан жетектеп, сарайдан алып шығады. Олар жаяул атып жүре-жүре, бір қалың орманға, орманнан шығып, жайқалған көк шалғынды алқапқа жетеді.   Сонда ханша:

– Қалың орман, мына көк шалғынды алқап кімдікі? – деп сұрайды.
– Әлгі Құс тұмсық патшанікі. Егер де сен оны сол кезде қумасаң, мұның бәрі тек саған тиесілі болар еді.
Қыз қатты өкінеді, бірақ тіл қатпайды. Бір уақытта алдарынан субұрқақ кездеседі.
– Мына  субұрқақтың  әдемісін-ай,  бұл кімдікі? – дейді қыз таңданып.
– Әлгі Құс тұмсық патшанікі. Егер сен оны сол кезде қумасаң, бұл да тек саған тиесілі болар еді.

Ханшайымның  өкініші үдей түседі, алайда ләммим демейді.  Екеуі жүре-жүре бір қалаға келеді.
– Мына тұрған үлкен шаһар кімдікі? – деп тағы да сұрайды қыз.
– Әлгі Құс тұмсық патшанікі. Егер де сен оны сол кезде қумасаң, бұл шаһар саған ғана тиесілі болар еді.
– Қап,  әттең-ай! – деп  күрсінеді  ханшайым.
– Не  дедің?  Мұның  маған  тіптен ұнамай  барады.  Сенің  ойың  басқа адамда  ма?  Бірақ  тағдырға  ешкімқарсы  келе  алған  емес,  –  дейді күйеуі.

Ақырында,  екеуі  бір  кішкентай  лашыққа жетеді.
– Құдайым-ау, осындай да үй бола ма? Мұнда адам тұра  ма,  әлде  мал  қора  ма? – деп  қыз  шошып  кетеді.
Күйеуі:
– Бұл  –  менің  үйім.  Бұдан  былай сенің  де  үйің.  Біз  енді  осында  бірге тұрамыз,  –  дейді.
– Бұл үйде қалай өмір сүрмекпін? – дейді ханшайым жыларман болып.
– «Үш күннен соң тозаққа да үйренесің» деген, әлі-ақ бәріне көндігіп кетесің, – деп жұбатады күйеуі.

Алайда ханша от жағуды да, тамақ істеуді де мүлдем білмейтін. Қайыршы оған тамақ әзірлеуді үйретеді. Тамақтанып болған соң, олар ұйқыға жатады. Келесі күні күйеуі таң атар-атпастан ханшаны төсектен тұрғызып алып, үй шаруасын істетеді. Осылайша, бірнеше күн өтеді. Азық қоры таусылады.  Күйеуі оған:

– Бұлай болмайды, сұлуым! Біз бар азықты жеп тауыстық. Енді ас табудың қамын жасауымыз керек. Қане, сен себет тоқуға кіріс, – дейді.
Өзі шілікке барып, жас талдың майысқақ бұтақтарын қиып алып келеді. Ханша себет тоқи бастайды. Бірақ оның мұндайды көрмеген нәзік саусақтары тілініп, қанап қалады.

– Байқаймын, себет тоқу қолыңнан келмейді екен. Мүмкін жіп иіре аларсың, сол оңай шығар, – дейді күйеуі.
Ханша  жіп  иіруге  отырады.  Алайда  жіп саусақтарын  қажап,  қанын  шығарады.  – Сенің қолыңнан түк келмейді екен. Ең болмаса, саудамен айналысып кө рейік. Мен саған құмыралар мен қыш ыдыстарды әкеліп тұрамын. Сен оларды базарға апарып сататын боласың, – дейді күйеуі.
Мұны естіген ханша: «Масқара, біздің патшалықтың адамдары менің базарда ыдыс сатып отырғанымды көрсе, күлетін болды-ау!» деп қатты уайымдайды.

Дегенмен, ханшаның жолы болып, сауда жақсы  жүреді.  Ел  сұраған  құнын төлеп,  ыдыстарды  талап  алады.
Қыздың сұлулығына қызыққандары, ақшасын бергенімен, құмыраларын тастап кетіп жатады. Сол ақшаға екеуі күндерін көреді.
Бірде ханша, күндегі әдетінше, базардың бұрышына отырып алып, құмыраларын жан-жағына тізіп қойған еді. Сәлден соң бір   салт атты мас сарбаз ыдыстарды құлатып, үстінен басып кетеді. Құмыралардың бәрі сынады. Не істерін білмей, қорқып кеткен ханша:

– Аһ, менің күнім не болады?
Күйеуім маған не дер екен? – деп жылап жібереді.
Үйіне жүгіріп келіп, күйеуіне болған жайды айтып береді.
– Қыш ыдыстармен базардың бұрышына кім отырады? – деп ұрсады күйеуі оған.
– Жарайды, жылама.


Мен саған басқа оңай жұмыстап тым. Кеше патша сарайының жанынан өтіп бара жатып,  бас  аспазшының ыдыс жуатын адам іздеп жатқанын білдім. Ертең сарайға бар, жұмыс сұра.  Ханша Құс тұмсық патшадан ұялып, барғысы келмейді. Бірақ күйеуі оны тыңдамастан, таң атысымен үйден шығарып жібереді. Амал жоқ, ханша сарайға келеді. Расында да, сарайға ыдыс жуушы адам керек екен.

Бас аспазшы қызды жұмысқа алады. Ханша ыдыс жуып қана қоймай, аспазшыларға да көмектеседі. Тіпті, кейде кез келген қара жұмысты да атқаруға тура келеді. Күндердің күнінде «Құс тұмсық патша үйленейін деп жатыр» деген хабар тарайды. Сарайда үлкен тойға дайындық жүріп жатады.

Бас аспазшы ханшаның қолына дәмге толы үлкен табақты ұстатып, дастарқан жайылып жатқан үлкен залға жібереді. Кенет табақпен бетін бүркеп бара жатқан қыз шалынысып, жерге құлап түседі. Мұны көрген сарай қызметкерлері ду күледі.

Осы кезде біреу қолынан ұстап, орнынан тұрғызады. Бұл Құс тұмсық патша еді. Ханша сонда барып, жаман лашықта өзімен бірге тұрған кедей әншінің, базарда құмыраларды сындырған мас сарбаздың Құс тұмсық патша екенін біледі.  Патша осының бәрін өр кө кірек ханшаға сабақ беру үшін ойластырыпты. Сөйтіп, Құс тұмсық патша ханшаға ресми түрде «жарым бол» деген ұсыныс жасайды. Қызметші әйелдер қызға әдемі көйлек кигізіп, үстібасын жөндейді.

Артынша сарайға қыздың әкесі келіп жетеді. Ол Құс тұмсық патша мен қызына батасын береді. Тойға жиылған жұрт екеуіне ұзақ та бақытты өмір тілейді.



Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (20.01.2013) W
Просмотров: 4144 | Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі | Рейтинг: 3.7/3



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.