Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Әке туралы (Об отце) — Казахские...

Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Әке туралы (Об отце) — Казахские пословицы — Казахский язык

3062
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские пословицы


Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Әке туралы (Об отце)

загрузка…

Пословицы на казахском языке (Мақал-мәтелдер) об отце

Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Әке балаға қарыз,

Бала далаға қарыз.

Әке балаға сыншы.

Әкеден — ақыл, анадан — мейір.

Әкеден безген ұл болмас,

Анадан безген қыз болмас.

Әке жүрегі таудан үлкен,

Ана жүрегі теңізден терең.

Әкелі бала жаужүрек,

Әкесіз бала сұмжүрек (Бүқар жырау).

Әкелі жетім анық жетім,

Шешелі жетім жарым жетім.

Әкем аты шапқан сайын өрлейді.

«Әкем бар» деп мақтанба топқа түсері жоқ болса.

«Балам бар» деп мақтанба жаман туған боқ болса.
«Ағайыным бар» деп мақтанба дос-дұшпаның келгенде қарасуы жоқ болса
(Төле би).

Әкем маған ат берді, «далақта да шап» деді.

Әкемнің өлерін білсем өнерін сатпас па едім.

Әкемнің шоты аса-аса тиеді.

Әкенің жақындығы жездедей-ақ.

Әкең бермегеңді базар береді.

Әкең жақсы кісі еді жел жағыңа пана еді.

Анаң жақсы кісі еді жетімдерге ана еді.

Әкең мұрап болғанша отырған жерің ой болсын.

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгеңде қайтпексің?

Әкең өлседе әкенді көрген өлмесін.

Әке сөзі — оқ,

Шеше сөзі — боқ.

Әкесі бардың арысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Әкесіз жетім гүл жетім,

Шешесіз жетім тұл жетім.

Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.

Әкесі қоңыз атанғанның баласы доңыз атанады.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.

Әкесінің баласы — адамның баласы, адамның баласы — бауырың.

Әкесі оқ атпағанның баласы боқ атпайды.

Әкесі өлгеңді де естіртеді.

Әкесі сыйламаған кісіні баласы сыйламайді.

Әке тұрып бала сөйлесе — ер жеткені,

Шеше тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені.

Әке ұрған ұл оңар,

Шеше ұрған қыз оңбас.

Сайына қарай саласы,

Әкесіне қарай баласы.

Источник: мақал-мәтелдер макал мателдер пословицы на казахском языке казахские

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские пословицы | Добавил: admin (14.02.2012)
W

Просмотров: 61057
| Теги: мақал-мәтелдер, казахские, макал мателдер, пословицы на казахском языке
| Рейтинг: 3.2/11

Похожие материалы

  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Аңшылық, саятшылық туралы (Об охоте)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Ата-ана, ұл мен қыз туралы (О родителях, сыне и дочери)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Жақсылық пен жамандық туралы (О хорошем и плохом)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Жан-жануарлар туралы (о животном мире)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Жол, Жолдас, Жолаушы туралы (о дороге, путнике)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Тіл өнері туралы (о языке)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Той-думан туралы (о пиршестве)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Уақыт, дәуір туралы (О времени, эпохе)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Ынтымақ, бірлік туралы (О согласии, единстве)
  • Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Аға туралы (О старшем брате)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ