Ертегі: Мыстан Кемпір – Баба-Яга — Казахские сказки — Казахский язык

Ертегі: Мыстан Кемпір – Баба-Яга — Казахские сказки — Казахский язык

4993
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Ертегі: Мыстан Кемпір – Баба-Яга

загрузка…

Мыстан Кемпір – Баба-Яга

(орыс халық ертегілері)

Ертеде шал мен кемпір болыпты. Олардың жалғыз қызы бар екен. Бір күні кемпір дүниеден қайтып, шал басқа әйел алады. Алған әйелі өте жаман адам еді. Әкесі жоқта қызды ұрып, күн көрсетпейтін. Тіпті, одан құтылудың жолын ойластырады.

Бірде ол қызға:
– Менің апайымның үйіне бар. Ине-жіп сұрап, жейдеңді тігіп кел, – деп жұмсап жібереді.
Өгей шешесінің апайы нағыз мыстан кемпірдің өзі болатын.
Қыз жолға шығады. Бірақ, алдымен өз туысының үйіне кіріп:
– Өгей шешем апайының үйіне «жейдеңді тігіп кел» деп жұмсады, – дейді.
Апайы қыз бара жатқан мыстан кемпірді білетін. Ол біраз ойланып:

– Қызым, қайтар жолыңда кедергілер көп болады. Олардан құтылудың амалын тыңда. Алдымен аққайыңды көресің. Оған таспа* байла, болмаса бұтақта ры көзіңді сырып кетеді. Қақпалар сықырлап жолыңды бөгемес үшін, май құй. Иттер үрмесін десең, нан таста. Ал, мысыққа шұжық бер. Әйтпесе, бетіңді тырнап алады, – деп ақылын айтады. Қыз апайымен қоштасып, жолға шығады. Ұзақ жүріп, бір ағаш үйге жетеді.

Онда мыстан кемпір отыр екен. Қыз кемпірмен амандасып:
– Мені өгей шешем «жейдеңді тігіп кел» деп сізге жұмсады, – дейді.
– Жарайды, кел, отырып тіге ғой.
Қыз ине-жіп алып, жейдесін тігуге кіріседі. Мыстан сыртқа шығып, қызметшісіне:
– Бар да, жақсылап монша жақ, қызды жуындыр, кешкі асқа даярла. Бірақ абай бол, оны көзіңнен таса қалдырма, – дейді.
Мұны естіген қыз үрейленіп, қызметшіге:
– Әпкетай, отынды жәйлап салшы, суды елекпен әкелші, – деп өз орамалын береді.

Ал кемпір сыртта тағатсызданып, ары-бері күтіп жүр. Біраздан кейін ол терезенің тұсына келіп:
– Тігіп отырсың ба, айналайын? – деп сұрайды.
– Иә, апа, тігіп отырмын, – деп жауап қайтарады қыз.
Мыстан әрірек кеткен соң, қыз мысыққа шұжық береді де:
– Маған жалмауыз кемпірден құтылуыма көмектесші, – деп жалынады.
– Мына сүлгі мен тарақты ал да қаш. Мыстан сені қуады. Оның қай жерде келе жатқанын білу үшін құлағыңды жерге төсеп, тың тыңда. Тасырлаған дүбірді естісең, кемпірдің жақындап қалғаны. Осы кезде сүлгіні лақтыр. Ол ұзын өзенге айналады. Тағы жақындап қалса, тарақты лақтыр. Бұл ну орманға айналады. Мыстан одан өте алмас, – дейді мысық.

Қыз мысықтың бергендерін алып, қашады. Алдынан иттер шығады. Қыз оларға нан тастайды. Иттер қызды жібереді. Енді ол қақпаға келіп, сықырламас үшін оған май құяды. Қақпадан өтіп, аққайыңға жетеді. Көзін сырып алмас үшін қыз ағашқа таспа байлайды да, алды-артына қарамай жүгіре жөнеледі.

Осы уақытта Мыстан терезенің тұсына тағы келіп:
– Тігіп отырсың ба, қызым? – дейді. – Мияу, тігіп отырмын, апа, – деген іштен мысықтың даусы естіледі.
Мыстан қыздың жоқ екенін біліп, мысық пен иттерге, қақпа мен ақ
қайыңға:
– Неге бетін тырнамадың?! Неге таламадың?! Неге жібердің?! Неге көзін сырмадың?! Сен неге айтқанды орындамадың?! – деп қатты ашуланады.
– Мен саған қаншама жыл қызмет етіп келемін. Сен маған қу сүйекте тастамадың. Ал ол шұжық берді! – деп жауап береді мысық.
– Ал біз сенен, ең болмаса нанның қоқымын да көрмедік. Ол бізге бүтін нан берді, – дейді иттер.
– Ол маған май құйды. Ал сен су да тамызбаған едің, – дейді қақпа.
– Жіпті де қимаған едің, ол бұтақтарыма таспа байлады, – дейді қайың.
– Мен саған көп жыл қызмет етіп келемін. Осы уақытта сенен, ең болмаса шүберек те көрмеппін. Ол маған орамалын тарту етті, – деп қызметші әйел наразылығын білдіреді.

Мыстан кемпір қызметшісін, мысық пен иттерді қуып жібереді. Ал қақпа мен аққайыңды жұлып, лақтырып тастайды. Содан кейін дереу келісіне отырып, сыпыртқысымен итеріп, қыздың артынан қуа жөнеледі.
Жүгіріп келе жатқан қыз біраз уақыт өткен соң құлағын жерге төсеп, тың тыңдайды. Тасырлаған дыбысты естіп, мыстанның жақындап қалғанын біледі де, сүлгіні лақтырып жібереді. Сүлгі жайылып, ұзын өзенге айналады.

Кемпір судан өте алмай, үйіне оралады. Өгіздерін алып, кері қайтады. Өгіздер өзеннің суын тауысып, ішіп қояды. Мыстан қызды қайта қуады. Ол жақындап қалғанда, қыз тарақты лақтырып жібереді. Тарақ жерге түсіп, ну орманға айналады. Қыздың бағына қарай, мыстан орманнан өте алмай, артта қалады.

Ал енді үйдегі жағдайға оралайық. Бірталай уақыт қызын көрмеген әкесі, оны іздестіре бастайды. – Апайының үйіне қонаққа кетті, – деп әйелі оны алдап қояды.
Осы кезде қыз жүгіріп келіп, жылап әкесін құшақтай алады. Оған болған жағдайды түгел баяндайды. Қатты ашуланған шал әйелін үйінен қуып жібереді. Сөйтіп, қыз қатыгез өгей шешесінен құтылып, әкесімен бірге ұзақ та бақытты өмір сүреді.

Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (11.01.2013)
W

Просмотров: 15066
| Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі
| Рейтинг: 3.9/12

Похожие материалы

  • Ертегі: Пиноккио (Итальянская сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Алиса в стране чудес — Алиса ғажайыптар елінде (Льюис Кэролл, сказка на казахском языке)
  • Ертегі: Ары мен Құбыжық — Красавица и Чудовище
  • Ертегі: Бақа Ханшайым – Принцесса-Лягушка
  • Ертегі: Сиқырланған ханша – Заколдованная королевна
  • Ертегі: Оттық – Огниво
  • Ертегі: Ер-Төстик (на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын айдарлы әтеш пен диірмен
  • Ертегі: Бұлбұл
  • Ертегі: Бұршақ үстіндегі ханша

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ