Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Көлеңке басын ұзартып – Стихи на казахском – Казахский...

Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Көлеңке басын ұзартып – Стихи на казахском – Казахский язык

1843
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Көлеңке басын ұзартып

загрузка…

Көлеңке басын ұзартып


Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір – қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, соны санайды,
Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.
Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді өрт қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.

Источник: олең, Абай Кунанбаев, стихи на казахском языке, олендер, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (21.01.2013)
W

Просмотров: 23461
| Теги: олең, стихи на казахском языке, олендер, Абай Кунанбаев, олен
| Рейтинг: 4.0/9

Похожие материалы

  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев – Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жазғытұры
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Қансонарда бүркітші шығады аңға
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Ескендір
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Масғұт
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әзім әңгімесі
  • Стихи о родном языке на казахском

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY