Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском

Сырбай МАУЛЕНОВ - Бала жолбарыс

загрузка...

Бала жолбарыс

Кетті ол күн алысқа
Ақ тақырға аунатып.
Түстім талай жарысқа
Қара жолды шаңдатып.
Кешке дейін қаңғырып,
Көлден іздеп жұмыртқа.
Шаршап әбден шалдығып
Үйге оралдым ымыртта.
Жатсам үйде оранып,
Тұйықтап ап көрпені.
Ойыма кеп оралып,
Ұйықтатпайтын ертегі.
Мініп жұлдыз – боз атын,
Алыстағы ай келіп,
Шақырып қол созатын,
Аспанынан жай беріп.
– Құмарыңнан шығасың,
Түн көрікті күндізден.
Мұнда келсең тұрасын
Көрші болып жұлдызбен.
«Жоқ, аспанға бармаймын,
Жұмысым жоқ көгіңде.
Тілдеріңді алмаймын,
Қаламын мен жерімде.
Ақ балығын аулайтын
Жердің көлін қимаймын.
Жата қалып аунайтын
Белдің шөбін қимаймын.
Жүгіретін жарысып
Жағаларды қимаймын.
Ойнап жүрген алысып
Балаларды қимаймын.
Жазды күні жайқалған
Гүлді алапты қимаймын,
Қыста түнде қайтарған
Сырғанақты қимаймын.
Ақ боранын сапырған
Қыстың күнін қимаймын.
Көлдеріне шақырған
Құстың үнін қимаймын.
Қойныма еніп қалғыған
Мысығымды қимаймын.
Іздерімді аңдыған
Күшігімді қимаймын.
Сайран салып жүретін
Сахараны қимаймын.
Жанын жайып күлетін
Ата-ананы қимаймын».
Келіскендей менімен
Тоқтап айтқан бұл сөзге.
Жоқ болып ай көгінен
Жалт береді бір кезде.
Кетсем енді ұйқыға
Дөңбекшимін түс көріп.
Жолығамын сиқырға
Жалын шашқан тістеніп.
Қалтылдаған қармақтай
Жаутаң қағып жан-жаққа.
Кең далада қаңбақтай
Зымыраймын аулаққа.
Таусылады күш-демім,
Дыбыс жоқ құр жылаймын.
Әкеме айтып түстердің
Жөн-жосығын сұраймын.
– Әр нені айтып ертек деп
Ауру қылдың баланы, –
Дейді шешем елпектеп
Жасқа толып жанары.
Жайымды әкем сезгендей
Жаурыннан қағады.
Енді менен безгендей
Күңгірт ойлар манағы.
Бәрі кетті көңілден
Ашылды ой аспаны.
Ертегі емес өмірден
Бір әңгіме ол бастады.
– Әңгіменің осы бір
Шындық қана желісі.
Қорықпайсың шошып құр,
Жоламас су перісі.
Бұл өмірдің дастаны,
Бұзбайды еш ұйқыңды.
Жалбыраған шаштары
Жоқ мыстандар сиқырлы.
Жоқ, шошитын сен мұнда,
Қурап қалған ат басы.
Кездеспейді шөл, құм да,
Жыландардың патшасы.
Бұл бір батыр баланың
Бастан кеткен шындығы.
Өксіп өткен бабаның
Өшпейтұғын жыр-мұңы.
Көп білетін әкеме,
Көз тігемін сүйіне.
Жатқандай ол әкеле
Тағы бір тың дүние.
Ашылады қиырдан,
Тағы қызық басқа өмір.
Балапандай ұйыған,
Бала қиял, жас көңіл.
Дүниеден қол үзіп,
Ұмытамын өзгені.
Байтақ, бақыт, мол қызық,
Әкем айтқан сөздері.
Шертеді әкем әңгіме,
Баян етіп бір жайды.
Ашуланған әлгінде
Шешем де кеп тыңдайды.
Гуілдейміз ал енді
Көңіліміз бір өсіп.
Аралаймыз әлемді,
Әңгімеге ілесіп.



Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Сырбай МАУЛЕНОВ, олен
Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (26.02.2013) W
Просмотров: 6339 | Теги: олең, Сырбай МАУЛЕНОВ, стихи на казахском языке, олендер, олен | Рейтинг: 5.0/3



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.