Ертегі: Үш жетім (сказки на казахском языке) – Казахские сказки – Казахский...

Ертегі: Үш жетім (сказки на казахском языке) – Казахские сказки – Казахский язык

1400
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Ертегі: Үш жетім (сказки на казахском языке)

загрузка…

Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: «Сен үшеуің түгіл сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» – депті. Әрине ол уақта жетім-жесірді көрсе де көзге ілмейтін уақ қой. Осы күні бұл үшеуі жылап-жылап ауылына қайтады. Тағы бір күні үшеуі ақылдасып, алған бетімен патшаның ордасына бармақшы болып, үйінен шығып, сол бетімен ордаға келеді. Барайын десе алдындағы қарауыл рұқсат етпейді. Осы жерде бұлар тұра береді. Ол қарауылдары барып, патшаға хабар етеді. Бала деген соң «патша қандай жұмысы бар екен, әкел» дейді. Сонымен үшеуі барып отырады. Онан соң патша: «Қош, жұмыстарың не, айт», – дейді. Үшеуінің ішінде біреуі тұрып айтады:
– Ия, таласымыз бар. «Қандай талас, айт қәне?» – дейді патша. Бала біреуін қолымен көрсетіп: «Мынау бір жерге алтын қойып кетіпті. Оны мынау қойған жерден алып кетіпті. Осы алтын қойған баланікі ме, жоқ болмаса, қойған жерден алған баланікі ме, міне, осы таласымыз», – дейді. Патша: «Әрине, қойған баланікі», – дейді. Бала тұрып: «Сонда алтын қойғандікі болды ма?»
– Ия.
– Ендеше, құдай баланы осы дүниеге қойды, яғни жаратты, оны сіз алдыңыз. Бірақ ол алған сіздікі емес, қойған құдайдікі ғой. Не үшін қапа болып төсектен тұрмай жатырсыз? – деп көңіл айтыпты бұл үшеуі. Онан соң патша орнынан тұрып есін жинап, қайтадан халқын жинап алыпты дейді. Патша уәзірлерін шақырып, бұларды уәзірлердің қатарынан босатып, бұлардың орнына үш жетім баланы ақылды, білгір, зеректігі үшін уәзірлік қатарына енгізіпті. Ал енді бұлар уәзір болып тұра тұрсын. Бұрынғы ескі уәзірлеріне келейік. Бұлар үш жетімнің уәзір болғанын көре алмай елге үгіт таратып, осы жердегі тау тасты уатуға, елді бүлдіруге кірісіп, қаланың көп жайларын бұздырып осындай әрекет жасап жүрген кезде патша бір күні жорыққа бұрынғы, соңғы уәзірлерімен шықпақшы болады. Сөйтіп жорыққа шығып келе жатса бір қайырылыс жерде екі байғыз атты құсқа көзі түседі. Қараса біреуі ойда, екіншісі қырда отырған екен. Үш жетім бұрын айтады екен «біз құстың да тілін білеміз» деп. Оны ана уәзірлер біледі екен. Бұлар айтыпты, патшаға: «Осы сіздің жаңадан сайлап алған үш уәзір балаңыз айтатын еді, біз құстың да тілін білеміз деп, егер де білетін болса анау отырған байғыздың біреуі ойда, екіншісі қырда нағып отыр екен осыны сұраңызшы», – депті. Байғызбен тілдесіп біліп келу үшін біреуін жібереді. Ол атынан түсіп, атының ерін қайтадан мықтап тартып алып, қайта атына мініп артынан қуып жетеді. Аналар сұрайды: «Не үшін біреуі ойда, екіншісі қырда отыр екен?» – дейді. Бала сонда:
– Ойда отырғанның жалғыз ұлы бар екен, қырда отырғанның қызы бар екен, екеуі қалың мал сөйлесіп отыр екен. Қызы барға ұлы бар айтады екен «менің балама қызыңды бер» дейді екен. Ол «қанша мал бересің» депті. Ұлы бар: «Отыз алтын берем», – депті. Қызы бар айтыпты: «Онда саған қызымды бермеймін, себебі отыз алтын өзімде бар, одан да көбірек бер, – деп, бітісе алмай отыр екен», – деп бала осымен сөзін тамамдапты. Сонда патша тұрып: «Ә, менің адамдарым бұзылған екен ғой», – деп ойға кетіпті. Сөйтіп серуендеп болып кешкі уақытта жай-жайына тарасыпты. Кешке таман патша жаман киім киініп алып, қаласын аралап көруге шығып, қаласын қараса, қаласының тең жарымы бұзылуға тақалып қалған екен, оны көріп қайтады. Ертеңіне «қош енді, балалар, ел бүлініп, қала бұзылыпты, бар жайларыңды табыңдар» деп, үш жетімді уәзірліктен босатып қоя беріпті. Балалар сөйтіп бас қамымен жүре тұрсын. Енді қалаға келейік. Бұрынғы уәзірлерді қайта сайлап алыпты да, патша селт етпей шалқасынан жатып уәзірлеріне аты-жөні жоқ «әкел!» депті. «Егер үш күнге шейін әкелмесеңдер бастарыңды кесем», – депті.
Сонымен бұлар не әкел дегенін білмей, ақылдасып, «осы ана үш жетім балалар зерек еді, соны іздейік» депті. Сонымен бұл үшеуін екі күн өтіп, үшінші күні іздеп тауып алады. Келе бұлар балаларға сәлем береді. Ол үшеуі де сәлемін қабылдады да: «Қош, жол болсын, қайда барасыздар?» – деп сұрау сұрады. Бұлар жауап берді. «Біз сіздерді іздеп жүрміз. Себебі біз өлетін болдық, патша бізге уақыт берді. Ол мынадай, шалқасынан селт етпей, жатып алып аты-жөні жоқ «әкел!» дейді, не әкел дегенін білмей келеміз, сонымен бізге үш күн уақыт берді. Ол бүгін бітетін күні», – деді. «Дұрыс, онда қала бұзылған, соны жөндеу үшін ұста әкел дегені ғой!». Онда сол күні, сол уақытта артына кейін қарай қайтып, бірнеше ұста апарады. Сонда патша: «Е, қош, үш күннен бері ұста таба алмадыңдар ма? Неғып кешіктіңдер, айт шындарыңды! » -депті. Сонда аналар тұрып:
– Не әкел дегеніңізді білмей әлгі үш баладан сұрап білдік, – депті. «Ә, ырзасыңдар ма, зеректігіне?» – депті патша.
– Ырзамыз, сол үшеуін қойыңыз, – депті. «Иә, болмаса ертіп әкел», – деп алдырып, қайта уәзір сайлайды. Енді аз күннен соң елінде наразылық туып, «біз жетімді уәзір сайламаймыз» деген соң, елі бұзылып кететін болған соң, қайтадан үшеуін босатып қоя береді. Сонымен бұл үшеуі басар тауы жоқ, барар жері жоқ каңғырып басқа патшаның қол астына кетеді. Үшеуінің ендігі кәсібі патшаның қазынасынан алтын алып ауқат етпекші болды. Бұлардың үйі моланың тесігі болды. Түнде патшаның қазынасындағы алтынды үшеуі үш дорбалап тасып көрге әкеліп жинай беретін болды. Азанда патша қазынасын қараса, алтынның азайғанын көреді. Ертеңіне уәзірлері мен қарауылдарын қояды. Сонда да сол күні үшеуі ешкімге білдірместен тағы алтын ұрлап көрге әкелді. Ертеңіне патша қараса,тағы азайып қалған.Патша қапаланып өзі қарауыл болып тұрады,«көрейінші қандай неме ол» деп сонда да патшаға білдірмей әлгі үшеуі тағы да қазынадан алтынды ұрлап алады. Азанда қазынаны қараса, тағы жоқ біраз алтын, қапаланып патша сол күні кешке жансыз болып, жаман киімді киіп алып кешке түнімен жүреді, сүйтіп жүрсе, бір жерде бір үшеу бір нәрсе арқалаған, ырс-ырс етеді. Дереу патша артынан ере береді. Балалар жаңағы адамнан: «Қайда барасыз», – деп сұрайды. Ол адам өздерінен: «Сіздер қайда барасыз?» – дейді. Бұл үшеуі «нан талап» дейді. Әлгі адам да «мен де нан талаппын, қарағым» дейді. Әңгімелесіп көрге қарай келе жатса, бір жерде ит үріпті қоймастан, сонан соң жаңағы үшеуінің біреуі тұрып: «Ә, сіз патша ма едіңіз, ана ит маған іштеріңде патша кетіп бара жатыр деп үріп тұр ғой», – депті. Сонда ол: «Жоқ, шырағым, менен патшалық не алсын, бірақ кішкене күнімде өздерімізше ойнап жүргенімізде балалар мені патша етіп ойнаушы еді», – деп жалтартыпты. Олар осы айтқанға шыннан сеніпті. Үшеуі әлгі адаммен төртеу болып көрден соққан үйіне келеді. Өздерінше жай әңгімелесіп әлгі адам әңгімемен бұлардың әдіс-айласын білу үшін әр түрлі сөзге сала отырып, үшеуіне айтыпты:
– Ұрлық ету үшін қандай амалдарың бар? – депті. Үш баланың біреуі: «Менің амалым патшаның қазынасынан алтын ұрлағанымды ешкімге білдірмеймін де, сездірмеймін де, міне, менің айла әдісім», – депті. Екіншісі: «Менің амалым үрген иттің тілін білем!» – депті. Үшінші біреуі: «Мен бір көрген адамымды айнытпай тауып аламын, маған бәрібір жеті қараңғыда көрсем де, күндіз көрсем де танимын», – депті. Бұл үшеуі сөзін бітіріп болған соң: «Иә, сіздің қандай амал, айлаңыз бар?» – депті. Бұл адам айтыпты: «Ажалға кетіп бара жатқан адамды ажалдан құтқарамын», -деген екен. Енді бұлар сөзін тауысып төртеуі ұйқыға кетеді. Сол уақытта ана үшеуін ұйықтата салып патша қайтадан бұрынғы киімін киініп болып, дереу тез қарауылдарына барып: «Дәл көрде үш бала бар, соны барып үшеуін бірдей дарға тартып, алтынды қазынаға сал!» – депті. Дереу қарауылдар келсе, үш бала ұйықтап жатыр, қасында алтын. Алтынды алып сол түнде қазынаға салады да, азанға шейін қарауыл тұрады. Азанда үшеуі тұрса, алтын да, жанындағы адам да жоқ. Дереу үшеуі жан-жағына алақтап, сасқалақтап далаға шығайын десе, ана қарауыл әскерлер үшеуін ұстап алып, аяқ-қолын байлап дарға аспақ үшін даршыға береді. Даршы үшеуінің мойнына жіп байлап аспақшы болып жатады. Осы уақта патша бір биік жерден жаңағы үшеуін көрмекші болып тұр еді, себебі қандай әдістер жасар екен деп ойлап еді. Сол уақытта адам танығыш бала дереу даршыдан ұрықсат сұрап мойнын босаттырды да, әлгі патшаға бала тұрып:
– Е, адам, түндегі адам сен емес пе едің, өлімге ажалға кетіп бара жатқан адамды өлімнен, ажалдан құтқарам дегенің қайда, құтқар, міне, өлімге кетіп бара жатырмыз, – деді. Сонда патша даршыға босаттырып, құтқарып жіберіпті. Сөйтіп, өзіне әлгі үшеуін уәзір қылып тағы алыпты.

Сказка из сборника «Ертегі: Казахские сказки (сказки на казахском языке)»

Источник: ертегі сказки на казахском языке казахские сказки казахский язык для детей

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (29.01.2012)
W

Просмотров: 25320
| Теги: сказки на казахском языке, казахский язык для детей, казахские сказки, ертегі
| Рейтинг: 4.3/6

Похожие материалы

  • Ертегі: Ақ тышқан мен нәресте (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақылды етікші (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын балық – Золотая рыбка (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі дос (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жақсылық пен жамандық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жеті өнерпаз (сказки на казахском языке)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY