Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Бұлбұл мен есек – Стихи на казахском – Казахский...

Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Бұлбұл мен есек – Стихи на казахском – Казахский язык

1515
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Бұлбұл мен есек

загрузка…

Бұлбұл мен есек

Бір күні Бұлбұл құсты Есек көрді,
Қасына сөз айтпаққа жақын келді.
«Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды,
Тыңдайын, достым, біраз сайра, – деді. –
Кім білсін мұнан былай көрерімді,
Сайра деп тағы саған келерімді.
Мен тұрмын өзім естіп сынамаққа,
Мақтаудай бар ма екен деп өнеріңді».

Есектің сөзін Бұлбұл қабыл алды,
Құлағын салып Есек тұра қалды.
Дауысын әлденеше түрлендіріп,
Сандуғаш не әдемі әнге салды.

Бұлбұл түр түрлі-түрлі әнге салып,
Сайрайды бірін нәзік, бірін анық.
Даусындай сыбызғының алыстағы
Құлаққа кейбір даусы келді талып.

Біресе шиқылдаған ащы дауыс
Шекеңнен өте жаздап құлақ жарып.
Жан-мақлұқ, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа
Тыңдады орны-орнында тұра қалып.

Сайрады бірде ақырын, бірде қатты,
Кейде ысқырып, кей уақыт таңдай қақты.
Жел тынып, құстар қойып шулағанын,
Қойлар да күйісін тыйып, тыңдап жатты.

Көрсетіп бар өнерін болды Бұлбұл,
Есекке қарсы қарап қонды Бұлбұл.
Қарап тұр екі көзін айырмастан,
«Сыншы не дер екен?» – деп енді Бұлбұл.

Сонда Есек сөз айтады Бұлбұл құсқа:
«Мақтаулы бар ғой әнпаз әрбір тұста.
Солардың баршасы да әдемі әнге
Тауықтың айғырындай емес ұста.

Айтайын мен бір ақыл, Бұлбұл шырақ,
Тыңда сен ілтипатпен салып құлақ.
Қораздан біразырақ ән үйренсең,
Сайрар ең мұнан гөрі де артығырақ».
Бұл сөзге жәбірленіп Бұлбұл қатты,
Сөз тыңдап онан әрі тұра алмапты.
«Есекке сынатпасын Құдайым», – деп,
Пыр етіп ұшыпты да кетіп қапты.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013)
W

Просмотров: 10372
| Теги: олең, стихи на казахском языке, олендер, олен, Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Оқуға шақыру
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қазақ қалпы
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қазақ салты
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Аққу, шортан һәм шаян
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қарға мен түлкі
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қартайған арыстан
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Иттің достығы
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY