Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки

Ертегі: Бақа Ханшайым – Принцесса-Лягушка

загрузка...

Бақа Ханшайым  – Принцесса-Лягушка

(орыс халық ертегілері)


Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Оның ер жеткен, сымбатты үш баласы болыпты. Үшіншісінің аты Иван екен. Бірде әкесі ұлдарын шақырып:
– Балаларым, садақтарыңды алып, оны қалаған бағыттарыңа атыңдар. Жебелерің кімнің ауласына түссе, сол үйдің қызына үйленесіңдер, – деген өз шешімін естіртеді.

Айтты, бітті. Үш жігіт құрал-саймандарын асынып, аулаға шығады. Алдымен садақты ең үлкен ағасы тартады. Оның жебесі бай үйінің терезесіне кеп қадалады. Екінші кезек ортаншысына тиеді. Бұның жебесі саудагердің шатырына барып тіреледі. Ал, кенже ұлы Иванның зымырай ұшқан жебесі саз балшықты мекен ететін бақаның жанынан бір-ақ шығады. Сөйтіп, патшаның балалары өздеріне бұйыртқан қалыңдықтарына құда түседі. Үлкені бай қызына, екіншісі саудагердің қызына, Иван бақаға үйленеді. Бір күні патша келіндерін сынамақ болып, ұлдарына:

– Әйелдерің маған ертеңгілік асқа үлпілдеген нан пісірсін, – деп бұйырады.Басы салбырап Иван ханзада үйіне келеді. Оны көрген бақаға тіл бітіп:
– Иван, неге мұңайып отырсың? – деп сұрайды.  – Мұңаймай қайтейін, әкем саған ертеңгілік асқа үлпілдеген нан пісірсін деді.
– Қайғырма! Барып ұйықтай бер. Таңғы нәсіп – тәңірден, бір мәнісі болар. Иван төсегіне барып жатады. Ханзада ұйықтасымен, бақа терісін шешіп, сұ лу қызға айналады. Бұл Василиса ханшайым еді. Ару үйдің шатырына шығып:

– Тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсірген аяулы анала рым, жиналып, қамданып, маған келіңдер, көмектесіңдер. Таң атқанша әкемнің үйіндегідей үлбіреген нан пісіріп беріңдер! – дейді бар даусымен. Ертеңіне ханзада оянса, бақаның наны дайын екен. Иван иісі аңқыған нан ды алып, сарайға келеді. Әйелдері пісірген нандарын көтеріп ағалары да жетіпті.

Патша алдымен үлкен ұлының нанынан дәм татып, оны ұнатпайды. Екінші ұлынікі де ойынан шықпайды. Тек Иван әкелген нанға көңілі толып:
– Нан деп осыны айт! Бұл тойларда жеуге лайық ас екен, – деп мақтайды.Содан соң патша ұлдарына келесі шартын қояды:
– Енді, әйелдерің бар өнерлерін салып, бір түннің ішінде әдемі кілем тоқысын!Тағы да басы салбырап, Иван ханзада үйіне оралады. Мұны көрген бақа:
– Не болды? Көңілсізсің ғой, – деп сұрайды.
– Әкем саған «бір түннің ішінде керемет кілем тоқысын» деді.
– Налыма, барып дем ал! Таңғы нәсіп – тәңірден, бір мәнісі болар, – дейді бақа.

Ханзада ұйықтасымен, ханшайым тағы да үйдің шатырына шығып:
– Тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсірген аяулы аналарым, жиналып, қамданып, маған келіңдер, көмектесіңдер. Ертеңге дейін жібектен кілем тоқып беріңдер! – дейді дауыстап.   Таң атады. Ұйқысынан оянған Иван жарқыраған кілемді көреді. Оны орап, сарайға келеді. Ағалары да кілемдерін құшақтап жеткен екен. Патша алдымен үлкен ұлының кілемін көріп, жақтырмайды. Екінші ұлының кілемі де ұнамай, екеуін атқораға жібертеді. Тек Иванның кілеміне таң қалып:

– Міне, қалай тоқу керек! Бұл тек үлкен мерекелерде ғана төсеуге лайық кілем емес пе?! – деп риза болады.
Патша енді балаларына:
– Ертең үшеуің әйелдеріңді алып, алдыма келіңдер! – деген үшін ші шартын айтады.
Мұны естіген Иван ханзаданың ұнжырғасы мүлдем түсіп, үйіне оралады. Оның көңілсіз түрін көрген бақа ханшайым:
– Не болды, неге сонша мұңаясың? – деп сұрайды.
– Қуанарлықтай хабар жоқ, әкем бізге «әйелдеріңді алдыма алып келің дер» деді. Сені оларға қалай көрсетемін?

– Қайғырма! Бір мәнісі тағы болар. Ертең сарайға өзің жалғыз бара бер. Мен артыңнан келемін. Тасырлаған дыбыс естілген кезде: «Бұл күймемен келе жатқан менің келіншегім» дерсің, – дейді бақа. Таң бозарып атады. Патшаның алдына әйелдерін ертіп екі ағасы мен Иван ханзада келеді. Ағалары жалғыз тұрған інісін мазақтап күледі. Осы кезде тасырлаған қатты дыбыс шығып, жер сілкінгендей болады.  Сонда Иван ханзада:

– Қорықпаңдар, бұл күймемен келе жатқан менің келіншегім, – дейді. Иванның ағалары келіншектерін ертіп, сыртқа шығады. Есік алдына алты атқа жегілген алтын күйме келіп тоқтайды. Ішінен әсем киінген Василиса шығады. Өзі өте әдемі, сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Мұны көргендер аң-таң. Василиса ханшайым күймеден түсіп, Иван ханзадаға еріп ішке кіреді.

Патша балалары мен келіндерін дастарқан басына шақырады. Олар дәмнен алып, әңгімедүкен құрады. Василиса ет жеп болып, сүйектерін байқатпай оң жақ жеңіне салып жібе реді. Шарап ішіп, қалғанын сол жақ жеңіне құя салады. Отырыстың қызған шағында ол Иван ханзадамен ортаға шығады. Билеп жүр іп, сол қолын сермеп қалады. Осы кезде көл пайда болады. Оң қолын сермегенде, көлде аққу лар жүзіп жүреді. Мұндай кереметті көрген патша балаша мәз болып, кіші келініне өз ризашылы ғын білдіреді.

Василиса келгеннен бойларын қызғаныш сезім билеген патшаның үлкен екі келіні ханшайымның әрбір қимылын бақылап отырған еді. Олар да қалыспай, сол жеңдеріне шараптың қалғанын құйып, оң жеңдеріне сүйек саяқты салып, ортаға шығады. Билеп жүріп, сол қолдарын сілтеп жібереді. Шарап отырғандардың бетіне шашырайды. Оң қолдарын сілтегенде, сүйектер жан-жаққа ұшып, біреуі патшаның дәл көзіне тиеді. Патша ашуланып, оларды сарайдан қуып жібереді.

Осы кезде Иван ешкімге білдірмей сыртқа шығады. Жүгіріп үйіне жетеді де, әйелінің бақа терісін отқа салып жібереді. Артынша Василиса ханшайым да оралады. Келіп өзінің «киімін» іздестіре бастайды. Терісі жоқ. Оны Иванның жағып жібергенін біліп, қатты қайғырады.
– Аһ, Иван! Сен не істедің? Аз уақыт күткеніңде, мәңгіге жаныңда қалар едім. Енді қош бол! Мені іздесең көз көрмес, құлақ естімес жердегі Кащейдің* қолынан табасың, – деп, Василиса аққуға айналып, ұшып кетеді.

Иван ханзада бұл ісіне қатты өкінеді. Қайтсе де Василисаны іздеп таппақшы болып, басы ауған жаққа бет алады. Ол тоқтамастан күн, түн жүріп, әйтеуір шаршап-шалдыққан бір мезетте жолаушылап келе жатқан қарияға жолығады.

– Күйлі қуаттымысыз, ақсақал? – дейді амандасып.
– Рақмет, балам, қайда бет бұрдың? – деп сұрайды одан қария.
Иван оған болған жағдайды түгел баяндап береді.
– Иә, Иван ханзада, – деп қария күрсінеді. – Василиса – патша қызы. Бала күнінен өте данышпан, зерек болды. Ақылы, тіпті, өз әкесінен асып түсті. Бірде ол әкесіне қарсы келіп, оны ашуландырып алған еді. Осы қылығы үшін патша қызын «үш жыл бақа болып бақылдап жүр» деп сиқырлап тастады. Жә, болар іс болды. Мына шүйде жіпті ал, бұл саған жол көрсетеді, – деп сөзін аяқтайды.  Иван қарияға алғысын білдіріп, шүйде жіптің соңынан ілесіп жүріп отырады. Бір кезде алдынан аю шығады. «Мына аюды өлтірсем қайтеді?» деп ойлайды Иван. Ханзаданың бұл ойын сезген аю:
– Мені өлтірме, Иван ханзада! Саған бір пайдам болар, – деп сөйлеп кетеді. Иван аюға тимей, жөнімен кетеді. Кенет, төбесінен үйрек ұшып өтеді. Ханзада лезде жебесін алып, дәлдей бастайды.

– Иван, ата көрме! Менің де бір пайдам тиіп қалар, – дейді үйрек. Ханзада құсты өлтірмей, жолын жалғастырады. Енді алдынан қоян жүгіріп шығады. Иван бұл жолы да жебесін алып, оны дәлдемек болады. Сонда қоян:
– Өлтіре көрме, Иван ханзада! Мен саған әлі қажет боламын, – деп жалынады.

Иван қоянды өз бетімен жібереді. Осылай тоқтамастан ұзақ жол жүрген ол, Көк теңізге келіп жетеді. Жағалауда әрең тыныс алып жатқан шортан балыққа тап болады. Шамасы, оны толқын әкеліп тастаған болуы керек.
– Иван ханзада, маған бір мейіріміңді түсір. Суға зар болып жатырмын, мені теңізге қоя бер, – деп балық жалынып-жалбарынады. Иван шортанды суға жібереді. Осылай шүйде жіп домалап барып, жағалауда ғы ағаш үйге келіп тіреледі. Бұл түйе тауықтың аяғындай екі аяғы бар үйшік еді. Иван ханзада оған:

– Құс аяқты үйшігім,Дем алсам ба деп едім?Есігің теріс қарап тұр,
Енді оны маған бұр! – дейді.
Осы кезде теңізге қарап тұрған құс аяқты үйшік бұрылып, Иванның алдынан есігі ашылады. Іште, пеш үстінде Мыстан кемпір жатыр екен.
– Әй, жас жігіт, неге келдің? – дейді ол тісін қайрап.   – Ау, апа, алдымен құр жатқанша, мені тамақтандырсаң етті? – дейді ханзада.

Мыстан Иванды тамақтандырады. Біраз тынығып, әлденіп алған ханзада кемпірге болған жағдайды түгел баяндап бе ріп, көмек сұрайды.
– Қызды босату өте қиын. Ол үшін өлмес Кащейді өлтіру керек. Ал, оның жаны иненің ұшында, ине жұмыртқада, жұмыртқа үйректе, үйрек қоянның ішінде, қоян сандықта, сандық емен ағашының басында ілулі тұр. Сол еменді Кащей көзінің қарашығындай сақтайды, – дейді мыстан.
Содан соң ол ханзадаға емен ағашының қайда өсіп тұрғанын айтып, жол сілтеп жібереді.

Иван аз жүрді ме, көп жүрді ме, әйтеуір бір кезде Кащейдің мекеніне жетеді. Мыстан айтқан емен ағашын тауып, оның басындағы сандықты көреді. Сандықты қалай аларын білмей тұрғанда, баяғы өзі кездестірген аю шыға келіп, ағашты түбірімен жұлып, лақтырып жібереді. Сонда сандық жерге құлап, сынады. Ішінен қоян ытқып шығады. Оны сол баяғы өзі кездестірген қоян қуа жөнеледі.

Ол қуып жетіп, бас салған мезетте, қоянның ішіндегі үйрек сытылып көкке көтеріледі. Бұл үйректі алғашқыда өмірін сақтап қалған үйрек ұшып барып, бас салады. Бірақ жұмыртқа домалай теңізге құлайды. Иван енді не істерін білмей тұрғанда, жұмыртқаны өзі көмектескен шортан жағалауға алып шығады. Ол жұмыртқаны жарып, ішіндегі инені ханзадаға береді. Иван иненің ұшын сындырады. Осылай Өлмес Кащейдің күні бітіп, бақи болады.

Ал, Иван ханзада Василисаны ертіп, еліне оралады. Патша қуаныштан бү кіл халқын жиып үлкен той жасайды. Алдыңғы екі ұлын әйелдерімен қосып, осы қуанышқа шақыртады.Осылай мұратына жеткен Иван ханзада мен Василиса ханшайым өмірлерінің соңына дейін бақытты да баянды күн кешіпті. 

*Кащей – орыс халық ертегілерінде кездесетін жағымсыз кейіпкер, қу сүйек, арық, жауыз шал, мәңгілік өмір иесі.  



Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (11.01.2013) W
Просмотров: 13062 | Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі | Рейтинг: 5.0/2



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.