Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки
Ертегі: Екі аяз – Два мороза
загрузка…
Екі аяз – Два мороза
Баяғыда ағалы-інілі екі аяз болыпты. Қыс бойы олар жержерді шарлап, қыдырғаннан басқаны білмейді екен. Бірде інісі ағасына:
– Көк мұрын аға-аяз, бұл жұртты суыққа үсіртсек қайтеді? – дейді ерігіп.
– Несі бар? Қызыл мұрын інім, халықты тоңдырып, бір рақаттанайық, – деп құптайды оны екінші аяз.
– Ал, кеттік, жолда біреу-міреу кездесіпте қалар.
Ермек іздеп аттанған екеуі бір кезде ат тұяғының дүбірін естиді. Бұл шанасын атына жегіп, қалаға қарай бағыт алған бір бай саудагер мен орманға отын әкелуге бара жатқан кедей еді. Қызыл мұрын аяз:
– Өзінің киімі жұпыны екен, қолғабы да жыртық. Мен оны тез-ақ аязға үсірермін. Ал саудагерге сен бар, менің оған шамам келе қоймас, – деп кедейді таңдайды.
– Айтқаның болсын! – дейді де көк мұрын аяз саудагердің соңына ілеседі.
Кешкісін ағайындар тағы да кездеседі. Көк мұрын аяз көңілді. Қызыл мұрын одан:
– Не, саудагерді үсіре алдың ба? – деп сұрайды.
– Иә, – дейді көк мұрын аяз.
– Қалай үсірдің? – деп таң қалады інісі.
Ағасы мақтанып:
– Алдымен тонын, сонан соң малақайын, тіпті етігіне дейін шешіп алдым, – дейді де енді інісінің әңгімесін тыңдамақ болып, – ал сен кедейді қатыра алдың ба? – деп сұрайды.
– Мен емес, ол мені қатырып кетті, – дейді қызыл мұрын күрсініп.
– Жолда ызғарлы желімді үрледім, кедей шанасынан түсіп, жаяу жүг іре жөнелді. Бұл жағдайда оны тоңдыру мүмкін емес болды. «Қап бәлем, тоқтаған кезіңде көрерсің» деп ойладым. Бірақ ол орманға келісімен балтасын алып, ағаш жара бастады. Қимылдаған сайын денесі қызып, сырт киімін шешіп тастады. Тіпті, жыртық қолғабын да лақты рып жіберді. Өшімді шешкен киімдеріне жасырынып алмақшы едім. Ол жұмысын бітірген соң, мені ағашпен ұрғылай қуды емес пе?! Бүйіріме оңбай соққы тиді, – деп аяқтады сөзін қызыл мұрын аяз.
Болған оқиғаны асықпай тыңдаған ағасы:
– Иә, інім, бұл – сен үшін үлкен сабақ. Балтаның тоннан да күшті жылуы барын есіңе сақтарсың, – депті.
Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (20.01.2013)
W
Просмотров: 9749
| Теги:
| Рейтинг: 5.0/3
Похожие материалы
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]