Ертегі: Мейірімді Кейт – Добрая Кейт – Казахские сказки – Казахский язык

Ертегі: Мейірімді Кейт – Добрая Кейт – Казахские сказки – Казахский язык

1427
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Ертегі: Мейірімді Кейт – Добрая Кейт

загрузка…

Мейірімді Кейт – Добрая Кейт

Ертеде, тым ертеде бір король болыпты. Оның әйелі өліп, король қайта үйленеді. Екінші алған әйелінің артынан Кейт деген қыз еріп келеді.

Корольдің Энни есімді өте сұлу, мүсіні де сымбатты қызы болатын. Энни мен Кейт өгейліктері байқалмай, бірге туған апалы-сіңлілер секілді өте тату болып өседі. Бірақ өгей шешеге Эннидің әдемілігі ұнамайды. Оны Энни өскен сайын «Көркі қызымның көркінен асып кетер ме екен? Сұлулығы Кейттің бақытына кедергі болар» деген жаман ой мазалайды. Сөйтіп, қызғанышы оянған өгей шеше Энниді көркемдігінен айырудың жолын іздеп, құшнаш әйелге барады.

«Құшнаш әйел» дегені шын мәнісінде жауыз сиқыршы еді. Сиқыршы оған:
– Өгей қызыңды ертеңгі асын ішпей тұрғанда маған жібер, – дейді.
Келесі күні өгей шешесі Энниге:
– Қызым, құшнаш әйелге барып, жұмыртқа әкелші, – деп жұмсайды. Энни келісіп, құшнаш әйелдің үйіне қарай аттанады.

Ол жұмыртқа салатын себетті алу үшін ас үйге кіргенде, «жолда жермін» деп нан үзіп алған еді. Жол-жөнекей қыз сол нанды жейді. Сөйтіп, құшнаш әйелге келіп, шешесінің өтінішін айтады. Сонда сиқыршы қызға:
– Анау шеткі қазанның қақпағын ашып, ішіне қарашы, жұмыртқалар сонда болар, – дейді. Ойында дәнеме жоқ қыз отта тұрған қазанның бетін ашып қарайды. Оның көзіне бұрқыраған будан өзге ешнәрсе көрін бейді.

Сол кезде сиқыршы:
– Жұмыртқа жоқ екен. Үйіңе барғанда шешеңе «қоймасының есігін мықтап бекітсін» деп айт, – деген сәлемін жолдайды.
Қыз шешесіне құшнаш әйелдің сөзін шып­шырғасыз жет кізеді. Корольдің әйелі Эннидің тамақтанып алып барғанын түсіне қояды.

Келесі күні ертеңгісін өгей шеше Эннидің ізінен қалмай аңдып, аузына ешнәрсе салып қоймауын бақылап, құшнаштың үйіне шығарып салады. Бірақ қарны аш болмағандықтан, қыз тамақ туралы ойламайды да. Жолда жағалаудан бұршақ теріп жүрген кедей ерлі-зайыптыларды кезіктіріп, олармен амандасып, хал-жағдай сұрасып, әңгімелесіп тұрып қалады. Олар Энниға «ауыз ти» деп бір уыс бұршақ береді. Қыз оны жол бойы жеп барады.

Құшнаш әйелге келіп, шешесінің өткен жолғыдай өзін жұмыртқа алып келуге жібергенін айтады.
– Анау бір қара қазанның қақпағын ашып қарашы, көресің не бар екенін, – дейді сиқыршы.
Энни әйелдің айтқанын істейді. Қақпақты ашып қарап, жұмыртқаны таппайды. Сөйтіп, бұл жолы да ешнәрсе бола қоймайды. Сиқыршы қатты долданып, қызға:

– От қазаннан алыс болса, тамақтың піспейтінін шешеңе айтып бар, – дейді.
Энни шешесіне құшнаш әйелдің айтқанын айна-қатесіз жеткізеді. Үшінші күні қызбен бірге өгей шешенің өзі ілесіп келеді. Ол Энниді ешқай-
да мойын бұрғызбайды.

Құшнаш әйел өткендегідей «қазанның қақпағын ашып қара» дейді. Эннидің қазан қақпағын ашып, қарауы мұң екен, әдемі басы иығынан жерге домалап түсіп, орнына қойдың басы қона кетеді. Сөйтіп, қас қағым сәтте дене адамдікі, бас қойдікі болып шыға келеді. Өгей шешенің зұлым ойы орындалады. Ол «Қызым Эннидің көлеңкесінде қалып қояды-ау» деген ойынан арылып, жеңіл дем алады.

Қой басты Энниді көрген Кейттің қайғыдан көкірегі қарс айырылады. Ол жанын қоярға жер таппай, ақ матамен әпкесінің басын тұмшалап орайды да, бұл дерттен айығудың жолын қарастырады. Содан соң екеуі қол ұстасып, беттері ауған жаққа аттанып кетеді.

Энни мен Кейт ұзақ жүреді. Шөлді де, көлді де басып өтіп, бір сарайға жетеді. Кейт сарайдың есігін қағып, әпкесі екеуінің түнеп шығуына рұқсат сұрайды. Бірақ сарай күзетшісі: «Сарайға бөтен адамдардың кіруіне рұқсат жоқ!» деп кіргізбейді.

Кейт түнеп шығатын жер табылмаса сырқат әпкесінің ауруының асқынып кететінін айтып, жалынады. Күзетші сарайға кіріп, күзет бастығы на мән-жайды түсіндірген соң, түнеуге рұқсат алып шығады. Қыздар ішке кіреді.

Бұл сән-салтанатты король сарайы екен. Ес жиып, жөн сұрасқан Кейт ел билеушінің екі ұлы бар екендігін, оның бірінің ауырып, өлім аузында жат қанын біледі. Ең қиыны – емші-балгерлер не ауру екендігін дөп басып айта алмауында. Ал түнімен король ұлын күзеткендер аяқ-астынан ізімқайым жоғалып кетеді екен. Сондықтан король: «Егер кімде-кім ұлымды түнімен күзетіп шықса, бір үйме күміс беремін» деп жар салыпты. Кейт ханзаданы күзетуге келіседі.

Түннің жарымы тыныш өтеді. Бекініс мұнарасындағы сағат тілі 12-ні соққанда, сырқат ханзада орнынан тұрып киінеді де, төменге түседі. Кейт оның ізінен қалмай еріп отырады. Ұйқылы-ояу келе жатқан ханзада қызды байқамайды. Есіктен шығып, атқораға кіреді де, ерттеулі атына мінеді. Ханзада мұның бәрін өң мен түстің ортасында жүргендей қалыпта атқарады. Мұны аңғарған Кейт оның артына мінгесіп алады. Сәйгүлік желдей ескен күйі қалың орманды кесіп өтеді.

Кейт жол-жөнекей амалын тауып, етегін толтыра жаңғақ теріп алады. Салт аттылар көзді ашыпжұмғанша ғажайып көгілдір таудың етегіне келіп, кілт тоқтайды. Ханзаданың мінген аты өзінің күнде келетін жерін танитын секілді. Қыз аттан түсіп, бір ағаштың тасасына жасырынады. Король ұлы да тұңғыш рет тіл қатып:

– Көгілдір тау, ашыл! Ашыл да жас ханзаданы атымен бірге өткізіп жібер, – дейді.
Кейт мұны ағаштың тасасынан бақылап тұрады.
Кейт те жалма-жан көрген әдісін қолданып, ішке енеді. Салтанатты, дәулеті тасыған сарайға тап болады.

Ханзаданы үріп ауызға салардай сұлу пері қыздар қоршап, билей жөнеледі. Абырой болғанда, Кейтті ешкім байқамай қалады. Ол есік артына тығылып тұрып, не болып жатқанын бақылайды. Ханзада әл-дәрмені біткенше билеп, естүссіз төсекке құлайды.

Пері қыздары оны желпуіштермен желпіп, есін жиғызып, аяғынан тік тұрғызады да, тағы билетеді. Бұл кезде таң атып қалғанын хабарлап, сыртта әтеш шақырады. Ханзада қолды-аяққа тұрмай, атына қайта мініп, шаба жөнеледі. Кейт әзер дегенде оған мінгесіп үлгереді. Оқиғаның қас пен көздің арасында жылдам өткені сондай, олардың бекініске келіп кіргенін ешкім байқамай да қалады.

Таңертең қызметшілер кіріп, ханзаданың бұрынғы қалпында қан-сөлсіз, сұпсұр болып жатқанын көреді. Кейт болса аман-сау, ошақ алдында жаңғақ шағып жеп отыр екен.

Кейт король қызметшілеріне ханзаданың түнді көңілді өткізгенін, егер оған үйме табақ күміс беретін болса, тағы бір күн күзететінін айтады. Ханзаданы күзеткен дер дің ішінде түннен аман шыққаны Кейт қана еді. Сондықтан қыздың өтінішін сарайдағылар қуана қабылдайды.

Екінші күні де өткен түндегі оқиғалар айна-қатесіз қайталана ды. Ханзада түн ортасында ұйқылы-ояу қалпында төсегінен тұрып, көгілдір тау жақтағы түнгі балға асыға аттанады. Кейтте оның соңынан қалмайды, орманнан өткенде, өткен түндегіден мол етіп жаңғақ теріп алады.

Бұл жолы ханзаданың кешегідей есінен тана билеп, құлайтынын білген Кейт есік артында тұрып, айналасында не болып жатқанын мұқият бақылайды. Сол кезде ол бір әдемі таяқшамен ойнап отырған перінің кішкентай қызына келесі бір перінің жақындап:

– Ойнама, бұл – сиқырлы таяқша. Оны Кейттің сырқат әпкесінің денесіне үш рет тигізсе, ол бастапқы қалпына қайта келеді, – деген сөздерін естіп қалады.

«Баланың қолындағы таяқшаны қалай да қолға түсіру керек!» Кейт енді қолын дағы жаңғақтарды бала отырған жаққа бір-бірлеп домалата бастайды. Жаңғақ тарға қызыққан қыз тәлтіректеп жүріп келе жатып, қолындағы таяқшасын түсіріп алады. Осы мезетті аңдып тұрған Кейт оны жерден шапшаң іліп алып, көйлегінің ішіне жасыра қояды. Таң бозарып келе жатқанда әтеш шақырады да, ханзада атына міне салып, сарайға қайтады. Сәйгүлік сарайға құйындай ұшып жетеді. Кейт аттан түсіп, Энни ұйықтап жатқан бөлмеге кіреді де, таяқты үш рет оның денесіне тигізеді. Көзді-ашып жұмғанша қойдың ба сы жерге домалап түсіп, Энни бұрынғы өзінің әсем де мүсіні сымбатты қалпына оралады. Жүрегі шаттыққа толып, мейірімді сіңлісін бауырына басып, емірене құшақтайды да, алғысын айтады.

Ал ханзаданың бойынан өзгеріс байқалмайды. Бірақ король Кейтке тағы да бір түн баласын күзетіп беруін өтінеді. Кейт:
– Егер осы жолы ұлыңыз сырқатынан жазылса, мені келін етіп алуыңызға тура келеді, – деген талап қояды.
Корольдің бұған келіспеуге шарасы да жоқ еді. Кейт ханзаданы үшінші түн күзетеді. Оқиғалар сол қалпында қайталанады. Тек кішкентай пері қыз бұл жолы сап-сары құспен ойнап отыр екен. Сол кезде перінің бірі келеді де:
– Мына ғажап құстың үш кесек еті сырқат ханзаданы ауруынан құлантаза айықтырар еді! – дейді.
«Құсты қалайда қолға түсіру керек!»

Кейт қыз отырған жаққа қарай тағы да орманнан жинап алған жаңғақтарын біртін деп домалата бастайды. Пері баласы әр жаңғақтың артынан тәлтіректей қуалап жүріп, қолындағы құсын жерге тастай салады. Кейт оны іліп алып, алжапқышынатыға қояды. Таң атады. Әтештің шақырған дауысы естілісімен, ханза да сарайына қарай асығады. Кейт бұл жолы күндегідей оттың жанында жаңғақ шағып отырмайды. Ол уақытты созбай, әкел ген құстың жүнін жұлып, от жағып, етін қақтай бастайды. Дәмді иіс мұрын жарып, сілекей шұбыртады. Тіпті, есін жия алмай жатқан ханзада да ұйқысынан оянып:

– Мына қақталған құстың етінен бір жапырақ болса ғой, шіркін! – дейді.
Кейт оған бір жапырақ ет кесіп береді. Етті сүйсіне жеп алған ханзаданың шынтақтап отыруға жағдайы келеді.
Кейт құсты одан әрі қақтай түседі. Біраздан соң ханзада:
– Тағы бір кесім ет болса, қандай жақсы болар еді! – деп өтінеді.
Екінші тілімді жегені сол, ханзада төсектен тұрып, отыруға жарап қалады. Іле-шала:

– Етті тағы да жегім келіп отыр! – дейді.
Үшінші кесімді жеген ханзада сап-сау, күш-қуаты тасып тұрған бозбала қалпында қыздың жанына келіп отырады.

Осы кезде ошақтағы от жанында жаңғақ шағып жеп отырған ханзада мен қыз екеуінің жанына сарай адамдары келеді. Олар өз көздеріне өздері сене алмай, аңтарылып тұрып қалады. Ал ханзада мен Кейт ешкімге назар аударар емес. Өздері сондай көңілді. Жиналған адамдардың арасында Энниде бар еді. Оны екінші ханзада көріп, бірден жақсы көріп қалады. Сүйкімді де әсем қызғағашық болмау мүмкін еместе еді. Осылайша сырқатынан айыққан король ұлы Кейтке, ал екінші ханзада сұлулығы қалпына келген Энниге үйленіп, қалған өмірлерін уайым-қайғысыз, береке-бірлікте өткізіпті.

Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (20.01.2013)
W

Просмотров: 4308
| Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі
| Рейтинг: 5.0/1

Похожие материалы

  • Ертегі: Пиноккио (Итальянская сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Алиса в стране чудес – Алиса ғажайыптар елінде (Льюис Кэролл, сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Ары мен Құбыжық – Красавица и Чудовище
  • Ертегі: Бақа Ханшайым – Принцесса-Лягушка
  • Ертегі: Мыстан Кемпір – Баба-Яга
  • Ертегі: Сиқырланған ханша – Заколдованная королевна
  • Ертегі: Оттық – Огниво
  • Ертегі: Ер-Төстик (на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын айдарлы әтеш пен диірмен
  • Ертегі: Бұлбұл

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY