Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге — Стихи на казахском — Казахский...

Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге — Стихи на казахском — Казахский язык

5010
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге

загрузка…

Әсемпаз болма әрнеге


Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

Источник: олең, Абай Кунанбаев, стихи на казахском языке, олендер, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (21.01.2013)
W

Просмотров: 63519
| Теги: олең, стихи на казахском языке, олендер, Абай Кунанбаев, олен
| Рейтинг: 4.4/16

Похожие материалы

  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев — Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жазғытұры
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Қансонарда бүркітші шығады аңға
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Ескендір
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Масғұт
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әзім әңгімесі
  • Стихи о родном языке на казахском

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ