Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Үй туралы (О доме) — Казахские...

Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Үй туралы (О доме) — Казахские пословицы — Казахский язык

1543
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские пословицы


Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Үй туралы (О доме)

загрузка…

Пословицы на казахском языке (Мақал-мәтелдер) о доме

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Түздегі май ішеді,

Үйдегі зәр ішеді.

Түтін шыққан үй жылы,

Төскейлей шыққан күн жылы.

Үй баласымен базарлы,

қонағымен ажарлы.

Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек.

Үй болған соң шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.



Үйге келгенде үйдей өкпенді айтпа.



Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.



Үйге ұт кірді —егіншінің көкейіне құт кірді.

«Үйде — атан, түзде — бурамын».

Үйде бір күн ұрыс болса, қырық күндік ырыс кетеді.

Үйдегі есепті базардағы нарық бұзар.

Үйдегі нарық көшеге тура келмейді.

Үйде кісісі көп болса, далада кісі тимейді.

Үйден ұзап шыкпасаң қатынға қадірің болмайды.

Ауылдан ұзап шықпасаң жақынға қадірің болмайды.

Үйде оңбаған түзде де оңбайды.

Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмайды.

Үйде шешен ,дауға жоқ,

Үйде батыр, жауға жоқ.

Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады.

Үйдің басын қатын қосар,

Елдің басын батыр қосар.

Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,

Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің.

Үйдің көркі — сандық.

Үй иесі мейірлі отырса, қонақ көңілді отырады.

«Үйлері қоңыр екен» деп

көп ауылдан кетпеңіз.

«Үй менікі» демеңіз үй артында кісі бар.

Үй ортасына шала тастама,

Сөз ортасына жала тастама.

Үй үйге сыймағанмен, ел елге сияды.

«Үйі әппақ екен» деп оңаша үйге түспеңіз.

Үйі бірдің күйі бір.

Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді.

Үйі жыртық тамшы жейді,

Жалқау тантық қамшы жейді.

Үйіңде асы жоқтың көңілінің хошы жоқ.

Үйіңде асы жоқтың түзде досы жок,

Үйінде озған түбінде озар.

Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы
бар.

Үйінен қырық қадам шыққан адам — мүсәпір.

Үйінде екі сиырың болса — айран,

екі қатының болса —
ойран.

Үйінде қартың болса — асыл қазынаң.

Үйіңе қонақ келсін,

алыстан сұрап
келсін.

Үйің жаман болса, күйің жаман.

Үйің үй-ақ екен,

ішінде ойнайтын баласы болса.

Үй ішінен жау шықса,

тұра қашып құтыла алмассың.

Үй іші толған жан — бір-біріне мейман.

Үлкен үйге не керек, кіші үйге де сол керек.

Үлкен үйдегі күлсе,

кіші үйдегі езу тартады.

Үлкен үй ортақ,

Кішкене үй бұлтақ.

Источник: мақал-мәтелдер макал мателдер пословицы на казахском языке казахские

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские пословицы | Добавил: admin (14.02.2012)
W

Просмотров: 43895
| Теги: макал мателдер, мақал-мәтелдер, казахские, пословицы на казахском языке
| Рейтинг: 4.6/7

Похожие материалы

  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Аңшылық, саятшылық туралы (Об охоте)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Ата-ана, ұл мен қыз туралы (О родителях, сыне и дочери)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Жақсылық пен жамандық туралы (О хорошем и плохом)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Жан-жануарлар туралы (о животном мире)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Жол, Жолдас, Жолаушы туралы (о дороге, путнике)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Тіл өнері туралы (о языке)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Той-думан туралы (о пиршестве)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Уақыт, дәуір туралы (О времени, эпохе)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Ынтымақ, бірлік туралы (О согласии, единстве)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Аға туралы (О старшем брате)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ