Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Денсаулық туралы (О здоровье)...

Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Денсаулық туралы (О здоровье) – Казахские пословицы – Казахский язык

9571
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские пословицы


Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Денсаулық туралы (О здоровье)

загрузка…

Пословицы на казахском языке (Мақал-мәтелдер) о здоровье

Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.

Денсаулық — зор байлық.

Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.

Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса,’ жан азады.

Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.

Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.

Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.

Аяншақ көзге шөп түскіш.

Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.

Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай…

Жасырғанның жарасы асқынады.

Өлгенге өкпе жүрмейді.

Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.

Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл.

Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.

Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.

Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.

Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.

Таздыңтарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.

Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.

Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.

Үшнәрсенің алдынал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.

Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.

Тісі ауырғанның көңілінсұрамайды.

Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.

Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.

Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды.

Бірге тумақ бар,
Бірге өлмекжоқ.

Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.

Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.

Өлінің тілін тірі алмас.

Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.

Басы жұмыр пенденің
Барар жері белгілі…

Орта жолда атың өлмесін
Орта жолда қатының өлмесін.

Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.

Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.

Жылан шаққан адам,
Ала арқаннан аттамайды.

Ажалды жылан, жол үстінде жатады.

Тостағандай басымда
Тоғыз жара.
Жұдырықтай жүректе
Жеті жара.

Источник: мақал-мәтелдер макал мателдер пословицы на казахском языке казахские

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские пословицы | Добавил: admin (13.02.2012)
W

Просмотров: 240209

| Рейтинг: 3.4/129

Похожие материалы

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY