Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском

Өтебай ТҰРМАНЖАНОВ - Бөдене мен түлкі

загрузка...

Бөдене мен түлкі

Күміс өзен жағасында,
Гүл бақшаның арасында,
Сылдыр-сылдыр бұлақ ақты,
Бір бөдене сайрап жатты.
Әлдеқалай бір қу түлкі
(Іздегені ойын-күлкі).
Әдемі әнге құлақ салып,
Аңдып барып, ұстап алып,
Аяғымен басып тұрды,
Жемекке аузын ашып тұрды.
Бөдене тым қорқып кетті,
Жалынды да арыз етті:
– Бір жолға қанымды қи,
Мен де саған көрсетем сый.
– Ал жаныңды қидым, – деді.
Нәпсімді бір тыйдым, – деді.
Ырза болып түлкішекке,
Бөдене ұшып кетті көкке.
Суатқа аңшы қақпан құрды,
Түлкі жолын солай бұрды.
Бөдене оны біліп қойды,
Сәл жымиып күліп қойды.
Пана қылып бұталарды,
Көп ұзамай жата қалды.
Түлкі келді аузын ашып,
Шөлдеп, кеуіп, құты қашып.
Суда ғана болды көзі,
Қақпанға кеп түсті өзі.
Қыңсылады соры қайнап:
Қай құдай, – деп, – келген айдап,
Қақпан құрған батыр келді.
Бөдене де жақын келді.
Түлкі өлген боп жатты сұлап.
Құйрығынан ұстап, бұрап,
Аңшы ашты қақпан тісін,
– Бермеймін, – деп, – енді қысым.
Бөдене ұшып қасына кеп,
Қонды аңшының басына кеп.
Түлкіні аңшы тастай салып,
Бөденені ұстап алып,
Екі қоян қақпақ болды,
Оңай олжа таппақ болды,
Түлкі босап жытып кетті,
Бөдене ұшып зытып кетті.
Абайламай қара басып,
Аңшы қалды аузын ашып.
Күле-күле тамашаға,
Кездесті олар оңашада.
Алдына кеп басын иіп,
Бөденені түлкі сүйіп:
– Бір ажалдан қалдым, – деді, –
Ажыратып алдың, – деді. –
Дос болайық өмір серік!
Ыстық-суық – бірге көріп.
Бөдене де жек көрмеді,
Пәлен деуді еп көрмеді:
– Бұл айтқаның мақұл, – деді. –
Дос болған шын ақыл, – деді.
Достықпенен тату-тәтті
Өмір жылжып өтіп жатты.
Бірін-бірі «сен» деспеді,
«Мен артық, сен кем» деспеді.
Бөдене ән сап, күйін шертті,
Түлкі былқ-былқ билеп кетті.
Салтанатпен сайран салды,
Көрген таң боп, қайран қалды.
Гүлді көктем, жұпарлы жаз,
Сары ала күз – әсем бір наз.
Қыраулы қыс, күміс қанат,
Батыр боран алмас садақ.
Өте берді ойынменен,
Болсайшы бір тойым деген?!
Бір күні қу қызыл түлкі.
(Іздегені ойын-күлкі).
Алдыма кеп жатып алып,
Бөденеге қолқа салып:
– Аңқауға қой сойғыз, – деді. –
Сілейте бір тойғыз, – деді.
Бөдене оған: «Мақұл», – деді. –
Қалма бірақ қапы, – деді. –
Қыр астында қырық кепе,
Қыз ұзату – той-мереке.
Оқшау үйде күйеу бақыр,
Бір сый табақ келе жатыр.
Сол бір табақ саған болсын,
Ер артымнан, – деді, – досым!
Бөдене ұшып пырылдады.
Түлкі зулап зырылдады.
Ел шетіне келді ұшып,
Қалмау үшін көзге түсіп,
Паналады түлкі тасты,
Келіншектер белден асты.
Түлкі таста тайқаңдады.
Бөдене еркін жайқаңдады.
Келіншектер көріп қалып,
Табақтарын тастай салып,
Бөденені қуып кетті,
Соғып алды түлкі етті.
Күле-күле тамашаға
Кездесті олар оңашада.
Алдына кеп басын иіп,
Бөденені түлкі сүйіп:
– Сілейе бір тойдым, – деді. –
Құйрығына қойдың, – деді.
Достықпенен тату-тәтті,
Өмір өстіп өтіп жатты.
Бір күні қу қызыл түлкі,
(Іздегені ойын-күлкі).
Алдына кеп жатып алып,
Бөденеге қолқа салып:
– Енді өлгенше күлдір, – деді.
Қызық болсын бұл бір, – деді.
Бөдене оған: «Мақұл!» – деді, –
Бір ауыл бар жақын, – деді.
Бай шал отыр тоқпақ шауып,
Бәйбіше отыр бие сауып.
Сонда барсақ ебін тауып,
Болмақ қызық ойын-сауық.
Ал жүрейік, досым, – деді. –
Қатарыма қосыл, – деді.
Бөдене ұшып пырылдады,
Түлкі зулап зырылдады.
Ауылға да келіп жетті,
Түлкі тасты мекен етті.
«Бөкең» қонды шал қасына,
Кемпірінің дәл басына.
Шал кемпірге деді: – Үндеме,
Басыңда отыр бір бөдене, –
Деді-дағы дәлдеп тұрып,
Тоқпағымен жіберді ұрып.
Бөдене ұшып кетті аман,
Кемпір мен шал азан-қазан...
Күле-күле тамашаға
Кездесті олар оңашада.
Достықпенен тату-тәтті,
Өмір өстіп өтіп жатты.
Бір күні қу қызыл түлкі,
(Іздегені ойын-күлкі).
Алдына кеп жатып алып,
Бөденеге қолқа салып:
– Енді өлгенше қорқыт, – деді, –
Бір көрейін жортып, – деді.
Бөдене оған: «Мақұл, – деді.
Бірақ қалма қапы, – деді, –
Көзіңді жұм, артымнан ер.
Мен ұшам, сен жүгіре бер.
Ұша берем бытпылдықтап,
Келген кезде мәреге тап:
«Ал, аш!» – десем, – аш көзіңді,
Сонда сына сен өзіңді.
Уәде осы, кетті жортып,
Бірі ұшып, бірі жортып.
Астарында ат ойнақтаған,
Жігіт-желең жайнақтаған,
Келе жатқан әдейі аңға,
Кез болды олар бір думанға.
Ұша-ұша бытпылдықтап,
Келген кезде думанға тап:
– Аш көзіңді, түлкім, – деді, –
Келмес енді күлкің, – деді, –
Өзі ыңғайлап оқшау шетті.
Түлкі қорқып бақшаң етті.
Жұрт ат қойды:
– Түлкі!
Түлкі!
(Басталды шын ойын-күлкі!)
Түлкі қашты, ыршып кетті,
Жүйрік аттар, әне жетті.
Ат құйрығын басып қалды,
Жалт бұрылды, сасып қалды.
Қояр емес қуғыншылар,
Тесік жер жоқ жанын тығар.
Түлкі тершіп титықтады,
Жалтармалап қипықтады.
Өліп-талып, тауып жарды,
Жан сауғалап, аман қалды.
Күле-күле тамашаға,
Кездесті олар оңашада,
Түлкі отырды қырын қарап,
Сатпақ-сатпақ санын жалап,
Бөдене оған:
– Досым, – деді,
Лайық па осың? – деді, –
Қорқыт дедің, қорқыттым тек,
Дәнеме жоқ сақтарлық кек.
– Өстіп қорқыт деп пе ем, жауыз? –
Деп, түлкі ап қалды құйрық етті,
Бөдене ұшып безіп кетті.
Бар оқиға сол-ақ екен.
Бөдене өстіп шолақ екен.



Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Өтебай ТҰРМАНЖАНОВ, олен
Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (26.02.2013) W
Просмотров: 3503 | Теги: Өтебай ТҰРМАНЖАНОВ, олең, стихи на казахском языке, олендер, олен | Рейтинг: 5.0/1



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.