Аладдиннің сиқырлы шамы — Аладдин и волшебная лампа (Арабская народная сказка) —...

Аладдиннің сиқырлы шамы — Аладдин и волшебная лампа (Арабская народная сказка) — Казахские сказки — Казахский язык

3750
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Аладдиннің сиқырлы шамы — Аладдин и волшебная лампа (Арабская народная сказка)

загрузка…

Алладин
Ерте заманда Парсы қалаларының бірінде кедей тігінші өмір сүріпті. Оның әйелі мен Аладдин деген ұлы болыпты. Бір күні тігінші ауырып, қайтыс болады. Әйелі ұлымен жесір қалады. Бірде базарға ақша табу үшін бара жатқан Аладдинге бір бөгде көпес жолығып, «Сен Хасанның ұлысың ба?» деп сұрайды. «Иә» дейді Аладдин.

Аладдинді құшақтап, жылап, Хасан оның ағасы еке нін, сапарда жүргенде өліп қалғанына қатты қайғырып отырғанын айтады. Аладдин анасына келіп болған оқиғаны түгел баяндап береді. Анасы бұған қатты таң қалады. Ол өмірінде күйеуінің інісі бар екенін білмейтін. Келесі күні көпес көптеген сыйлықтар алып, Аладдиннің үйіне келеді. Оның қайғырып қатты жылағаны соншалық, Аладдиннің анасы оны, шынымен де, «күйеуімнің інісі екен» деп ойлайды.

– Мен Аладдинді нағыз көпес қылып тәрбиелеймін, – деп көпес балаға сүйсіне қарайды. Келесі күні көпес Аладдинді ертіп базар аралайды. Соңынан қала сыртына бет алады. Олар ұзақ жүріп тау етегіне келеді. Көпес Аладдинге от жағу үшін кепкен отын жинауды бұйырады. Олар от жаққанда жер қызып, қақ жарылады да, төменге түсетін басқыш көрінеді. Көпес Аладдинге:
– Басқышпен төмен түссең, алдыңнан мол байлық кездеседі. Ішінен қалауыңды ал, маған мыстан жасалған көне шамды әкеліп берсең болды, – дейді.

Зындан іші қазынаға толы екен. Аладдин байлыққа қарамастан мыс шамды алады. Енді қайта жоғары кө те рілейін десе, басқыш жоқ. Аладдин көпестен қолынан тартып, шығарып алуын өтінеді. Көпес шамды сұрайды. Аладдин шамды бермейді. Көпес қатты ашуланып, сиқырлы сөз айтқанда жер асты жолы жабылып қалады. Бұл Аладдиннің ағасы емес, Ифрикиден келген зұлым сиқыршы болатын. Ол зынд андағы мол байлық пен сиқырлы шамды Аладдиннің ғана алып шығалатынын біліп, әдейі іздеп келгенеді. Сөйтіп, жер астында қалған Аладдин ызаланып, қолындағы шамды ысқылай бастайды. Сол сәтте құмырадан дәу жын шыға келіп:

– Не бұйырасыз, әміршім! – деп екі қолын қусырып тұра қалады.
Алғашында зәресі ұшқан Аладдин артынша есін жиып: «Мені жылдам үйіме жеткіз!» дейді. Айтып ауыз жиғанша Аладдин үйінен бір-ақ шығады. Анасына болған жайды баяндап береді. Мыс шамды ысып кеп жіберіп, дәу жыннан қуырылған тауық еті мен басқа да дәмді ас сұрайды. Сөйтіп олар аштық тауқыметінен құтылып, еш таршылық көрмей өмір сүріп жатады. Арада бірнеше күн өткенде Аладдин қала алаңымен өтіп бара жатып, жаршының Сұлтанның қызы Будур ханшаның моншаға бара жатқаны, оны ешкім көрмеуі керектігі туралы жарлығын естиді. Халық бірін-бірі итермелеп алаңнан қаша жөнеледі. Будур ханшаның асқан сұлулығы туралы талай естіген Аладдин көзін жұмған болып шатыр ішіндегі айдай сұлу Будур ханшаны көреді. «Нағыз хас сұлудың өзі екен, – деп ойлайды Аладдин.
– Осы қызға қайтсем де үйленуім керек». Үйіне келісімен жынды шақырып, бір қап асыл тастарды алдыртады. Қапты анасына беріп, сұлтанға барып, қызын айттыруын өтінеді. Оңаша қалғанда қызды тағы да көргісі келіп, жынға:

– Будур ханшаны көргім келеді! – дейді.
Сөйтіп, Аладдин Будур ханшаның бөлмесінен бір-ақ шығады. Осылай жігіт пен қыз кездесіп, бірін-бірі ұнатып қалады. Бірақ ханша «түс көрген екенмін» деп ойлап, анасына түсін айтып береді.
Аладдиннің анасы сұлтанның алдына келіп, Будур ханшаны ұлына күйеуг е беруін сұрап, қолындағы табақтың бетін ашады. Сұлтанға сыйлық қатты ұнайды. Әйтсе де ол Аладдиннің қаншалықты дәулетті екенін тексергісі келіп:

«Будур ханшаға шын үйленгісі кел се, Аладдин дәл осындай асыл заттарға толы қырықта бақ, таб ақтарды қырық күңге көтертіп және асыл заттарды қорғайтын қырық құл жіберсін. Балаңа осы сөзді жеткіз, – деген шешімін айтады.

Жесір әйел баласына сұлтанның сөзін жеткізеді. Аладдин жынды шақырып, сұлтанның шарты демнің арасында орындалады. Ол қырық табақ асыл бұйым дарды көтерген қырық күңді, қолдарына жарқ-жұрқ еткен алмас қылыш ұстаған қырық құлды ертіп, сарайға аттанады. Бұрын-соңды мұндай байлықты, шеруді көр ме ген сұлтан Аладдинге қызын беруге келіседі. Сонымен, Аладдин мен Будур ханша үйленеді.
Сұлтан қызы мен күйеу баласының құрметіне үлкен той ұйымдастырады. Мерекеге жан-жақтан қонақтар келеді. Кеш батады. Аладдин келіншегін тозығы жет кен үйіне апарғысы келмейді. Той бітуге таяп қалған кезде, ол ешкімге көрсетпей қойнындағы шамды ысып жіберіп, жынға бұрын-соңды жер бетінде болмаған сарай тұрғызуды бұйырады.

Қабырғалары алтын мен күміс кірпіштермен қаланған, шатыры алмастан құйылған керемет зәулім сарай көзді ашып-жұмғанша дайын болады. Аладдин ханшаны ертіп сарай ішін аралап шығады. Анасы ұлы мен келініне арнап дастарқан жаяды. Келесі күні сарайды сұлтан келіп көреді. Ол да сарайдың әдемілігі мен сәнділігіне сүйсінеді. Сөйтіп, «сұлтанның қызы тігіншінің ұлына тұрмысқа шығыпты» деген, бұрын-соңды еш кім естімеген жаңалық шартарапқа тарайды. Ханша мен жігіт бақытқа кенеліп, зәулім сарайда тұрып жатады. Аладдиннің Будур ханшаға үйленіп, олардың зәулім сарайда тұрып жатқаны туралы хабар баяғы сиқыршының да құлағына тиеді. Аладдиннің тірі қалып, сиқырлы шамды ием денге нін білген ол тез жиналып, жігіт тұрып жатқан қалаға келеді. Енді шамды қалай алу керектіг ін ойланып, бір амалын табады. Келесі күні сатушы болып киінген сиқыршы қаланы аралап жүріп ескі шамды жаңа шамға айырбастайтынын айтып, жар салады. Осылайша ол Аладдиннің сарайына да жетеді. Аладдин аңға кетіп, үйде әйелі Будур жалғыз қалған болатын. Көпестің жарнамасын естіген Будур үйдегі ескі шамды жаңа шамға айырбастап, Аладдинге сый жасағысы келеді. Көне шамның сиқырлы екенін ол, әрине, білген жоқ. Сөйтіп, Будурдың қызметшісі жүгіріп барып сиқырлы шамды жаңа мыс шамға айырбастап алады. Шамды қолға түсірген сиқыршы сол сәтте-ақ қалад ан тайып тұрады. Шамды ысып жіберіп, жынға Алад диннің сарайын, онда тұратындардың барлығын және өзін Ифрикиге көшіруді бұйырады.
Оның бұйрығы сол сәтте орындалады. Таңертең ұйқысынан оянған сұлтан терезеден қараса, сарай жоқ! Көзін уқалап олай да, былай да қарағанымен, сарай көріне қоймайды. Сұлтан қызының басы бір пәлеге тап болғ анын түсінеді.

Зәресі ұшқан ол уәзіріне: «Аладдинді алдыма алып кел!» деп бұйырады. Бұл кезде Аладдин аңшылықтан қайтып келе жатыр еді. Күзетшілер оны сұлтанның алдына айдап әкеледі.
Сұлтан Аладдинге:
– Сен сиқыршы әрі өтірікшісің! Қызым қайда? Керемет сарайың қайда жоғалды? – деп айғай салады.
– Үш күннің ішінде Будурды таппасаң, басың алынады! – деген үкімін айтады. Аладдин Будурды іздеп жолға шығады. Үш күн тоқтамай жүріп Ифрикиге жетеді. Сұрастырып жүріп, өз сарайын табады. Бұл кезде сиқыршы жер аралап кеткен еді. Аладдин сарайға кіреді. Ағыл-тегіл жылап отырған ханшаны көреді. Будур Аладдинді көріп қуанып, тұра ұмтылады. Сиқыршының: «Күйеуіңді күтпе, ол жыртқыш аңның жемтіг і болды. Менің әйелім бол» деп алдағанын айтады.
Сонда Аладдин Будурға:

– Енді мені мұқият тың да, – дейді, – қазір сиқыршы келгенде онымен жылы сөйлес. «Саған күйеуге шығамын» деп айт. Өзіңмен бірге кешкі асты ішуін өтін. Сөйтіп ол тамақтанып отырған да шарапқа мына ұйықтататын ұнтақты сеп. Сиқыршы ұйықтап қалған да мен оны өлтіремін, – дейді. Будур Аладдиннің айтқанын түгел орындайды. Сиқыршы тамақтанып болған соң, ұйқы келтіретін ұнтақ себілген шараптан ыдысына құйып береді. Еш күдіксіз шарапты ішкен сиқыршы сол сәтте-ақ қалың ұйқыға кетеді. Будур Аладдинге алақанын соғып, белгі береді. Аладдин жүгіріп келіп қылышымен сиқыршының басын шауып түсіреді де, жынды шақырып: «Сарайды бұрынғы орнына апар!» деп бұйырады. Қас қағым сәтте сарай сол баяғы өз орнында тұрады. Осылайша тігіншінің баласы Аладдин мен сұлтанның қызы Будур қайта қауышып, ұзақта бақытты ғұмыр кешеді.

Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (30.12.2013)
W

Просмотров: 7040
| Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі
| Рейтинг: 4.3/3

Похожие материалы

  • Ертегі: Пиноккио (Итальянская сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Алиса в стране чудес — Алиса ғажайыптар елінде (Льюис Кэролл, сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Ары мен Құбыжық — Красавица и Чудовище
  • Ертегі: Бақа Ханшайым – Принцесса-Лягушка
  • Ертегі: Мыстан Кемпір – Баба-Яга
  • Ертегі: Сиқырланған ханша – Заколдованная королевна
  • Ертегі: Оттық – Огниво
  • Ертегі: Ер-Төстик (на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын айдарлы әтеш пен диірмен
  • Ертегі: Бұлбұл

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ