Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском

Ілияс ЖАНСҮГІРОВ - Өтірік өлеңдер

Өтірік өлеңдер

Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын құмырсқаның ұстап бағып,
Қой тастан адыр-адыр түлкі қақтым.
Мен өзім жас күнімде тырна бақтым,
Тырнамды семірсін деп қырға бақтым.
Балықтың бас-аяғын түгендеуге,
Іле де итке мініп үш жыл ақтым.
Мен өзім жас күнімде қарға бақтым,
Қарғаны семірсін деп қарға бақтым.
Мешін жылы ақсүйек үлкен жұт боп,
Арығына қарғаның жабу жаптым.
Мен өзім жас күнімде қарға бақтым,
Арықтап, әр қарғама жабу жаптым.
Желді күні жетеуі желдеп кетіп,
Түу Бақастың түбінен әрең таптым.

Қарғам жеріп, ішпеді суын қақтың,
Суы қылды қашықтық Белбұлақтың.
Ақөзектен инемен құдық қазып,
Күнде үш уақыт қарғамды суға жаптым.
Шымшықтың шылым қылдым қу басынан,
Бозторғайдың шылбыр қылдым шудасынан.
Көбелектің қанатын көпір қылып,
Теңіздің өте шықтым турасынан.
Көбелек тумай жатып үйін көрдім,
Балықтың соймай жатып миын көрдім.
Өзгем өтірік болса да осыным шын,
Астыма тышқан мініп, түйе өңгердім.
Келемін өзен құлдап, масаны айдап,
Үркіттім инелікті адағайлап.
Болғанда құрбан айты құрбан шалдым,
Асауын бөгелектің жемге байлап.
Айттым да өтірік өлең желдей естім,
Ұстап ап қос құланның мұрнын тестім.
Болса да өзге өтірік осыным шын,
Жүк артып бес қоңызға түнде көштім.
Айттым да өтірік өлең желдеп кеттім,
Соңымнан көбелекке кел деп кеттім.
Асауын бөгелектің ұстап мініп,
Астыма бес қап бидай теңдеп кеттім.
Бөгелек ертең ерте пісіріп жүр,
Тақымға тамақты таудай қыстырып жүр.
Өзгем өтірік болса да осыным шын,
Мойнында бөгелектің бес құрық жүр.
Үлкені бұл дүниенің маса батыр,
Маса батыр бір тауды қашап жатыр.
Бір масаның семізін сонда көрдік,
Алпыс екі табаққа жасап жатыр.
Ауыры бұл дүниенің үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
Көтеріп «Көс!» деп барып қойғанымда,
Көтере алмай жығылды атандарым.
Жыланды жолда жатқан таяқ қылдым,
Тасбақаның сүйегін аяқ қылдым.
Шегірткенің айғырын шертіп мініп,
Қоспастан үйіріне саяқ қылдым.
Айттым да өтірік өлең елге жақтым,
Қайырып көбелекті көлге жаптым.
Инелікпен масаны құда қылып,
Үстіне инеліктің шекпен жаптым.
Айыр қылдым жыланның жонын илеп,
Көбелекке жүр екен сона күйлеп.
Сол сонаның айғырын іздеп жүрсем,
Бір тоғайды жүр екен түйе сүйреп.
Инелікке міндім де сона қудым,
Үш күн түнеп сонаны қона қудым.
Енді жеттік дегенде ине сынып,
Енді инелік мінбеске тоба қылдым.
Төске тарттым жыланның иегінен,
Тіс шұқышым шіркейдің сүйегінен.
Ар жақтағы араны алты ай қуып,
Жаңа қайтып келемін түнеугіден.
Ор тышқанның тісінен балта еткенмін,
Бас терісін боқшама қалта еткенмін.
Көбелектің қанатын көпір қылып,
Адам өтпес дариядан алты өткенмін.
Атасы сона деген кәпір екен,
Құмырсқа – бір талай жан батыр екен.
Үйіне көбелектің кіріп келсем,
Ас беріп әкесіне жатыр екен.
Асына тамам сона тойған екен,
Қырық өгіз, алпыс бие сойған екен.
Асына бүгін барып, кеше келдім,
Бейіт қып Алатауды ойған екен.
Келеді мына жақта тоты маса,
Біреуінің тұмсығы темір аса.
Жегенге ептеп-септеп тамақ жоқта,
Ет шықты елу табақ, бір тамаша.
Кенеге кежім жауып бесті ат қылдым,
Бетегені бес жарып, келсап қылдым.
Бозторғайдың шудасын күзеп алып,
Күндіз-түні иіріп, бес қап қылдым.
Көбелектің көнектей майын алдым,
Төрт елі иегінен айыл қылдым.
Атым сиген жерден көл тұрғызып,
Көлденеңі қырық кез жайын алдым.
Жібердім бес сауысқан ұры жарға,
Жануар бірі жүйрік, бірі жорға.
Өзгем өтірік болса да осыным шын,
Жүк қылдым кекілікті бес жүз нарға.
Бөденемен қайырдым бөлтірікті,
Басына қарағайдың көл тұрыпты.
Өзгем шірік болса да осыным шын,
Бір шалды шіркей теуіп өлтіріпті.
Байладым жылқы қылын отыз түлкі,
Борсықты ұстап мінсең – аттың мүлкі.
Ішінде топ кісінің жығып кетіп,
Қылдың ғой, ойбай қарсақ, мені күлкі.
Күмістен ақ тышқанға таға қылдым,
Терісін бір тышқанның жаға қылдым.
Терісін сары масаның жыртпай сойып,
Жиыны он бес қарыс саба қылдым.
Жоғары жақтан келемін құлан атып,
Құла шолақ тышқанды бұлаңдатын.
Жеті өзеннің жанынан түлкі қақтым,
Көртышқанның жонынан айыл тақтым.
Маса қызын беріпті көбелекке,
Күйеу жолдас болыпты бөгелек те.
Шаранадан қарық қып жыртыс жыртып,
Той қылып, ат шаптырды төңірекке.
Маса қызын беріпті көбелекке,
Қара шыбын жүріпті жеңгелікке.
Тоғыз сона тойға мал айдап сойып,
Ақ киізін артыпты инелікке.
Түментіден келемін жоғары өрлеп,
Төрт қап өлең тендедім аузын түйреп.
Төрт қабының бірінің аузын ашсам,
Анау-мынау қашады тонын сүйреп.
Шымшықтың шылым қылдым қу басынан,
Бозторғай шідер қылдым шудасынан.
Бір өзіме қарайтын мың торғай бар,
Ешкім менен бай емес бір басымнан.
Бозторғайдың жүзі жүр жұлмасынан,
Тоқитұғын қап-шекпен шудасынан.
Торғай тұрып қатыным түйе іздейді,
Болады екен олағы ұрғашыдан.
Бит айтады сіркені қатыным деп,
Сірке айтады жейдені шатырым деп,
Бит өлгенде бұл сірке не деп жоқтар,
Ақ тырнақпен алысқан батырым деп.
Алтыннан ақ қоянға қақтым таға,
Бір тышқаннан үш тонға піштім жаға.
Суыған сайын кигенде күйдіреді,
Кешке оранып жатады бала-шаға.



Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Ілияс ЖАНСҮГІРОВ, олен
Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013) W
Просмотров: 11194 | Теги: олең, стихи на казахском языке, олендер, олен, Ілияс ЖАНСҮГІРОВ | Рейтинг: 4.2/6



Похожие материалы
Всего комментариев: 0
Казахский язык
Английский язык
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Блок
Имена
Блок
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.
Создать сайт бесплатно