Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке) – Казахские сказки – Казахский...

Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке) – Казахские сказки – Казахский язык

1992
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке)

загрузка…

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы – қалың шілік, ана жағы – қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
– Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! – деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың – ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» – деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:
– Ақ лақ – ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! – деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.
– Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, – дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе – секіріп өтеді, тас кездессе – қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.
– Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, – дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» – деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:
– Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз.
Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, – дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады.
– Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! – дейді Қасқыр.
– Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, – дейді Ақ лақ.
– Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, – деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да:
– Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! – деп жөнімен жүре береді.
– Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә… Бә» деп маңырап қоя береді.
Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.
– Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ – ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! – деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады.

Сказка из сборника «Ертегі: Казахские сказки (сказки на казахском языке)»

Источник: ертегі сказки на казахском языке казахские сказки казахский язык для детей

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (29.01.2012)
W

Просмотров: 33990
| Теги: сказки на казахском языке, казахский язык для детей, казахские сказки, ертегі
| Рейтинг: 1.0/1

Похожие материалы

  • Ертегі: Ақ тышқан мен нәресте (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақылды етікші (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын балық – Золотая рыбка (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі дос (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жақсылық пен жамандық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жеті өнерпаз (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Қаңбақ шал (сказки на казахском языке)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY