Ертегі: Түлкі мен Бөдене (сказки на казахском языке) – Казахские сказки –...

Ертегі: Түлкі мен Бөдене (сказки на казахском языке) – Казахские сказки – Казахский язык

1286
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Ертегі: Түлкі мен Бөдене (сказки на казахском языке)

загрузка…

Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні:
– Досым, мені бір күлдірші, – депті түлкі.
– Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, – депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай жерде тығылып қарап тұрыпты. Бөденені көре сала:
– Кемпір, кемпір, қозғалма! Мен мына төбеңдегі бөденені соғып алайын,- депті шал.
– Жарайды. Бірақ қатты соқпа, – депті кемпір. Шал жерде жатқан күректі алып, салып қалғанда, бөдене ұша жөнеліпті. Күрек кемпірдің басына тиіп, кемпір құлапты. Шелектегі сүті төгіліп қалыпты. Түлкі ішек-сілесі қатып күліпті.
– Досым, күлдің бе? – депті бөдене.
– Күлдім, досым, күлдім. Разымын, досым, разымын! – депті түлкі. Күндерде бір күні түлкі:
– Ал, досым, енді мені бір мықтап тұрып қорқытшы! – депті.
– Қатты қорқытайын ба, ашуланбайсың ба? – деп сұрапты бөдене.
– Жоқ, ашуланбаймын, қатты қорқыт! – депті түлкі.
– Жарайды, қорқытайын. Бірақ сен көзіңді тас қылып жұм. Мен сенің төбеңе қонып, екі қанатыммен көзіңді жабамын. Содан кейін сен жүр де отыр. Оңға десем оңға, солға десем солға жүр. Қашан мен төбеңнен ұшып: «Көзіңді аш!» дегенше, ашпа, – депті бөдене. Сонымен бөдене түлкінің төбесіне қонып, екі қанатымен көзін жауыпты. Түлкі көзін тас қылып жұмып, бөдененің жүр деген бағытына жүріпті де отырыпты. Осылай жүріп келеді, жүріп келеді. Бір кездерде бөдене:
– Аш көзіңді! – деп, ұша жөнеліпті. Түлкі көзін ашып жіберсе, тазы ерткен біртоп аңшыға таянып қалған екен. Аңшылар қызыл түлкіні көре сала қиқулап, куыпберіпті.
Түлкі қашып беріпті. Әрі-бері қашқан соң түлкінің алдынан қалың орман кез болыпты. Түлкі жалт еріп, орманға кіріп, өлдім-талдым деп аңшылардан әзер құтылыпты. Бір кезде бөдене келіп:
Қалай, досым, қорықтың ба?- деп сұрапты.
– Қорқыт – қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім?! – деп, түлкі бөденені бассалып, жемек болыпты. Бөдене түлкінің аузында тұрып:
– Досым! Ұзақ жылдар дос болып, ойнап-күлдік, талай қызық көрдік. Қазір мені жегелі тұрсың. Қайтем, жесең же! Бірақ осы күнге дейін аты-жөнімізді сұрап біліскен емеспіз. Жесең де, атымды айтып есейші, ақырғы тілегім болсын!
– Атым Маңғыт, еді – депті бөдене. Түлкі аузын ашып: Маңғыт дей бергенде:
– Аузыңа саңғыт! – деп, бөдене ұша жөнеліпті. Осыдан былай түлкі мен бөдене достықтан айрылысыпты.

Сказка из сборника «Ертегі: Казахские сказки (сказки на казахском языке)»

Источник: ертегі сказки на казахском языке казахские казахский язык для детей

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (29.01.2012)
W

Просмотров: 16831
| Теги: сказки на казахском языке, казахский язык для детей, казахские сказки, ертегі
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Ертегі: Ақ тышқан мен нәресте (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақылды етікші (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын балық – Золотая рыбка (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі дос (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жақсылық пен жамандық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жеті өнерпаз (сказки на казахском языке)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY