Мәриям ХАКІМЖАНОВА — Алақай — Стихи на казахском — Казахский язык

Мәриям ХАКІМЖАНОВА — Алақай — Стихи на казахском — Казахский язык

96
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Мәриям ХАКІМЖАНОВА — Алақай

загрузка…

Алақай

Балақай-ау, балақай,
Жер құлпырып жаз келді.
Айнала гүл, алақай.
Ауыл маңы өзгерді.
Қырдың қызыл гүліне
Бар, бөбегім, жүгіріп,
Қызықсын жұрт түріңе,
Қалма жолда кідіріп.
Көк ала қанат көбелек,
Әне гүлге байланды.
Қызықтырып сендерді –
Дөңгеленді, айналды.
Алақай-ау, алақай.
Қара, қара, балақай.
Құйрықтарын тістесіп
Ойнақтайды құлын-тай,
Ботақан мойнын иіріп.
Бұзау мұрнын шүйіріп.
Қошақандар коржаңдап,
Лақ секірген сүрініп.
Қызық, қызық, алақай,
Еркелеткен бәрін май.
Төбеде ұшып қалықтай,
Ән салады боз торғай.
Алақай-ау, алақай.
Келді күткен сұлу ай.
Мен бастайын жаз жырын,
Кел, бөбегім, қосылшы-ай!

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Мәриям ХАКІМЖАНОВА, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013)
W

Просмотров: 4484
| Теги: олең, стихи на казахском языке, Мәриям ХАКІМЖАНОВА, олендер, олен
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Мәриям ХАКІМЖАНОВА — Ана мейірімі
  • Мәриям ХАКІМЖАНОВА — Балама
  • Мәриям ХАКІМЖАНОВА — Апама
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев — Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жазғытұры

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ