Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки

Ертегі: Шынашақ - Мальчик с пальчик

загрузка...

Шынашақ - Мальчик с пальчик



Баяғыда шал мен кемпір болыпты. Олардың балалары жоқ екен. Күндердің күнінде кемпір қырыққабат турап отырып, байқаусызда кішкене шынашақ саусағын шауып алады. Не істерін білмей, кесілген саусағын таза матаға орап, орындыққа қоя салады. Бір кезде жылаған бала дауысы естіледі. Кемпір орындықта жатқан матаны ашады. Міне, керемет, саусақтың орнында бойы бір қарыс кіп-кішкентай бала жатыр. Мұны көрген кемпір аңтарылып тұрып қалады. Артынша есін жиып:

– Сен кімсің өзі? – деп сұрайды.
– Мен сіздің балаңызбын. Саусағыңыздан пайда болдым, – дейді бала тақылдап.
Осылай ойда жоқта балалы болған кемпір оған Шынашақ деп ат қояды.
Баланың ақылы сағат санап өседі. Бірақ бойы сол бір қарыс күйінде қала береді.

– Менің әкем қайда? – деп сұрайды ол анасынан.
– Жер жыртуға кеткен.
– Ендеше мен оған барып көмектесейін.
– Жарайды, балам, бара ғой. Түскі асты да ала кет, – деп кемпір Шы на шаққа  егістікке апарар жол ды көрсетіп жібереді.

Шынашақ жер аударып жүрген әкесін тауып алады.
– Амансыз ба, әкетай! – дейді ол қуанып. Шал жан-жағына қарайды. Ешкім көрінбейді. «Тірі пенде жоқ. Сонда менімен тілдескен кім?» Тағы да мұқият қарап шығады, ешкімді бай қа майды. Ол  осылай сөйлеген адамды іздеп, әуреге түседі.

– Бұл мен, балаңыз – Шынашақ. Көмекке келдім. Апам сізге мынаны беріп жіберді, – дейді тағы да сол дауыс.
Шал аң-таң. Төмен қарайды. Бойы бір қарыс, қолында түйіншегі бар кіпкішкене баланы көріп, ол да қуанады. Жұмысын тоқтатып, тамақтануға кіріседі.

– Әкетай, сіз ас ішіп болған соң сәл тынығып алыңыз. Мен жерді жырта берейін, – дейді.
Бала аттың үстіне өрмелеп шығып, құлағына кіріп, оған бұйырып жер, жырта бастайды. Осы кезде бір сараң бай өтіп бара жатқан еді. Ол аттың адам айдауынсыз жер жыртып жүргенін байқайды.

– Мынау көз көріп, құлақ естімеген жағдай ғой, – дейді таң қалып.
Аңтарылып тұрған байды Шынашақ та байқайды. Бала шалға келіп:
– Әке, мені сатып аламын деуші болса, еш қам жемей келісе беріңіз. Көп кешікпей, үйге оралармын. Қайтар жолды өзім тауып аламын, – деп ескертеді.

Сараң бай болса, жағдайдың мән-жайын білмек болып шалдың қасына келеді.
– Бұл неткен ғажайып? – деп сұрайды шалдан.
Шал болса:
– Шынымен де көрмей тұрсыз ба? Жер жыртып жүрген менің балам ғой, – деп жауап қайырады.
– Балаңды маған сат, – дейді бай қызығып.
– Жоқ, бере алмаймын, кемпірім екеуіміздің барымыз  – осы бала.
Алайда бай «сат та сат» деп жабысып қоймайды.
– Жарайды, бір мың алтын теңгеге берейін, – дейді шал келіскен болып.
– Тым қымбат емес пе?

– Өзің көріп тұрсың. Балам шынашақтай, көп тамақ жемейді. Әрі өте пысық және жеп-жеңіл, – деп сөз табады шал.
Ақыры бай шалға сұраған ақысын беріп, Шынашақты қалтасына салып, кете барады. Ал бала жол-жөнекей байдың қалтасын тесіп, қашып кетеді.  Шынашақ байдың жүрген жолына түсіп, кері қайтады. Жүре, жүре әбден шаршайды. Жол жиегінде өсіп тұрған шөптердің арасына кіріп, ұйықтап кетеді.

Қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан Шынашақты тіміскілеп келе жатқан бір аш қасқыр көріп, қуанып кетеді.
– Әп, бәрекелді, маған керегі де осы, – деп ол баланы бүтіндей жұтып жібереді.

Бірақ қасқырдың қуанышы ұзаққа созылмады. Бала ішінде жатып оның әбден мазасын алады. Қасқырдың қарны ашып, жағдайы қиындай түседі. Бір қойшының ауласын торып, үй иесінің ұұйыыққттағанын тосады. Енді қойға шабуылдай бергенде, Шынашақ бар дауысымен:
– Қойшы, әй, қойшы! Тұр, қойыңды қасқыр әкетпекші! – деп айғайға басады.

Қойшы оянып, қасқырды таяғымен ұрады. Онымен қоса иттері қуып, қасқыр әрең дегенде қашып құтылады.
Әбден ашыққан сұр қасқыр енді Шынашаққа:
– Шырағым, сыртқа шыға қойшы, – деп өтінеді.

Бала болса:
– Алдымен мені әкем мен анама жеткіз. Сонда ғана менен құтыласың, – деп көнбейді.
Амалы таусылған бөрі шал мен кемпірдің ауылын тауып келеді. Шынашақ қасқырдың қарнынан сыртқа шығып:
– Әке, апа! Мен келдім! – деп айғай салады.

Баладан құтылған қасқыр алды-артына қарамай қаша жөнеледі.
Ал шал мен кемпірдің қуанышында шек жоқ. Шынашақтың аман-есен оралғанына мәз. Оны дастарқанға отырғызып, бар дәмділерін алдына қойып, бәйек болады.



Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (20.01.2013) W
Просмотров: 6176 | Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі | Рейтинг: 4.7/6



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.