Қастек БАЯНБАЕВ – Балабақша – Стихи на казахском – Казахский язык

Қастек БАЯНБАЕВ – Балабақша – Стихи на казахском – Казахский язык

1522
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Қастек БАЯНБАЕВ – Балабақша

загрузка…

Балабақша

1. Жетіге аяқ басқалы
Жетіге аяқ басқалы
Жүз жыл өткен сияқты.
Ұмыт бола бастады
Созған күндер
Құлақты.
Күнтізбенің биылғы
Бетін күнде аударам.
Менің туған күнімді
Ұмытты ма
Әлде анам?
Өтіп жатыр ретімен
Көктем жазға жалғасып.
Осындайда жетіден
Кетпедім бе
Әлде асып?
Қанша жүрем күтініп,
Бөкпенімді жеп текке.
Балабақты бітіріп,
Барсам деймін мектепке.

2. Таңертең

Ерте тұрғым келмейді,
Бірақ тағы тұрамын.
Көзім түкті көрмейді,
Естімейді құлағым.

Суды ағызып ақырын,
Жуған болам бетімді.
Кешегі көп ақылым
Кеміп қалған секілді.

Балабаққа бүгін де
Барғым келе қоймайды.
Жақсы көрем үйімде
Кейде жеке болғанды.
Бірақ үйден шығамын,
Қол ұстасып көкеммен.
Ашылып көз,
Құлағым,
Балабаққа жетем мен.

3. Кешкілікте
Біз ересек баламыз,
Аппақ жаға-жеңіміз.
Біріншіге барамыз
Биыл күзде көбіміз.
Кейде қызып қанымыз,
Қызарса да шекеміз,
Кешке қарай бәріміз
Ақылды бол кетеміз.

Тымырайып ондайда,
Қайта жымың қағамыз.
Сағат алты болғанда,
Шырт киініп аламыз.
Келсе бізді алуға
Апамыз не көкеміз,
Әлгілердің жанында
Жайраң қағып кетеміз.

4. Ерекше күн

Бүгінгі күн
Бір түрлі,
Түс сияқты,
Сиқырлы.
Өздігімнен ояндым
Қандырған соң ұйқымды.
Түс емесін білгенмен,
Түсіне алмай бірден мен,
Қарай бердім бөлмеме,
Көзім әбден үйренген.

Қалай екен мұнысы?
Неге күңгірт үй іші?
Қорқынышты көрінді
Қараңғы төрт бұрышы.

Ұшып тұрып
Мен жылдам
Жатқан жылы орнымнан,
Терезеге ұмтылдым,
Перде тұтқан торғыннан.

Шетін аштым перденің,
Тек ештеңе көрмедім.
Жаңбыр жауып тұр екен,
Байқағаным сол менің.

Болар мұндай
Күн сирек,
Жүрегім тұр дүрсілдеп.
Оятпаған болды ғой,
Бүгін үйде жүрсін деп.

Кім құмартар
Жауында
Балабаққа баруға.
Ойнап қана отырам
Мен әжемнің жанында.

Ерекше екен
Бүгін күн,
Деп қуана жымидым.
Жастығымды теңкиген
Жұдырықпен бір ұрдым.
Ұйқым бүгін қанды анық,
Қайтем жатып жайланып.
Жүгірдім үй ішінде,
Үстелді шыр айналып.

Дүңкілдетіп еденді,
Қарғып көрдім мен енді.
Тер шығарып,
Өзімше
Сергіттім сәл денемді.

Содан кейін жуынып,
Асықпастан киініп,
Соқпақ болып ойынды,
Алдым жеңді түрініп.

Тайбуырылдай ақылды
Ерттеп ағаш атымды,
Аттандым бір айқасқа,
Қысып қалып тақымды.

Асып туған батырмын,
Арыстанша ақырдым,
Қарсы келген дұшпанды
Шөпше шауып,
Жапырдым.

Жұрт ермесе соңыңнан,
Түк шықпайды ойыннан.
Сәлден кейін
Жалықтым
Тіпті батыр болудан.
Атым жатыр болдырып,
Мен отырмын ой қуып.
Терезенің түбінде,
Сыртқа қарап,
Телміріп.
Жаңбыр үнсіз себелеп,
Тынар емес,
Не керек!
Үйдің іші көңілсіз,
Болып кетті керемет.
Мына жаңбыр бірақ та
Жауа қоймас бір апта.
Көп ұзамай,
Ойнармыз
Асыр салып шуақта.
Айналаның бәрі бұлт,
Кеткендей үй тарылып.
Жылардай боп отырмын,
Бала бақты
Сағынып.

5. Аптаның аяғында

Бала бақтың тәртібін
Сақтадым мен алты күн.
Дәмді-дәмсіз бөкпеннің
Бәрін өзім жеп келдім.
Сапқа тұрып,
Салдым ән,
Құмарлығым бар бұған.
Қала сыртын көруге
Шықтым кеше сейілге.
Жуынуға
Күн сайын
Кеткен шығар бір сабын.
Өтті кілең қиын күн,
Көп шешініп,
Киіндім.

Түскі ұйқының қорлығын
Тағы көрдім
Мен бүгін.

Тәртіп сақтай бергеннен


6. Демалыс

Қинамайды мені анам,
Бүгін үйде дем алам.
Тәртіп сақтау керек деп,
Жүгірмеймін дедектеп.

Ретін тауып мұндайда,
Болады бет жумауға.

Бүгін дәмсіз бөкпенді
Жемесең,
Түк етпейді.

Болады үйде жүргенде
Таза киім кимеуге.

Келген жоқпын мен үйге
Шығу үшін сейілге.

Түскі ұйқыны…
Қой әрі,
Түнде ұйықтасам болады.
Келдім екен үйіме,
Түсем ерке күйіме.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Қастек БАЯНБАЕВ , олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (08.03.2013)
W

Просмотров: 15510
| Теги: олең, Қастек БАЯНБАЕВ, стихи на казахском языке, олендер, олен
| Рейтинг: 5.0/1

Похожие материалы

  • Қастек БАЯНБАЕВ – Ашық күн
  • Қастек БАЯНБАЕВ – Ақыл тіс
  • Қастек БАЯНБАЕВ – Күдік
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев – Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жазғытұры

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY