Волшебник из Страны Оз — Өз елінің сиқыршысы (Адаптированная сказка Лаймена Фрэнка...

Волшебник из Страны Оз — Өз елінің сиқыршысы (Адаптированная сказка Лаймена Фрэнка Баума)

1838
0

Волшебник из Страны Оз - Өз елінің сиқыршысы (Адаптированная сказка Лаймена Фрэнка Баума)
Баяғы өткен заманда Американың бір түкпіріндегі жалғыз үйде Дороти атты әдемі қыз апасымен бірге өмір сүріпті. Апасы таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыс істеп, үй көрмей ді екен. Ал немересі үйде жалғыз қалады. Сол себепті Дороти өзін бақытсыз сезінетін. Ол – адамдармен сөйлесуді, араласуды жақсы көретін кішіпейіл, мейірімді қыз. Оның бар қуанышы – Тото атты кішкентай қара күшігі еді. Дороти уақытын сол күшігімен ойнап өткізетін, сол кезде ғана өзін бақытты сезінетін. Күндердің бір күнінде апасы әдеттегідей жұмыста болатын. Бір кезде дала кенеттен түнеріп, қатты алайдүлей жел тұрады. Дороти күшігімен үйде ойнап отырған еді. Кішкентай қыз табан астында не болып кеткенін білмей сасады. Сүйікті күшігі – Тотоны бауырына басып, терезеден далаға қарайды. Оған бүкіл үй дірілдеп, ақырын қозғала бастағандай болады. Доротиді «Сүйікті күшігімді жоғалтып аламын ба?» деген қорқыныш билейді. Доротидің өте қатты шайқалып, астаң-кестең болған үйді көргенде зәре-құты қалмады. Жел үдей соққан сайын үй де шайқала берді. Бір кезде дауыл үйді аспанға тік көтеріп, ұшырып ала жөнелді. Дороти өз көзіне өзі сенер емес. Ал үй болса, асп анд а қалықтап ұшып барып, жеміс-жидектерге толы бақтың ішіне келіп қонады. Дороти ақырын барып үйдің есі гін ашып қалып еді, сан алуан гүлдер мен құстарға толы, иісі аңқыған, көздің жауын алатын жеміс-жидекті ағаштарды көреді. Айналасына қарап таң-тамаша болып тұрған Дороти «Манчкин жеріне қош келдің!» деген дауысты ес тиді. Тамаша дауыстың иесін іздеген қыз өзіне қарай бір сұлу әйелдің жақындап келе жатқанын көреді. Ол бұл әйелдің кім екенін және өзін неге қарсы алып тұрғанын біле алмай дал болады. Дороти әйелден:
– Сіз кімсіз? Мен қазір қайдамын, бұл жерге қалай тап болдым? – деп сұрайды.

Сонда әйел:
– Сүйіктім, мен Солтүстіктің мейірімді сиқыршысымын. Қазір сен Манчкин жеріндесің. Мұнда сені жел айдап әкелді. Қуанышқа орай, сенің үйің Манчкиннің Оңтүстігінде тұратын зұлым сиқыршының дәл үстіне құлап, ол о дүниеге аттанды. Манчкин халқы оны жек көретін, сондықтан саған өз ризашылықтарын білдіруде, – дейді. Дороти үйіне қайтқысы келген еді, мейірімді сиқыршы оған үйіне қайтпас бұрын, Меруерт қаласында тұратын Оз елінің атақты сиқыршысына көмектесуі қажет тігін айтады. Кішкентай қыз Оз елі мен Меруерт қаласының қайда орналасқаны туралы бейхабар болатын.

Солтүстіктің мейірімді сиқыршысы:
– Қорықпа, мен саған көмектесе мін, – деп, Доротиге сиқырлы аяқ киім сыйлайды. Сонымен бірге, сиқыршы оған жолда кезігетін жамандықтардан қорғаныш болсын деп бетінен сүйеді де, қоштасып, қалып қояды. Дороти Тотомен бірге жолға шығады. Олар ұзақ жүреді. Шаршаған қыз демалатын жер іздейді. Үлкен-үлкен егістік алқаптарына жетіп, сол маңдағы бір тасқа демалу үшін отыра кетеді. Сол кезде Доротидің жанына егін күзетшісі келіп, өзінің ойлау қабілетінің нашарлығын және қызды көптен күтіп жүргенін айтады.

– Мен сиқыршыға бара жатырмын. Бізбен бірге жүр, – дейді Дороти оған.
Осылайша Дороти, Тото және егін күзетшісі үшеуі Оз елінің сиқыршысын іздеп жолға шығады. Бір жерге жеткенде олар сықырлаған бір дыбысты естиді. Дыбыс шыққан жаққа бұрылса, сықырлап келе жатқан Қалайы адам екен. Оның денесінің тоттанып кеткені сонша, өздігінен қозғала да алмайтын көрінеді. Қалайы адам Доротиге денесін қозғалту үшін маймен сүртуін өтінеді. Дороти Қалайы адамның денесін үйден алып шыққан маймен сүртіп бе реді. Қалпына келген Қалайы адам Доротиге алғысын жаудырады. Ол Дороти мен оның серіктерінің қайда бара жатқанын естіп:

– Мен темірден жаралғанмен, жүрегім жоқ, жүрегімнің болғанын қалай мын, – деп өз мұңын айтады. Осылай бәрінің армандары тоғысып, тілектері орайласқанына қуанып, достар жолдарын жалғастырады. Жолаушылар жүре-жүре бір орманға келіп кіреді. Онда олар арыстанды жолықтырады. Арыс тан егін күзетшісі мен Қалайы адамнан қорқып, ағаштың тасасына барып тығылады. Біраздан кейін жанына жақындаған Тотоғатап береді. Дороти арыстанның тұмсығынан періп жіберіп, «қорқақ» деп айқайлайды. Арыстан басын салбыратып, Доротиге аянышты түрмен қарайды. Ол шынымен деқорқақ екендігін мойындап, батылдық, өжеттіктің жетпей тұрғанын айтыпшағымданады. Дороти арыстанды аяп, оған көмектеспек болады. Сөйтіп, Оз елінің сиқыр шысына барлығы бірге жол тартады.

Ұзақ жол жүріп, ақырында Дороти мен оның жолдастары Оз елінің сиқыршысы тұратын Меруерт қалаға да жетеді. Бас қақпаның күзетші лері жолаушылардың сиқыршыны көргілері келетінін естіп, ішке кіргізеді. Сар айдың көз тұндырар әсемдігі келген қонақтарды өзгеше сезімге бөлейді. Деген мен, қызға: «Оз елінің сиқыршысы жауыз адам болып қалуы да ғажап емес» деген ой келеді. Ары қарай жүруге жүрексініп қалған Дороти достары на өз ойын айтады. Бұлай тұра бергеннен ештеңе шықпас ын түсінген олар батылданып ішке кіреді.

Үлкен дәлізбен жүріп отырып, Оз елінің сиқыршысы отырған бөлмеден бір-ақ шығады. Сиқыршының түрі сұсты екен. Дороти оған өздерінің не мақсатпен келгендерін түсіндіреді. Сиқыршы оларға:
– Егер сендер менің шартымды орындасаңдар, төртеуіңе де көмектесемін, – дейді. Оз елі сиқыршысының шарты бойынша, бұлар Батыстың зұлым сиқыршысын іздеп тауып, оны өлтірулері керек екен. Дороти мен достары бұл шартты орындауға уәде береді. Сиқыршының сарайында біраз тынығып алып, олар жолға шығады. Бірақ достар Батыстың зұлым сиқыршысын қалай табатындары туралы ойланбапты. Ал, өз елінде жатқан Батыстың зұлым сиқыршысы олардың келе жатқанын біледі де, қорғаныс қамына кіріседі. Оларды өлтіруге бір топ қасқырды қарсы жібереді. Дороти мен оның достары қасқырлардан зәре-құты қалмай қорқып, қаша жөнеледі, тек Қалайы адам ғана оларға қарсы шығып, үлкен батылдық көрсетеді. Сөйтіп, олар қасқырлардан аман-есен құтылады. Зұлым сиқыршы бұл сәтсіздікке қатты ашуланады. Енді оларға қарсы маймылдарды аттандырады. Дороти мен оның достары маймылдардан да қатты қорқады. Төніп тұрған қауіпке қарамастан, Қалайы адам мен егін күзетшісі қарсы шабуылға шығады. Ақырында маймылдар олардан әзер қашып құтылады, бірақ Қалайы мен егін күзетшісі ауыр жарақат алады. Ал Дороти, күшігі және арыстан дін-аман болады. Дегенмен, олар жолға қайта шығады. Кішкентай Дороти мен оның достары жолда зұлым сиқыршының жіберген қарға лары мен араларының үлкен тобына кезігеді. Жар ақаттарының ауыр екеніне қарамай, Қалайы адам мен егін күзетшісі қарсы шығып, жеңіске жетеді. Көп қиындықтарды жеңіп, олар зұлым сиқыршы тұратын жерге келеді-ау, әйтеуір. Оларды көріп, амалы таусылған сиқыршының салы суға кетеді. Дегенмен, ол:

– Сендер ақыры маған келген екенсіңдер, бұдан кейін менің құлым боласыңдар! – деп ашуланады.
Осы кезде зұлым сиқыршы Доротидің аяғындағы мейірімді сиқыршы сыйлаған аяқ киімді байқап қалып, күштеп тартып алмақшы болады. Сол мезетте-ақ аяқ киім өзгеріп сала береді. Ол Дороти мен оның достарына қорған болады. Ал шашыра ған оттан кішкентай қызды мейірімді сиқыр шы ның қорғаныш ретінде бетінен сүйгені құтқарып қалады. Алайда жолдан әбден шаршап келген Дороти мен достарының зұлым сиқыршымен қарсыласуға шамалары келмей, айтқан бұйрығына көнуден басқа амалдары қалмайды. Күн артынан күн өтеді. Дороти мен достары ертелі-кеш бір тынбай жұмыс жасайды. Олардың кішкене отырып тынығуларына да уақыт болмайды.

Бірде достар сиқыршының үйде жоқтығын пайдаланып, оның көзін қалай құрту керектігі туралы ақылдасады. Бірақ еш амалын таппайды.Үйдің ішін тазалау Доротиге жүктелген еді. Сиқыршының судан алыстау жүретінін байқаған қыз, бір күні ол ұрсып сөйлегенде ызаланып, бетіне бір шелек суды шашып жібереді. Сол кезде зұлым сиқыршы мұз сияқты біртіндеп, аяғынан бастап ери бастайды. Сиқыршы ери-ери, мойны мен басы қалады. Дороти зұлым сиқыршының ерекше күші бар бас киімі туралы хабардар еді. Сондықтан ол сиқыршы толық еріп кетпей тұрғанда, оның сиқырлы бас киімін алып қалуға асығады. Доро и басындағы бас киімді ұстап үлгереді, сиқыршы толығымен шалшық суға айналып кетеді. Осылай кішкентай қыз зұлым сиқыршының көзін жояды. Дороти бұл жаңалықты достарына айтады. Мұндай тамаша хабарды естіген достары зұлым сиқыршыдан құтылғанд рына қатты қуанады. Енді олар Оз еліне қайтуға дайындалады. Дороти өзімен бірге сиқырлы бас киімнің көмегімен маймылдарды әкетеді. Достар жүрежүре Оз еліне жетеді. Оларды Оз елінің сиқыршысы қарсы алады. Бірақ бұл жолы ол кәдімгі қарапайым қарт адам кейпінде отыр екен. Мұны көріп, достар таң қалысады. Сиқыршы Дороти мен достарына дән риза болып, Қалайы адамға мейірімді, таза жүрек сыйлайды. Қалайы адамның қуанышы қойнына сыймай, сиқыршыға да, Доротиге де өзінің алғысын жаудырады. Сиқыршы егін күзетшісіне ойлау қабілетін тарту етеді. Күзетші бұл сыйлыққа шын жүректен қуанып, сиқыршыға өз ризашылығын білдіреді. Шаттана билеп, қуанышын достарымен бөліседі.

Арыстан өз кезегін үлкен сабырлылықпен күтеді. Сиқыршы оған батылдандыратын бір шыны дәрі береді. Арыстан бұл дәріні қорқақорқа әзер алады. Оны ішіп жібергені сол еді, бойында керемет бір күштің пайда болғанын байқайды. Сөйтіп, ол да сиқыршыға шын жүректен алғысын айтады. Кезек Доротиге келеді. Сиқыршы оған зұлым сиқыршыдан алған бас киімінің мейірімді сиқыршыға жетуге көмектесетінін, ал ол өз кезегінде үйіне жетуге жол көрсететінін түсіндіреді. Дороти сиқырлы бас киімнің күшімен ұстап отырған үш маймылды шақырып, оларға өзін ейірімді сиқыршыға жеткізулерін бұйырады. Көзді ашып-жұмғанша төртеуі де мейірімді сиқыршының үйіне жетеді. Сиқыршы кішкентай қызбен қайта қауышқанына қатты қуанады. Маймылдарды өз еліне қайтарады. Мейірімді сиқыршы Доротиге сиқырлы аяқ киім оны үйіне дейін жеткізетінін айтады. Осылайша кішкентай қыз бәрімен қоштасып, үйіне қарай жол тартады. Доротиді үйінде апасы күтіп отыр екен. Қыз жел көтеріп кеткен үйдің қалайша өз орнында тұрғанына таң қалады. Ол үйге кіре сала апасының мойнына асыла кетеді. Апасы да оны көргеніне шаттанып, қатты қуанады. Дороти болған жайттың бәрін апасына жайып салады. Ол тамаша Манчкин жері туралы, Меруерт қала, мейірімді сиқыршы, Оз елінің сиқыршысы мен зұлым сиқыршы туралы болған оқиғаның барлығын баяндайды. Өзінің қандай достар тапқанын да айтады. Сиқырлы аяқ киім, сиқырлы бас киім, маймылдар жөнінде әңгімелеп береді. Сиқыршының «Қорғаныш болады» деп бетінен сүйгендігін де жасырмайды. Апасы немересінің әңгімесіне сенбесе де, Доротидің үйге аманесен оралғанына қатты қуанады.

Источник: Ертегі, сказка на казахском языке, қазақша ертегісі

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (30.12.2013)
W

Просмотров: 4502
| Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі
| Рейтинг: 3.5/4

 

 

Похожие материалы

  • Ертегі: Пиноккио (Итальянская сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Алиса в стране чудес — Алиса ғажайыптар елінде (Льюис Кэролл, сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Ары мен Құбыжық — Красавица и Чудовище
  • Ертегі: Бақа Ханшайым – Принцесса-Лягушка
  • Ертегі: Мыстан Кемпір – Баба-Яга
  • Ертегі: Сиқырланған ханша – Заколдованная королевна
  • Ертегі: Оттық – Огниво
  • Ертегі: Ер-Төстик (на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын айдарлы әтеш пен диірмен
  • Ертегі: Бұлбұл

 

 

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ