Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Жақсылық пен жамандық туралы (О хорошем...

Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Жақсылық пен жамандық туралы (О хорошем и плохом)

113
0

Пословицы на казахском языке (Мақал-мәтелдер) о хорошем и плохом
Мақал-мәтелдер
Таудың басын көр де,
Түбіне барма;
Жақсының өзін көр де,
Үйіне барма.

Ақ сауыттың жағасы бар,
Жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар,
Кегі жоқ.

Жақсыда кек жоқ.

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.

Жақсының жаны – жаннат.

Жақсы адам жолдасынан танылғы.

Жақсымын деп мақтанба,
Халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба,
Жеңіп қайтпай.

Жақсы – ай мен күндей –
Әлемге бірдей.

Күн ортақ,
Ай ортақ
Жақсы ортақ.

Жақсы кісі қартайса да,
Ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да,
Жүрісінен танбас.

Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне.

Жақсыны көрмек үшін.

Сыпайыны үйде көрме,
Түзде көр.

Асыл әйел –
Әрі еркек, әрі қатын.

Жақсы лепес –
Жарым ырыс.

Жақсының аты өлмейді,
Ақынның хаты өлмейді.

Жақсыны жатқа санама,
Аласаны атқа санама.

Жақсы адамда жаттық жоқ,
Тәуекелдің көңілі жоқ.

Аққу құстың төресі,
Жалғыз жатып оттамас
Қас жақсының белгісі
Қара сөзді жақтамас.

Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.

Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.

Атадан — өсиет,
Анадан — қасиет.

Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.

Достың ескісі,
Тонның жаңасы жақсы.

Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген баланың
Бетін қақпа, белін бу.

Жақсы жанның
Майлығы мен сулығы бірдей.

Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.

Жақсыға барсаң —
Жазылып қайтарсың.
Бақсыға барсаң —
Қағынып қайтарсың.

Жақсыны көрмек үшін,
Сұлуды сүймек үшін.

Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам құлағынан қалады.

Бітер істің басына —
Жақсы келер қасына

Алтын белдік — бел сәні,
Асы жігіт — ел сәні.

Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.

Асылдың сынығы —
Айдынның тұнығы.

Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.

Жоқтыққа жүйрік жетпейді.

Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.
Жақсы іске жан сүйінер.

Жақсының жаттығы жоқ.

Жақсыжастаншығады,
Темір тастан шығады.

Жігіт жақсысын —
Сұлтан дейді,
Ит жақсысын —
Сырттан дейді.

Жақсы — елдің мақтаны,
Жұпар гүл — жердіңмақтаны.

Жақсы кісі өлмесін,
Жамандықты көрмесін.

Жақсы ай менен күндей,
Жақсылығы жанның бәріне бірдей.

Өгіздің өзі қартайса да,
Мұрыны қартаймайды.
Жақсының өзі қартайса да,
Көңілі қартаймайды.

Жақсылық ұмытылмас.

Ақылды кісіні аяла,
Ақымақ кісіні аяма.

Жақсыны көріп —
Жан семіреді.

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ