Хайди (Йохана Спири) – Казахские сказки – Казахский язык

Хайди (Йохана Спири) – Казахские сказки – Казахский язык

1235
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Хайди (Йохана Спири)

загрузка…

Тобиас атты бала орта дәулетті шаруаның отбасында туып-өсті. Ол егістік алқабында таңертеңнен кешке дейін ерінбей жұмыс істеп, еңбексүйгіш боп ержетті. Тобиас Аделаида есімді қызды жақсы көрді. Аделаида да оны қатты ұнатты. Екеуі ұзақ дос болып, бір-бірін жақсы білгеннен кейін, отау құруды ұйғарады. Сөйтіп, бір күні шіркеуге барып, некеге тұрады. Тағдырдың қысылтаяң шағында бір-бірін ешқашан тастап кетпеуге ант беріседі. Тобиас пен Аделаида тату-тәтті өмір сүріп жатады. Арада біраз уақыт өткенде Аделаида дүниеге сүйкімді сәби әкеледі. Жас жұбайлар сәбидің есімін Хайди деп атайды.

Аделаида сәбиді мәпелеп бағады. Күн артынан күндер өтіп, Хайди бес жасқа толады. Табиғатынан еңбекқор Тобиастың жылданжылға мансабы өсіп, бірте-бірте өте жоғары жалақы төлейтін жұмысқа қолы жетеді. Көп кешікпей ол өзінің сүйікті әйеліне арнап жеңіл көлік сатып алады. Тобиас үйге су жаңа көлік айдап келгенде Аделаида қатты таңғалып:

– Тобиас, бұл кімнің көлігі? – дейді.
– Сенікі, қымбаттым, – дейді оған ері. – Екеуміздің махаббатымыздың белгісі болсын, саған сыйладым. Қалай, ұнай ма?
– Әрине, ұнайды. Бірақ сен мұндай қымбат затты қалай сатып алдың? – деп сұрайды Аделаида.
– Ұнаса болғаны. Қаржыны қалай тапқанымды кейін біле жатарсың. Кел, отыр, көлікпен серуендеп қайтайық, – дейді Тобиас.
– Кішкентай Хайди ұйықтап жатыр еді, қалай тастап кетем?
Тобиас:

– Бала бағушыға айт, қарай тұрсын, – дейді тезірек жүруге асығып. Аделаида отыруы мұң екен, көлік бірден оталады. Әдемі көлікпен қала аралау, әрине, көңілді шат-шадымен етеді. Бірақ көп кешікпей ерлі-зайыптылар көлік апатына ұшырап, күтпеген жерден қаза табады. Майнфилд – Швецияның Граубунден кантонын дағы* Ландкварт ауданында орналасқан кішігірімқала. Альпі тауының етегінде тұрғандықтан, оған туристер көптеп келетін. Бір күні Майнфилд көшелерінің бірінде қаланың төменгі бөлігінен жоғарғы жағына қарай бала жетектеп, қолына дорба ұстаған, орта жастағы бір әйел кетіп бара жатты. Әйелдің аты – Дете, ал кішкентай қыз баланың аты Хайди болатын. Қыз бала таулы жерде еркін жүруге ыңғайлы аяқ киім киген екен. Дете Хайдиді атасына ертіп әкеледі. Ауылдастарымен көңілі жараспаған Альп атай жұрттан саяқ, жападан-жалғыз өмір сүретін. Бастапқыда ол Хайдидің келгенін жақтырмайды. Бірақ сүйкімді Хайди жұмсақ мінезімен қарттың көңілін жібітіп, бір-біріне қатты бауыр басып кетеді. Хайди сол маңайда тұратын Питер атты ешкі бағушы баламен де жақсы дос болады. Сөйтіп, Хайди атасының қолында тұрақтап қалады. Альп атай мен Питер Детенің сіңлісіне үйленіп, Хайдидей баланы дүниеге әкелген Тобиасты қатты құрметтеуші еді. Хайдидің әке-шешесі жол апатынан қайтыс болғаннан кейін Дете қыз баланы енді осында алып келді. Он бір жасар Питердің де әкесі жуырда қайтыс болған еді. Питер мен Хайди бір-бірімен тез тіл табысып кетеді. Альпатай күні бойы аузынан темекісін тастамайды екен. Ол Питерге қолын ұсынғанымен, салқын амандасады.

Питер ыңғайсызданып, кетіп қалады. Хайди атасына еріп, үйге кіреді. Үйде атасының көңілі жібіп, Хайдиге қамқорлық жасай бастайды. Үйдің ішінде пішен сақтайтын шолан бар екен. Атасы шамасы келгенше ас дайындайды, Хайди дастарқан жаюға көмектеседі. Дете апай Хайдиді атасына қалдырып, ауылына қайтады. Питер Хайдиден бөлек, ешкілерімен де жақсы дос болатын. Күзгі қара суықта атасы Хайдиді үйге қалдырып кететін. Хайдимен ойнау мүмкіншілігінен айырылған Питер мұндай кезде жабырқап қалатын. Қыс түскенде Питер Хайди мен Альп атайдың үйіне арнайы келіп, мектепте оқып жүргенін айтады. Хайди одан мектеп өмірі жайлы көп сұрайд ы. Бәрі бірге отырып түск і тамақ ішкеннен ке йін Питер оларды үйіне қонаққа шақырады. Хайди Питердің шақыруына қатты қуанып, жолға шығатын сәтті тағатсыздана күтеді. Бірақ атасы немқұрайлық танытып, қонаққа баруға асықпайды. Хайди күн сайын атасының құлағына тыныштық бермей, «қашан барамыздың» астына алады. Ақырында Альп атай келісімін беріп, Хайдиді Питердің үйіне ертіп келеді. Хайди ішке кіріп, Питердің анасы және әжесімен сәлемде седі. Әжей Хайдиге өзінің зағиптығын және тұрмыстарының өте жүдеу екендігін айтады. Хайди үйіне қайтқанда атасынан Питердің әжесінің үйін жөндеп беруін өтінеді. Бірақ оған атасы келіскен ыңғай танытпайды. Хайди әжейдің жұпыны үйі жайлы күнде-күнде айта беріп, ақыры атасын үйді жөндеп беруге көндіреді. Бұл кезде Хайди жеті жасқа толып, атасымен таулы өлкеде тұруға әбден үйреніп алған болатын. Бір күні олардың үйіне пастор* келіп, Альп атайға Хайдиді мектепке беру керек екенін ескертеді. Атасы ол ескертуді орындамайды. Одан кейін Дете апай келіп «Хайдиді Франкфуртте тұратын бір үйге жіберейік, олардың Хайди қатарлас балалары бар екен» дейді. Мистер Сесеманның Клара атты он екі жасар қызы сал ауруына шалдығып, арбаға таңылып қалған екен. Альпатай бұл шақыруды да дұрыс көрмейді. Дете апай атайдың қарсылығына қарамай, Хайдиді Франкфуртке күштеп алып кетеді. Жаңа үйде Хайдиге мисс Роттенмейер деген үй күтуші ұнамайды. Мисс Роттенмейер Хайдиді толық атымен атап, тырнақ астынан кір іздеп, қайта-қайта ұрса береді. Бірақ Себастьян және Тинетта деген күтушілер Хайдиге жылы қарайды. Атасының таулы өл кедегі үйінде емін-еркін өскен Хайдиге мистер Сесеманның үйінде гі қытымыр тәртіпке бағ ыну қиындау тиеді. Мисс Роттенмейер Хайдидің ерк індігін шектеп, неше түрлі ереже ойлап шығ арады. Бір күні Хайди шіркеудің мұнарасына шығып, төңіректі түгел шолғысы келеді. Бірақ қайда қараса да қаланың қызыл шатырлы сұр ғимараттарынан өзге ештеңе көре алмайды. Шіркеудің қасында жабырқау көңіл-күйде тұрған Хайдиді бір кісі байқап, оған екі мысық сыйлайды. Хайди үйге алып келгенде мысықтар Хайдидің дорбасынан секіріп түсіп, тымтырақай қашады. Мысықтарды мисс Роттенмейер көріп қояды. Себастьян деген күтуші Хайдиге мысықтарды ұстап беріп, жасырып қоюға көмектеседі. Мисс Роттенмейер келесі күні тағы бір тосын жағдайдың куәсі болады. Ол тамбурин аспабының дауы сын естіп, үйді түгел тінтіп шығады. Там буринде ойнап тұрған қайыршы бала екен. Бір күні Себастьян Клараға себет әкеп береді. Клара себетті аша бергенде ішінен бірнеше мысық ытып шығып, бөлме мысыққа толып кетеді. Мисс Роттенмейер шыңғырып, үйді басына көтереді. Осы «тәртіпсіздігі» үшін ол Хайдиді егеуқұйрықтар мен жарғанаттарға толы жертөлеге қамап қояды. Бірақ жанжалға Клара араласып, Хайдиді жертөледен тез шығарып алады.
Бірнеше күннен кейін мистер Сесеман сапардан оралғанда, мисс Роттенмейер оған жүгіріп барып, Хейдидің үстінен шағым айтады.

Үй күтушінің түймедейді түйедей ететінін жақсы білетін мистер Сесеман Хайдиді жазаға тартпайды. Мистер Сесеман тағы іссапарға кеткенде ол үйге Клараның әжесі қонаққа келеді. Ол кісі Хайдиге жазу мен оқуды үйретеді. Бір күні Себастьян баспалдақтан біреудің ағараңдаған бұлдыр елесін көреді. Ол бұл жайт туралы мисс Роттенмейерге айтады. Үй күтуші мистер Сесеманға хат жазып, жедел қайтуын сұрайды. Бастапқыда мистер Сесеман үй күтушісінің айтқанына сенбейді. Бірақ үй күтуші екінші рет хат жазып, әлгі жайттың Клараның денсаулығына зияны тиіп кете ме деп қауіптенетінін айтқанда қожайын іссапардан бірден қайтып оралып, істің мән-жайын анықтай бастайды. Бәрін тергеп, тексергеннен кейін үй күтушілерінің «аруақ, елес» деп жүргені – түнде ұйқысырап, орнынан тұ рып кететін Хайди екеніне көзі жетеді. Көп кешікпей Клара Хайдидің үйін сағынып жүргенін сезеді. Ол әкесінің рұқсатымен құрбысының шамаданын сыйлықтарға толтырып дайындайды. Клара құрбысына жылы көрпешелер, әдемі көйлектер, беторамалдар, кесте тігуге арналған түрлі-түсті жібек жіптер сыйлайды. Себастьян оған мистер Сесеманның атынан қалың конверт беріп, Дорфилге дейін шығарып салады. Дорфилде Хайди Себастьянмен хош айтысып, Питердің әжесінің лашығына соғады. Ол үйде бір-екі күн аялдап, әжеймен әбден шер тарқатып әңгімелеседі. Сосын таулы өлкеде тұратын алыстағы атасының үйіне жол тартады. Есіктің алдындағы сәкіде отырған атасын Хайди алыстан көреді. Атасымен амандық-саулық сұрасқаннан кейін бастан кешкен хикаяларын түгел айтып береді. Сосын атасына мистер Сесеман берген қалың конвертті ұсынады. Келесі күні атасы Хайдиді шіркеуге алып барады. Жиналған жамағат Альп қарттың шіркеуге келгеніне қатты таңданыс білдіреді. Бір күні Клара тау етегінде гүл теріп жүр генде бұл ауылға келе жатқан бөтен бір топ адамды көреді. Олардың ішінде арбаға таңылған Клара мен оның әжесін анадайдан таниды. Хайди жүгіріп барып ескі достарымен қауышады. Сосын атасына Клараның әжесімен бірге қонаққа келгенін айтады. Бір күні Клара тау етегінде гүл теріп жүр генде бұл ауылға келе жатқан бөтен бір топ адамды көреді. Олардың ішінде арбаға таңылған Клара мен оның әжесін анад айдан таниды. Хайди жүгіріп барып ескі дос тарымен қауышады. Сосын атасына Кла раның әжесімен бірге қонаққа келге нін айтады. Бір күні Питер оларға хат әкеп берді. Ол хат Клараның әжесінен еді. Әжей балалардың жазған хатын алғанын, көп кешікпей Хайдидің үйіне қонаққа келетінін айтыпты. Хатты оқып болған соң балалар әжейдің келуіне дайындала бастады. Бір күні Альп атайдың үйіне әжей де келді. Әжей отырған ақбоз атты бір атқосшы жетектеп алыпты. Оның артында ауыр сандық көтерген бір кісі келе жатты. Клараның жүзі бал-бұл жанып, шат-шадымен болып жүргенін көрген әжей қатты таңданды.

Альп атайдың үйіне мистер Сесеман да келуді жоспарлады. Ол Хайди мен Клараға тосын сый жасамақ болды. Сөйтіп, бір күні ол да таулы өлкеге аттанды. Бірақ оның өзі тосын сыйға тап болды: Клара өз аяғымен жүретін болыпты! Мистер Сесеман қызының сал ауруынан айығып, өз аяғымен жүріп кетуіне ықпал еткен Альп атай мен Хайдиге мың алғы сын жаудырып, үлкен ризашылығын білдірді. Осынша бақытқа жүректері жарыла қуанған Сесемандар әулеті Франкфуртке қайтты. Олар Хайдидің қайырымдылығы мен қамқорлығын әрдайым тебірене еске алып отыратын.

Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (30.12.2013)
W

Просмотров: 4348
| Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі
| Рейтинг: 3.0/2

Похожие материалы

  • Ертегі: Пиноккио (Итальянская сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Алиса в стране чудес – Алиса ғажайыптар елінде (Льюис Кэролл, сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Ары мен Құбыжық – Красавица и Чудовище
  • Ертегі: Бақа Ханшайым – Принцесса-Лягушка
  • Ертегі: Мыстан Кемпір – Баба-Яга
  • Ертегі: Сиқырланған ханша – Заколдованная королевна
  • Ертегі: Оттық – Огниво
  • Ертегі: Ер-Төстик (на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын айдарлы әтеш пен диірмен
  • Ертегі: Бұлбұл

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY