Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки

Құ түлкі мен қасқыр - Хитрая лиса и волк (Русская народная сказка на казахском языке)

загрузка...


Ертеде шал мен кемпір болыпты. Балалары жоқ, екеуі ғана өмір сүріпті.

Бір күні шал:

– Кемпір, бүгін бәліш пісір, ал мен біраз балық аулап келейін, – деп киіне бастайды.

Сыртқа шығып, шананы атқа ерттеп, балық аулауға кетеді. Түс қайта аулаған балықтарын шанаға тиеп, үйіне қайтады. Жолда өтірік өліп жатқан қу түлкіні көреді. Қуанып кеткен шал:

– Міне, олжа! Кемпіріме апарып берейін, тонына жаға болар, – деп ойлайды.

Жерге түсіп, түлкіні балық толы шанаға көтеріп жатқызып, өзі атын жетектеп, үйіне қарай аяңдайды.

Ал бұл кезде түлкі уақытын босқа жоғалтпай, балықтарды біртіндеп, жол-жөнекей шанадан тастап отырады. Қулықпен тапқан олжасын түгел лақтырып болған соң, өзі де түсіп қалады.

Үйіне жеткен шал:

– Кемпір-ау, бері келші. Саған әкелген сыйлығым бар, – дейді.

– Қане, ол қандай сыйлық? – деп сұрайды кемпір.

– Әне, үйілген балықтардың үстінде тоныңа әдемі жаға жатыр.

Бос шананы көрген кемпір ашуланып:

– Қу шал, мені алдамақшы болдың ба? – деп шалдың жер-жебіріне жетіп, айқайға басады.

Балықтың да, түлкінің де жоқ екенін көрген шал алданғанын біледі. Өкініштен санын ұрғылып қалады.

Бұл кезде қу түлкі балықтарды бір жерге жинап, рахаттанып жеп отырған. Оны аш қасқыр көріп, қасына келеді.

– Амансың ба, түлкіжан!

– Аман, аман, қасқыр аға.

– Балығыңнан маған да берсеңші.

– Жоқ, бере алмаймын. Өзің аула да, жей бер!

– Мен аулауды білмеймін.

– Оның еш қиындығы жоқ. Өзеннің ортасына барып, мұзды ойып ал. Сол жерге құйрығыңды сал да: «Қармаққа ілінші, үлкені мен кішісі» десең болды, балықтар өздігінен құйрығыңа жармасады. Міне, осылай құйрығыңды балықтармен бірге суырып аласың. Тек ол үшін ұзақ отыру керек, – дей-ді түлкі қуланып.

Аңқау қасқыр түлкінің айтқанын екі етпей орындайды. Өзенге барып, мұзды ояды. Құйрығын суға салып:

– Қармаққа ілінші, үлкені, кішісі,Қармаққа ілінші, үлкені, кішісі, – деп қайта-қайта қайталап отыра береді.

Қасқырдың соңынан өзенге түлкі де жетеді. Сыртынан бақылап отырған ол:

– Отыр, отыр, құйрығың Мұз боп қатсын, бұйрығым! – дейді.

Түлкінің сөзін шала естіген қасқыр:

– Түлкіжан, бірдеңе дедің бе? – деп сұрайды.

– Жо-жоқ. Мен жәй саған көмектесіп жатырмын да, – дейді де, қайтадан:

– Отыр, отыр, құйрығың Мұз боп қатсын, бұйрығым! – дейді түлкі қулана күліп.

Осылайша қасқыр түні бойы тапжылмай, балық аулап отыра береді. Судағы құйрығы қатып, ауырлаған сайын «балықтар екен» деп ойлайды. Не де болса шыдап, құйрығын мол балықпен шығармақшы.

Таң бозарып ата бастаған кезде қасқыр олжасын суырып алып, үйіне қайтпақшы еді. Бірақ әбден мұз боп қатқан құйрығы судан шықпайды. Ары-бері тартқылап көреді. «Ұзақ отырғаным дұрыс болды. Жақсылап бір тоярмын» дейді өзін жұбатып. Бұл кезде  өзенге су алуға  келген  қыз-келіншектер  оны  көріп:

– Қасқыр, ұры қасқыр! Ұстаңдар оны, ұрыңдар! – деп айқайға басады.

Қолдарына түскен заттарымен қасқырды соққылай бастайды. Тоқпақтың астында қалған қасқыр ары жұлқынып, бері жұлқынып, ақырында құйрығы жұлынып мұзда қалады. Өзі алды-артына қарамай безеді. Қашып келе жатып:

«Қап, бәлем, түлкі! Қолыма түссең оңдырмаймын!» деп ойлайды.

Ал қу түлкі уақытын босқа өткізген жоқ. Айқай-шуды пайдаланып, ауылдағы бір үйге ұрлыққа түседі. Қорасына кіріп, тапқан тамақты жеп, тұмсығын ұнға малып шығады. Содан соң қулығын асырмақ болып тағы да өтірік өлгенсіп, жолға жата кетеді. Оны тілі салақтап, шаршап келе жатқан қасқыр көреді де:

– Ал, түлкім, иманыңды үйіре бер! – дейді ашу ша қырып. – Балық аулауды үй реткенің осы ма? Мені соқ қыға жықтырдың!

Түлкі болса:

– Сабыр, сабыр, қасқыр аға. Сенен қан ақса, менің миымды шашты, қарасаңшы? – деп, ұн жағылған тұмсығын көрсетіп мүләйімсиді.

– Саған менен де қиын болған екен ғой, – дейді қасқыр тағы да алданып. – Кел, арқама мін, үйіңе жеткізіп салайын.

Айласын асырған қу түлкі қасқырдың үстінде отырып:

– Соғылған соғылмағ анды арқалап келеді, – деп өлең айтады.

– Не деп келесің, түлкіжан? – дейді қасқыр.

– Мен, аға, соғылған соғылмағанды арқалап келеді деймін де.

– Солай де, түлкіжан, солай де, – деп түлкіні арқалаған  аңқау  қасқыр кете барады.



Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (30.12.2013) W
Просмотров: 13845 | Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі | Рейтинг: 4.6/5



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.