Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Жалқау бала

Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Жалқау бала

4088
0

Тайыр  ЖОМАРТБАЕВ - Жалқау бала
Жалқау бала жалтақтап,
Сабақтан қашар жан сақтап,
Ешкім оған разы боп,
Көрмес жақсы, жұрт мақтап.
Сабаққа мойын бұрмайды,
Кітаппен кеңес құрмайды.
Мектепке ерте баруға,
Ұйқысынан тұрмайды.
Тұрса орнынан ырғалып,
Киінбей жылдам, жырғалып,
Оқиыншы мен де деп,
Тырыспайды тырбанып.
Шайы тұрар кеседе,
Тоймас, қанша жесе де,
Құлағына сөз кірмес,
Сабаққа бар десе де.

Жумайды және бет-қолын,
Сөйлемейді сөз жөнін.
Киімін тастар әр жерге,
Кез келсе де қай орын.

Күні бойы алысып,
Шаналарға жабысып,
Қайдағы бұзық баламен
Көшелерде табысып,

Ойынды тұрар ұнатып,
Бір отырып, бір жатып.
Жақын жүрген кісіге
Құм шашады, тас атып.

Сақтан, ғазиз балалар,
Сондай бала болудан.
Тырыса көр сабаққа
Білсең, көңіл болар жай.
Жаман бала атанып,
Бола көрме осындай.

Сабақ, білсең қуанып,
Риза болар ата-ана.
Бала күннен мақтау ал,
Айтар сөзім сол ғана!

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Тайыр ЖОМАРТБАЕВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (08.03.2013)
W

Просмотров: 5065
| Теги: олең, стихи на казахском языке, олендер, олен, Тайыр ЖОМАРТБАЕВ
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Жетім бала мен рақымды кемпір
  • Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Ата мен бала
  • Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Ана тілі
  • Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Бала, Күн, Құс және Шие
  • Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Таң
  • Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Зайсан
  • Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Үлкен әке және немере
  • Тайыр ЖОМАРТБАЕВ – Әділ билік
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY