Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском

Өтебай ТҰРМАНЖАНОВ - Төрт өгіз туралы ертегі

загрузка...

Төрт өгіз туралы ертегі

Төрт өгіз тағыланған тобын жазбай,
Жайлады бір орманды ала жаздай.
Бір жатып, бірге тұрып, бірге өріп,
Тату боп өмір сүрді азып-тозбай.
Суатқа су ішуге бірге барды,
Шаршаса, бірге жусап, бір демалды.
Өмірі тату сүрген төртеуінің
Теп-тегіс таңырқатты барлық аңды.
Жұп-жұмыр денелері – сойдауылдай,
Сүп-суйір мүйіздері сырғауылдай.
Басқа аңдар батып жақын бара алмады,
Өздері батыр туған бір қауымдай.
Ұқсайды нақ алыпқа сирақтары,
Темірдей тегеурінді тұяқтары.
Көтерген сегіз найза батыр дерсің,
Мүйіздің өткір, үшкір қияқтары.
Мұп-мұғал қыртыс-қыртыс мойындары,
Дермісің құйып қойған шойын бәрі.
Құлпырған құндыз сынды қылшықты жүн,
Секілді қызыл ішік бойындағы.
Төртеуі осылайша жүрді жайын,
Қалыңға кіре берді барған сайын.
Қызығып бір қасқырдың көзі түсіп:
«Не деген тамақ, – деді, – тұрған дайын!»
Қызығып Қасекеңнің көзі жайнап,
Құнығып, құмарланып, тісін қайрап.
Жарқын жүн жас өгізге тұра шапты,
«Тыңқиып бір тойсам, – деп, – ауыз майлап».
Арс етті қасқыр сонда аузын ашып,
Көзінен от ойнатып, жалын шашып,
Қасына «құдай» айдап қаңғып келген
Қапыда «қарасанды» қалмақ басып.
«Қарасан» шалдырмады, ыршып түсті,
Санынан бір-ақ уыс қылшық түсті.
Қайрылып, қайсарланып қасқырыңды,
Мүйізбен нұқып қалды өткір ұшты.
Қасқырға алам деген айласымен,
Төрт өгіз түгел тұрса, болар ма жем?!
Қасқырды қадай соғып қаңсылатты,
Төрт батыр сегіз семсер найзасымен.
Қаңсылап қасқыр қашты қан жалаған,
Төрт өгіз берді сыйын анталаған.
Аулаққа арам тер боп бара жатты,
Қызарып екі көзі қанталаған.
Сап етіп бір қу түлкі келе қалды,
Қасқырға келіп сәлем бере қалды.
– О, орманның патшасы, асыл арлан!
Мұншама қысылғандай не боп қалды?
– О, түлкім, әлім бітіп сасып тұрмын,
Жабығып, жайым кетіп жасып тұрмын,
Шабам деп төрт өгізге тауым қайтып,
Тістеніп аузымды басып тұрмын.
Не деген батыр еді өгіздерің!
Жанымды ала жаздады өгіз менің.
Жатырмын сорым қайнап жапа шегіп,
Өгізде кеткеннен соң өзім кегім...
Түлкі айтты:
– О, Қасеке, саспа, – деді, –
Қате іске қайта қадам баспа, – деді. –
Төрт өгізді төрт жаққа таратайын,
Сонан соң бірте-бірте бас сал, – деді.

– Ақылың мақұл екен, түлкі шырақ.
Абайла, жазатайым болма бірақ.
Тұрғанда төртеу түгел төбеңді ояр,
Темірдей тегеуріні қатты тым-ақ.

– Өгізді аңқау, аңғал алдай білем,
Қайыптан қара суға жалдай білем.
От салып ортасына, ойыншық қып,
Таратып тарамыстай талдай білем.
Қасеке-ау, қағынғанды қаға білем,
Әдісін әрбір істің таба білем,
Алыстан аңғарып тұр адымымды,
Ұлыққа қызмет істеп жаға білем.

Мұны айтып түлкі келді төрт өгізге:
– Орманның батырлары, сәлем сізге!
Өгіз деп, кім сендерді қорлап жүрген?
Жүре ме тағы болмай өгіз түзде?!

Секілді аң патшасы алыптарым,
Күшіңнің көрсет, көрсін халық барын.
Әрқайсың әр түбекті басқарыңдар,
Бір жерге шоғырланып тұрмай бәрің...

Жас өгіз түлкі сөзін дұрыс деді:
– Бұлайша жараспайды жүріс, – деді. –
Төртеуміз төрт түбекке төрелік қып,
Істейік таң қалатын жұмыс, – деді.

Жас өгіз осыны айтып кетті жалғыз,
Тіршілік өз алдына етті жалғыз.
Алыстан аңдып жүрген арлан қасқыр,
Жасырынып жар астынан жетті жалғыз.

Осылай көкжал қасқыр барып қалды,
Арс етіп алқымынан алып қалды.
Сақтанбай саяқ жүрген жас өгізді,
Жайратып жұқа шаптан жарып салды.

«Мө-ө-ө!» – деуге жалғыз ғана әлі келді,
(Қасқырдың қара ниеті мәлім еді).
Ішегін тартып жатыр түлкі шіркін,
Жас етке жаны құмар залым еді.
Үш өгіз есітті аулақ оның үнін,
Болғанын жазатайым білді мұның.
Қайдалап қас қаққанша жетіп барды,
Қорғауға қу қасқырдан «өгіз ұлын».
Үшеуі қорқып, бұғып, тартынбады,
Ойнады, алты найза жарқылдады.
Қасқырды қапылыста қамап алып,
Тепкенде темір тұяқ сартылдады.
Қасқырды іліп алып найзасына,
Түлкіні қуып жетіп сай басында.
Алданған жас өгіздің алды өшін,
Қулардың құрбан болған айласына.
Тырайып таяқ жеген түлкі жатты,
Ыржиған езуінде күлкі жатты.
Қаусаған қабырғасы қасқыр сұмырай
Аяғын ақырғы рет сілкіп жатты.
Не жетсін бірлік пенен ынтымаққа!
Барлық күш – біле білсек ынтымақта.
«Жалғыз боп жол тапқанша, көппен адас
Деп халық жай айтпаған, есте сақта!



Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Өтебай ТҰРМАНЖАНОВ, олен
Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (26.02.2013) W
Просмотров: 5881 | Теги: Өтебай ТҰРМАНЖАНОВ, олең, стихи на казахском языке, олендер, олен | Рейтинг: 0.0/0



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.