Белоснежка и семь гномов — Ақшақар мен жеті гном (Сказки братьев Гримм)...

Белоснежка и семь гномов — Ақшақар мен жеті гном (Сказки братьев Гримм) — Казахские сказки — Казахский язык

3996
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Белоснежка и семь гномов — Ақшақар мен жеті гном (Сказки братьев Гримм)

загрузка…

Ақшақар мен жеті гном – Белоснежка и семь гномов

Ещё сказки на казахском языке


Қыс мезгілі болатын. Аспаннан ақша қар мамық жүндей қалықтап, жайлап жерге қонып жатыр. Жақтаулары қара ағаштан жасалған терезенің алдында кестесін тігіп, ханшайым отыр. Ол мына ғажап көріністі тамашалаймын деп, саусағына ине кіргізіп алады. Үш тамшы қан аппақ қардың үстіне тамады. Қар бетіндегі қызыл тамшылар оған сондай әдемі болып көрінеді. Сонда ол: «Шіркін, бет-жүзі мына қар сияқты аппақ, бетінің ұшы мына қан сияқты алқызыл, шашы мына терезенің жақтауларындай қап-қара бір нәресте тусам ғой!» деп ойлайды.

Көп уақыт өтпей-ақ ханшайым өмірге қыз әкеледі. Ол қыздың беті қар сияқты аппақ, бетінің ұшы қан сияқты алқызыл, шашы терезенің қара ағашындай қап-қара болады. Сол себепті де оған Ақшақар деген ат қояды. Алайда ханшайым нәресте туылған кезде қайтыс болып кетеді.
Бір жыл өткен соң патша басқа әйелге үйленеді. Ол өте сұлу, тәкаппар әрі өркөкірек болатын. Ешкімнің сұлулығы өзінен асып кеткенін қаламайтын. Оның сиқырлы айнасы бар екен.

Ол сол айнаға қарап отырып, үнемі одан:
– Айнам менің айтар ма екен, Бұл дүниеде Менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайтын.
Сонда айна оған:
– Ханшайымым менің, Бұл дүниеде Сізден асқан сұлу жоқ, – деп жауап беретін.

Ханшайым бұған мәз болатын. Өйткені айнасы өтірік айтпайтынына сенетін.
Бұл уақытта Ақшақар да әдемі қыз боп бойжетіп келе жатқан. Жеті жасқа келгенде, жүзі нұрланып, ханшайымнан да сұлулана түседі.

Бір күні ханшайым айнасынан:
– Айнам менің айтар ма екен,
Бұл дүниеде Менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайды. Сонда айнасы:
– Ханшайымым менің,
Бұл дүниеде
Сіздің сұлулығыңыз елден артық,
Ақшақардың сұлулығы сізден мың есе артық, – деп жауап береді.

Мұны естіп ашуға булыққан ханшайым біресе көгеріп, біресе сазарды. Осыдан соң Ақшақарды көрсе, жүрегі қарс айырылатын болды. Қызды барынша жек көре бастады. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалады.

Ақырында, бір күні аңшыларының біреуін алдына шақырып алып, оған:
– Мына қызды орманға апарып, көзін құрт. Өлтіргеніңнің дәлелі ретінде маған оның өкпесі мен бауырын алып кел. Мен қызды көргім келмейді, – деп тапсырма береді.

Аңшы қызды ертіп, орманға келеді. Қанжарын суырып алып, бейкүнә қыздың жүрегіне сұғып алмақ болғанда, Ақшақар:
– Қайырымды ағатай, мені өлтірмеңізші. Мен алысқа, қалың орман ішіне кетіп қаламын, ешқашан үйге оралмаймын, – деп еңіреп жылайды.

Қыз сондай сүйкімді болғандықтан, аңшы оны аяп:
– Жарайды, сенің айтқаның болсын, жүгір, қаш! – деп қоя береді.
Қызды өлтірмегеніне өзі де қуанып, жеңілдеп қалады. Осы кезде алды нан бір жас елік кездеседі. Аңшы оны ұстап сойып, өкпесі мен бауырын алып, ханшайымға әкеп көрсетеді. Содан соң әйел оны аспазшыларға пісірткізіп, «Ақшақардың өкпесі мен бауыры екен» деп жеп алады.

Байғұс қыз қалың орманда жалғыз қалады. Кенет, ол кіп-кішкентай үйшікті байқайды. Аздап демалмақ оймен үйшікке кіреді. Үйшіктің ішінде аппақ дастарқан жаюлы тұрады. Дастарқанның үстіне жеті кішкентай табақ, әр табақтың жанына кішкентай қасықтар және жеті пышақ пен жеті шанышқы қойылыпты. Қабырғаның бойымен жеті кереует тұр екен. Ал олардың үстіне аппақ жамылғылар жабылыпты.

Белоснежка и семь гномов ертегі сказки на казахском языке братьев ГриммКеш батып, қараңғы түскен мезгілде үй иелері оралды. Олар жеті гном екен. Таудан кен қорытыпты. Әрқайсысы өз шамдарын жаққанда, үйдің іші жарық бола бастайды. Сонда олар үйдегі заттардың орнынан қозғалғанын, үйде біреудің болғанын сезеді.

Бірінші гном:
– Менің орындығыма кім отырған? – дейді.
Екіншісі:
– Менің табағымнан кім ас жеген? – дейді. Қалғандары да дәл осылай қайталайды. Бірінші гном жан-жағына қарап, төсегіндегі кішкене қыртысты көріп:
– Менің кереуетіме кім жатқан? – дейді.
Қалғандары да жүгіріп келіп, төсектерін қарайды. Олар да:
– Менің де кереуетіме біреу жатыпты, – дейді.

Жетінші гном өз кереуетіне жақындаса, төсегінде Ақшақар ұйықтап жатыр екен.
Ол басқаларын қасына шақырады. Барлығы жүгіріп келіп, аң-таң болады. Шамдарын әкеп, қыздың бетіне жарық түсіреді.
– О, міне, ғажап! Қандай сұлу қыз!

Гномдардың қуанғаны сонша, қызды оятқылары келмеді. Жетінші гном таң атқанша жолдастарының қасына бір сағаттан ұйықтап шығады. Таң атады. Ақшақар ұйқысынан оянады. Ол кішкентай адамдарды көріп, шошып кетеді.

Бірақ гномдар жылы қабақ танытып:
– Сенің атың кім? – деп сұрайды.
– Менің атым – Ақшақар, – деп жауап береді қыз.
– Біздің үйшікке қалай тап болдың?
Ақшақар өгей шешесінің өлтіргісі келгенін, аңшы оны аяп, босатып жібергенін, күні бойы қашып жүріп, осы үйшікті тапқанын айтып береді.

Гномдар:
– Үй шаруасымен айналыса аласың ба? Тамақ істеу, төсек жинау, кір жуу, тігу, тоқу қолыңнан келе ме? Үйді таза ұстауды білесің бе? Егер осы айтқандарға келіссең, осында қалуыңа болады. Ештеңеден қиналмайсың. Бәрі жетеді, – дейді.

Ақшақар:
– Жақсы, – деп қуанып кетеді.
Содан бастап ол гномдармен бірге тұрады. Гномдар таң ата тауға алтын кенін қазып, қорытуға кетеді. Содан кеш бата келеді. Оған дейін Ақшақар кешкі астарын дайындап, күтіп отырады. Үйді жинап, бәрін ретке келтіріп қояды. Мейірімді гномдар қызға жандары ашып:
– Өгей шешең сенің осында екеніңді жақында біледі. Байқа, үйге ешкімді кіргізбе, – деп үнемі ескертіп отырады. Ханшайым болса, өзінен басқа сұлу жоқ деп алаңсыз жүреді. Бірде ол:
– Айнам менің айтар ма екен,
Бұл дүниеде
Менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп айнасынан сұрап қалады.

Сонда айна:
– Ханшайымым менің,
Бұл дүниеде
Сіздің сұлулығыңыз елден артық,
Бірақ жеті таудың ар жағында,
Жеті гномның қасында жүрген Ақшақардың сұлулығы сізден мың есе артық, – деп жауап береді. Айнаның өтірік айтпайтынын білетін ханша йым қорқып кетеді. Аңшының өзін алдағанына, Ақшақардың аманды ғына көзі жетеді. Елдегі бірінші сұлу өзі емес, кішкентай Ақшақар екенін біліп, ашуға булыға түседі. Енді ол қызды қалай да тауып алуды ойластырады. Ақыры, ол айласын табады. Саудагер кемпір болып киініп, бет-ауызын бояп алады. Сөйтіп, жеті тау асып, жеті гномның үйшігін тауып, есігін қағады.

– Жақсы заттар сатамын. Алыңдар, – дейді.
– Келген жолыңмен жүре бер. Үй иелері ешкімді кіргізбе деген, – деп жауап береді Ақшақар.
– Ең құрығанда, қарап көрсеңші, – деп кемпір уланған тарақты алып шықты да, қызға көрсетті.Тарақ қызға ұнап қалады. Сөйтіп, ол есікті ашып жібереді. Екеуі бағасына да келіседі.
Сонда кемпір:

– Қане, мен шашыңды жақсылап тарап берейін, – дейді.
Аңқау Ақшақар кемпірге шашын тарауға
рұқсат етеді. Тарақ қыздың шашына тиген бойда, ондағы у бойына тез тарап, есінен танып, жерге құлап түседі.
– Осы жолы ажалың жеткен шығар, – дейді де, кемпір кетіп қалады.

Бақытына орай, бұл оқиға кешке таман болған еді. Көп кешікпей гномдар келеді. Ақшақардың еденде сұлық жатқанын көріп, мұның өгей шешеден келгенін түсіне қояды. «Не істейміз?» деп отырғанда, қыздың шашында қалған тарақты көреді. Улы тарақты шашынан ажыратып алған кезде Ақшақар да оянады. Сонан соң не болғанын айтып береді. Гномдар бөтен адамға есік ашпауды тағы да ескертеді.

Ханшайым бұл уақытта үйіне жетіп, айнаның алдына отырып, одан:
– Айнам менің айтар ма екен,
Бұл дүниеде
Менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайды.
Айна бұрынғысынша:

– Ханшайымым менің,
Бұл дүниеде
Сіздің сұлулығыңыз елден артық,
Бірақ жеті таудың ар жағында
Жеті гномның қастарында жүрген Ақшақардың сұлулығы сізден мың есе артық, – деп
жауап береді.
Мұны естіген әйел ызадан қалшылдап, дірілдеп кетеді.

– Ақшақардың көзін құрту керек! Қайтсемде, мен оны өлтіремін! – деп айғайлап жібереді.

Өгей шешесі ешкім білмейтін жасырын бөлмеге кіріп алып, «іске» кіріседі. Қып-қызыл, көрген жанның сілекейін шұбыртатындай әдемі алманың біреуін таңдап алып, оны улайды. Удың күштілігі сонша, бір тістеген адам сол жерде тіл тартпай кететін еді.

Белоснежка и семь гномов ертегі сказки на казахском языке братьев ГриммАлма дайын болған соң, ол жұмысшы әйелдер сияқты киінеді де, Ақшақарды іздеп жүріп кетеді. Жеті таудан асып, жеті гномның үйшігіне келеді. Есікті қағып еді, Ақшақар терезеден басын шығарып:
– Үйге ешкімді кіргізуге болмайды, жеті гном есікті ашуға рұқсат етпейді, – дейді.
– Олар дұрыс айтады, – деп жауап береді әйел.
– Бірақ мына алмаларды не істеймін, қайда жіберемін? Қаласаң, мен саған біреуін тарту етейін.

– Жоқ, маған ешкімнен ештеңе алма деген.
– Сен уланамын деп қорқып тұрсың ба? – деп сұрайды әйел.
– Сенбесең, қара, мен алманы екіге бөлейін: қызыл жағын сен же, ақ жағын мен жейін.
Ол мұны тегіннен-тегін айтқан жоқ. Мұндағы оның ойлаған арамдығы сол, ол алманың тек қызыл жағын улаған. Ақшақар, әрине алмаға қатты қызықты. Бірақ өзін ұстап тұрған болатын. Ал әйел өз бөлігін тісімен кірш еткізіп, шырынын ағызып жей бастаған кезде, ол шыдай алмайды. Терезеден қолын созып, жарты алманы алады. Тістегені сол еді, жерге құлап түсті. Қыздың қимылсыз жатқанын көрген залым ханшайым қуанғанынан сақ-сақ күліп:

– Қар сияқты аппақ, бетінің ұшы қан сияқты қып-қызыл, шашы қара ағаштай қап-қара сұлу қыз! Гномдарың енді сені ешқашан да оята алмас, – дейді де, бүкшеңдеп жүгіре жөнеледі.
Ол сарайға жеткен соң, айнаның алдына отыра қалып:

– Айнам менің айтар ма екен,
Бұл дүниеде
Менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайды.

– Ханшайымым менің,
Бұл дүниеде
Сізден асқан сұлу жоқ, – деп жауап береді.
Міне, оның көптен күткен жылы сөзін айна, ақыры айтты. Осыны естіп, ханшайымның жүрегі орнына түсті.

Белоснежка и семь гномов ертегі сказки на казахском языке братьев ГриммКеш батып, гномдар үйшіктеріне оралса, жерде сұлық жатқан Ақшақарды көреді. Орнынан көтеріп, оны тірілтуге әрекет жасай бастайды: шашын тарайды, денесін сумен, сонан соң шараппен жуады. Алайда ешнәрсе көмектеспейді. Ол өлген күйі, кірпігін қақпай жата береді. Бірақ түріне қарасаң, тірі сияқты: бетінің ұшы бұрынғысынша алқызыл әрі сол сүйкімді қалпын да.
Сонда гномдар:
– Мынадай сұлуды жерге көмуге қалай ғана көзің қияды? – деп қайғырады.

Сондықтан олар Ақшақарды көріп жүру үшін шыныдан табыт жасайды. Сонан соң қызды табытқа жатқызады да, сыртына алтын әріптермен оның атын, патша қызы екенін жазып қояды.
Бір күні бір ханзада орманда серуендеп жүріп, түнеп шығу үшін гномдардың үйіне келеді. Үйге жақындағанда таудың ең төбесіндегі табытты, оның ішінде жатқан сұлу Ақшақарды көреді. Сыртындағы алтын әріптермен жазыл ған жазуды оқиды. Сонда ол гномдарға келіп:
– Мен енді Ақшақарды көріп тұрмасам, өмір сүре алмаймын. Оны маған беріңдер. Мен оны жақсы көріп қалдым, –
дейді.

Гномдар жігітті аяп кетіп, табытты алуына рұқсат етеді. Ханзада нөкерлеріне табытты иықтарына салып, алып жүруге әмір береді. Алайда біраз жүрген соң нөкерлері бұталарға сүрініп қалады. Сол кезде қатты сілкіністен қыздың аузында қалған алма ұшып шығады. Сәлден соң өзі де оянып, табыттың қақпағын ашады да, кеудесін көтереді.

– Құдайым-ау, мен қайдамын? – дейді таңдана.
Ханзада қыздың тірілгеніне қуанып:
– Сен менің қасымдасың, – дейді.
Ханзада болған жайды түгел баяндап береді.

Белоснежка и семь гномов ертегі сказки на казахском языке братьев ГриммСонан соң ол:
– Сен маған ұнайсың, бәрінен де артықсың. Менімен бірге әкемнің сарайына барасың ба? Сен маған күйеуге шығасың ба? – дейді. Ақшақар оған келісімін береді. Сөйтіп, ханзаданың әкесі дүрілдеген той жасайды.Тойға Ақшақардың өгей шешесі де шақырылған болатын. Ол әдемі көйлегін киіп, айнаға келіп, одан:
– Айнам менің айтар ма екен,
Бұл дүниеде
Менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайды.

Сол кезде айна:
– Ханшайымым менің,
Бұл дүниеде
Сіздің сұлулығыңыз елден артық,
Ханшаның сұлулығы сізден мың есе артық, – деп жауап береді.

Мұны естігенде ол қатты долданады. Бастапқыда тойға бармаймын деп шешеді. Бірақ ол жас ханшаны көргісі келіп, мазасы кетеді. Ақыры, той болып жатқан сарайға келеді. Есіктен кірген бойда қалыңдықтың Ақшақар екенін таниды. Қатты қорқып кеткен ол, тұрған жерінде қалшиып қатып қалады да, жерге құлап түседі. Сол жерде залым әйел жан тапсырады.

Белоснежка и семь гномов ертегі сказки на казахском языке братьев Гримм



Источник: Белоснежка и семь гномов ертегі сказки на казахском языке братьев Гримм

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (01.04.2012)
W

Просмотров: 11892
| Теги: сказки на казахском языке, Белоснежка и семь гномов, братьев Гримм, ертегі
| Рейтинг: 4.0/2

Похожие материалы

  • Сладкая каша — Тәтті ботқа (Сказки братьев Гримм)
  • Ертегі: Ақ тышқан мен нәресте (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақылды етікші (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын балық — Золотая рыбка (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ғылманның өнері (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі дос (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ