Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ — Қаншыр мен бөдене — Стихи на казахском...

Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ — Қаншыр мен бөдене — Стихи на казахском — Казахский язык

647
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ — Қаншыр мен бөдене

загрузка…

Қаншыр мен бөдене

Бір қаншырға айтыпты бөдене кеп:
– Сен үшін қатты уайым қыламын, – деп, –
Солаңдаған байғұсың ұшуға олақ,
Бір күні кетеді ғой тұрымтай жеп?
Қаншыр айтты:
– Қаупім жоқ тұрымтайдан,
Шықпаймын қалың қамыс, қопа-сайдан.
Мен сендей жалтаң жерге оттамаймын,
Тығылған соң мені алып жейді қайдан?
Бөдене айтты:
– Қамысың тыныс емес,
Босқа арықтап жүргенің дұрыс емес.
Айламен-ақ алғызбай кетіп жүрміз,
Тұрымтайың біздерге жұмыс емес.
Жүз құбылып, қуланып, жылпалақтап,
Таңырқатты қаншырды өзін мақтап:
– Тілімді алсаң, екеуміз дос болайық,
Маған ерсең, жүрейін жаудан сақтап.
Аңқау сорлы бір қудан алды сабақ,
Бөденемен дос қылды құлқын тамақ.
Жау міндеті мойнында бөдененің,
Екеуі емін-еркін қырда оттамақ.
Қыраңға шығып алып, оттап жүрді,
Бетегелі мырғайға әбден кірді.
Тегінде бөдененің айтқаны рас,
Тарлауға жайылған соң шын семірді.
Бір қырға шығып еді оттай-оттай,
Бырқырап келе жатыр бір тұрымтай.
Бөдене көре салып бұға қойып,
Қаншырға хабар қылды:
– «Бұқ, – деп, – ойбай!»
Жалма-жан бұға қалды қаншыр батыр,
Жер еді панасыздау шөпсіз тақыр.
Екеуі тырп етпестен жатса-дағы,
Тұрымтай тұпа-тура келе жатыр!
Бөдене әр айланы көп ойлады,
Бір түрлі сол арада еп ойлады.
«Тұрымтай соны көріп алып кетсін,
Қаншырды ұшырайын» – деп ойлады:
– Қойыпты бұл тұрымтай бізді көріп,
Мен қашсам, кетер едім бір бұлт беріп.
Сен ертерек қашпасаң құтылмайсың,
Бұл сені алып жейді тура келіп.
Мендей тарғыл емессің, барандаусың,
Қыбырлап, тыныш жатпай алаңдайсың.
Ерте ұшып бір қамысқа тығылып бақ,
Бұл жерде жатып аман қала алмайсың.
Аяңдамай алдауға еріп қаншыр ұшты.
Тұрымтай оны көріп тым құнысты.
Қанатының қаққаны көзге ілінбей,
Адым жерге жібермей қағып түсті.
Бөдене ұшып, жыпылдап, кетті алысқа,
Дос болыңыз осындай алдамышқа.
Қасындағы қаншырды қанға бояп,
Өзі барып тығылды бір қамысқа.
Қамыста жатып алды қылмай қауіп,
Құтылды досын беріп, айла тауып.
Қонғанын бөдененің көрген біреу,
Жүгіртіп сол араға келді шауып.
Бөдене жатыр еді қыбыр етпей,
Қарап жүр шыр айналып, көзі жетпей.
Ат басып бөденені жаншып кетті,
Жазасын о да тартты аман кетпей.
Жігіттер! осы сөзге құлағың сал,
Басыңда миың болса, мұны ұғып қал.
Алды-артын ойламаған аңқау менен
Алдампаз арам достан ғибрат ал.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013)
W

Просмотров: 3792
| Теги: олең, стихи на казахском языке, Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ, олендер, олен
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ — Жаз келер
  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ — Ғылымсыз адам – айуан
  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ — Анық пен танық
  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ — Ақылшы торғай
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев — Жаз, Күз, Қыс

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ