Лемуэль Гулливер Англияда қарапайым ғана дәрігер еді. Кейіннен ол мамандығын өзгертіп, теңізге шығады. Ерінбей еңбек етіп, бірнеше кеменің капитаны болады. Бір күні Гулливер мен оның достары бірнеше жолаушымен бірге Оңтүстік теңізге саяхатқа аттанады. Алғашқы кездері оларға бәрі қызық болып көрінеді. Төртінші күн дегенде теңізде қатты дауыл тұрып, бұлардың кемелері апатқа ұшырайды да,Гулливерден өзгелердің барлығы суға кетіп, мерт болады. Жалғыз қалған Гулливер енді қайткенде де аман-сау еліне жетуді ойлайды. Ол желге қарсы жүзіп, әбден шаршаған кезінде жағалауға да жетеді.
Жағалауға әзер жеткен Гулливер ұйқыға кетеді. Оянып, орнынан тұрайын деген еді, денесін қозғалта алар емес. Сөйтсе, қол-аяғы, иығы мен кеудесі арқанмен шандылыпты. Ол жанында жүгіріп жүрген кішкентай адамдарды көріп, таң қалады. Олардың бойы Гулливердің саусақтарындай ғана. Оның оянғанын байқаған әлгі адамдар жан-жаққа қаша жөнеледі. Гулливерге бір кішкентай адам жақын келіп:
– Сен Ергежейлілер еліндесің, біз ергежейліміз! – дейді.
Гулливер олардан тамақ сұрайды. Ергежейлілер бір жәшік нан мен бір бөшке су алып келіп береді. Ішіп-жеп болған Гулливер тағы да ұйқыға кетеді. Ергежейлілер оны үлкен бөренеге байлап, мемлекет астанасына қарай сүйрей жөнеледі. Патша алдына келгенде ғана Гулливерді шынжырдан босатады. Гулливер ергежейлілер патшасының алдында тізесін бүгеді.
Бұл кезде Гулливердің келгені туралы хабар бүкіл, мемлекетке тарап оны көру үшін қалаға жан-жақтан ергежейлілер ағылып келіп жатқан еді. Патша өзінің кеңесшілерін жинап, жиналыс өткізеді. Олар Гулливерге не істейтінд ер ін білмей, бастары қатады. Ақырында оны күз етшілердің қатаң бақылауында ұстау керек деп шешіледі. Бір күні қаланың бес-алты бұзақысы Гулливерге садақ атып, тиісіп жатқан жерінде ұсталып қалады. Олардың бұл қылығы Гулливерге ұнамайды. Ол жаңағы бес-алты бұзақыны алақанына салып, жеп қоярдай ыңғай танытады. Бұзақылар қатты шошиды. Бұзақыларды осылай өзінше жазалаған Гулливер соңында оларды жібере салады. Гулливердің жақсы мінезіне қанық бола бастаған қала тұрғындары көрген-білгендерін патша кеңесіне үнемі хабарлап отырады. Патша Гулливердің жақсы қылықтарын естіп, риза болады. Бұдан кейін онымен сөйлескенде сыпайы болу керек деп шешеді.
Ергежейлілер Гулливерге көп тамақ әкеліп тұрады. Тіл үйретуді ойластырады. Сөйтіп, ергежейлілердің оған деген сенімі күннен-күнге арта түседі. Гулливер ергежейлілердің тілі мен мәдениеті туралы көп мәлімет алады. Бір күні қала халқы патшаның туған күнін атап өту рәсімінде оған үлкен қақпа болып тұруды өтінеді. Той аяқталғаннан кейін Гулливер патшадан өзін босатуын сұрайды, өз елін сағынғанын айтады. Бірақ патша оның өтінішін қабылдамайды. Күндердің күнінде көрші Влефуску елі ергежейлілерге қарсы соғыс ашады. Ергежейлілер Гулливердің көмегіне зәру еді. Патша:
– Бізді тастап кетпеші, бізге сенің көмегің өте қажет, – деп өтінеді.
Гулливер келісімін береді де, теңіз жаққа қарай аяңдайды. Ондағы жаудың кемелерін бір бума етіп байлап алып, ергежейлілер елінің жағалауына алып келеді. Патша мен оның кеңесшілері бұл батылдыққа өте риза болады. Бұл – Гулливердің Нардак жеріне әкелген үлкен жеңісі еді. Ергежейлілердің патшасы Гулливерге «Халық қаһарманы» деген атақ береді. Халық та Гулливерге елін жаудан аман алып қалғаны үшін риза еді.
Влефуску елінің елшілері енді сарайға бітімге келу үшін жолға шығады. Патша Блефуску елінің халқын түгел дей өзіне құл еткісі келеді. Осылайша патша Гулливерге теңізге қайта барып, Блефуску елінің барлық кемелерін ұстап, оларды өзінің империясына қосуды бұйырады. Бірақ Гулливер патшаның Блефуску елінің тұрғындарын құл етуін құптамайды. Патша бұған қатты ызаланады.
Патша кеңесшілерінің арасында Гулливерге өтірік дос болып жүргендер де жоқ емес еді. Осы дос-сымақтар патшаның Гулливерге риза еместігіне қуанады. Оны Гулливерге қарсы қойып, қас дұшпан екендігіне сендіреді. Гулливер Блефуску елі мен ергежейлілер арасында тыныштық орнатқысы келеді. Ол ер гежейлілер патшасынан елден бір неше күнге кете тұруын өтінеді. Патша оған, әрине, келіспейді. Дөрекі жауап береді. Гулливер қатты ызаланады. Дос-сымақ кеңесшілер ол туралы патшаға өтірік айтып, оның ызасын қоздыра түседі.
Бір күні түнде ергежейлілер елінде өрт шығады. Арадағы кикілжіңге қарамай, Гулливер оларға көмектеседі. Өртті сөндіріп, бірнеше ергежейліні өлім нен құтқарып қалады. Гулливердің тамақ даярлайтын үш жүз аспазшысы болды.
Олар Гулливердің үйінің жанындағы кішкентай үйлерде тұратын. Гулливер өзіне үлкен үстел мен орындық жасап алғ ан. Ол тамақтанғанда үстелі нің үстінде жиырма көмекшісі қызмет көрсетіп жүретін және жүз ергежейлі арқан арқылы жерден керек тағамдарды көте ріп шығаратын. Бір күні Гулливер әдеттегіден көбірек тамақ жейді. Мұны Гулливердің не ішіп, не жегенін үнемі бақылап жүретін қас дұшпанының бірі – ергежейлі елінің лауазымды қазынашысы патшаның алдына барып, Гулливерге кететін күнделікті шығынның көлемі бір жарым миллион спругтен асатынын және оның мемлекетке тиімсіз екенін хабарлайды. Осыдан бастап Гулливердің жағдайы нашарлай бастайды. Гулливерге кететін шығынды асы ра есептеп, патшаға құпия мәлімет жет кізіп отыра тын кеңес ші лер туралы оған сарай маңындағы көмекшісі айтып келеді.
Адмирал, лауазымды қазынашы және Гулливердің басқа да жаулары оған қарсы көп қылмыс қозғап, «Сатқын» деп айып тағады. Сөйтіп, оны сарайға жауап алуға шақырады.
Гулливерді «Блефуску елшілерімен дос тық қатынаста болды» деп те айыптайды. Кеңес ұзаққа созылады. Адмирал мен басқа да дұшпандары патшадан Гулливерді өлтіру туралы шешім қабылдауын сұрайды. Кеңесшілердің көбісі мұны құптайды. Сөйтіп, кеңесшілер «Егер Гулливерге беріле тін тамақтың мөлшерін екі-үш есе азайтса, аш тан өледі» деп ұйғарады. «Сосын оның дене сін бөлшектеп, отқа жағып, қаңқасын мемлекеттің жиырмасыншы мұражайына қоямыз» деп қуанады. Гулливердің көзін жоюға үш күн беріледі.
Бірақ патша Гулливерді өлтіруден бас тартады. Бірақ ол Гулливерге қайырымдылық жасаған сыңай көрсетіп, оған тамақ бермей, аштықта ұстайды.
Алғашқыда Гулливер «Қалаға шабуыл жасап, барлығының быт-шытын шығару керек» деп шешкен еді, бірақ ол ойынан тез айниды. Гулливер жазықсыз мыңдаған ергежейлілер дің өмірін қиғысы келмейді. Ақырында патшадан өзін Блефуску елін көріп қайтуға жіберуін сұрайды. Патша келіседі. Ертесіне Гулливер теңізге түсіп, Блефуску еліне қарай жол тартып кетеді. Барған елі оны жылы жүзбен қарсы алады. Блефускуде Гулливер жай жатпайды. Ол түрлі жұмыстар атқарады. Бір күні төңкерілген кемені көріп қалып, оны судан шығарып алады. Блефуску патшасы Гулливердің еңбегін бағалайды. Оның үйіне қайту үшін кеме жасауына екі мың жұмысшысын жібереді. Гулливер бұл жұмысқа бар күшін салып, аз уақытта кемені дайын етеді. Кемеге жүздеген қой, алты тірі қара сиыр мен екі бұғы және басқа да жеуге жарайтын тамақ артады.
Гулливер өзімен бірге бірнеше адам алғысы келген еді, бірақ Блефуску патшасы оған рұқсат бермейді.Сөйтіп, теңізге шығатын уақыт та жетеді. Блефуску елінің барлық тұрғындары теңіз жағасына келіп, онымен қоштасады.
Бірнеше күннен кейін Гулливерді көрген бір үлкен кеме жанына келіп тоқтайды. Гулливер бірнеше мүйізді ірі қарасы мен қойларын сырт киімінің қалтасына салып, сол кемеге ауысып отырады. Саяхат кезінде ол капитанға басынан кешкен оқиғасын бастан аяқ айтып береді. Бірақ бұған ешкім сене қоймайды. Оларға шындығын айтып тұрғандығын дәлелдеу үшін қалтасындағы малдарын шығарып көрсетеді. Біраз күн өткен соң Гулливер өз үйіне аман-есен жетеді. Осылайша Гулливердің екі жылға созылған саяхаты сәтті аяқталады.
Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (30.12.2013)
W
Просмотров: 4297
| Теги: Ертегі сказка на казахском языке қа
| Рейтинг: 4.3/3
Похожие материалы
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]