Пряничный человечек – Мошақай Шелпек (Американские сказки на казахском) – Казахские сказки...

Пряничный человечек – Мошақай Шелпек (Американские сказки на казахском) – Казахские сказки – Казахский язык

945
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Пряничный человечек – Мошақай Шелпек (Американские сказки на казахском)

загрузка…

Мошақай Шелпек – Пряничный человечек

«Пряничный человечек»— сказка об ожившем прянике, распространённая в США. Ближайший аналог Пряничного человечка в славянском фольклоре — Колобок.

Ещё сказки на казахском языке

 Пряничный человечек ертегі сказки на казахском языке американсие сказкиПішені піскен далада, мал басы толық қорада бір ескі үй болыпты. Бұл үйде балалары жоқ шал мен кемпір өмір сүреді екен. Күн ұзаққа шал шалғында жүріп келсе, кемпір күлше пісіріп, тоқаш таратуды ермек етіпті. Бір күні ол тәтті шелпек пісіруге бел буып, дүкеннен арнайы қамыр сатып алыпты.

Үстел үстіне ұн сеуіп, қамырды қойғаны сол, бір қызық ойдың келгені! Іске кіріскен кемпір қамырды жайып жіберіп, адам қалпындағы шелпек жасайды. Қиялына қанат біткендей, шелпек балаға шоколадты көкірекше кигізіп, домалақ кәмпиттерден түйме тағады.

Көз орнында қарақат тұр, шие қос ылған шекерді қыздырып, ауызын шы ғарады. Шелпек балаға қартаң әйел қамырдан қалпақ істеп, бәтеңке байлауды да ұмытпаған екен. Соңынан пешке са лып, ойға батқан ол, өз баласы болғанын армандап кетеді.

Шағын үйдің үздіксіз жұмысы көп. Әрі қарай тірлігіне кіріскен әйел әндетіп жүр. Ал күйеуі пештен шыққан хош иіске тамсанып, тәтті тартуды тағатсыз күтіп отырып, әйеліне ыдыс жууға көмектеседі.
Бір кезде кемпір пешті ашып, піскен шелпекті шығарады. Сол-ақ екен, Шелпек балаға жан бітіпті!

 Пряничный человечек ертегі сказки на казахском языке американсие сказкиҚарақат көздерін қағып-қағып, көңілдене күлген ол, кемпірдің қолынан қарғып түсіп, қаша жөнеледі!
Кемпір мен шал соңынан жүгіреді. «Тоқта! Әй, тоқтасаңшы! Әйтпесе, сені жеп қояды!» деп айқайлаған кемпірді тыңдайтын емес.
– Сендер мені ешқашан ұстай алмайсыңдар! – деп мақтанған Шелпек кете барады. Кенет оның алдынан сиыр шыға келеді. Тәтті иісті сезген сиыр тәбеттене қарап:
– Тоқташы, Шелпек бала, – депті. – Иісің қандай керемет, өзің сондай тәтті шығарсың? Сені жегім келеді!

Сонда Шелпек шегініп:
– Жоқ! Жоқ! Жоқ! Кемпір қалды кемсеңдеп, шал да маған жетпеді. Жемейсіңдер сендер тек, жеткізбеймін өйткені! – деп қаша жөнеледі.
– Ұстаймын, қазір! – деп ашуланған сиыр соңынан қуады. Тек жете алатын емес. Мақтаншақ Шелпек жүгіріп келе жатыр, келе жатыр, бір кезде алдынан ат шығады.

– Шелпек, Шелпек! Тоқта! Сенің дәміңді көргім келеді! – дейді ол.
Ал Шелпек болса, әндетіп былай дейді:
– Жоқ! Жоқ! Жоқ! Жей алмайсың сен мені, жеткізбеймін өйткені! Шал мен кемпір, сиыр да, қалды артта! Ат соңынан қуып жете алмайды. Шелпек бала қуғандардың бәріне жеткізбей қашып кете барыпты. Әбден шаршаған ол орманға кіріп, үлкен ағаштың көлеңкесіне жайғасады. Өзінің тапқырлығы мен жүйріктігіне шексіз риза, ешкімнің ұстай алмағанына мәз болады. Дема лып жатқаны сол екен, ағаш бұтағына қарға келіп қонады.

Қарға Шелпектің тәтті түймелеріне қадала қарап тұр. Бір кезде жегісі келіп, Шелпектің жанына қонады. Сол-ақ екен, ұйқыдағы тәтті бала оянып кетеді.
– Жаңа піскен сияқтысың ғой. Сені жегім келіп тұр! – деп қарға тап бергенде, шошыған Шелпек тұра қашады. Қанша жүгіргенін кім білсін, әйтеуір алдынан енді әтеш шығады.

 Пряничный человечек ертегі сказки на казахском языке американсие сказки– Ку-ка-ре-ку! Түскі ас та келіп жетіпті ғой! Мен сені жеймін! – деп дәмеленеді ол да. – Кемпір, шал, сиыр, ат, қарға – барлығы да қалды артта. Жей алмайсың сен мені, жеткізбеймін өйткені! Қанша қусаң да қуа бер, бәрібір жете алмайсың!– деп тағы қашады.
Әтеш қанша қуса да, Шелпек оған да өзін ұстатпай кетеді. Енді қараса, Шелпектің жолын тосып торай тұр екен. – Мен сені жеймін! – дейді торай дегбірі кетіп.

Шелпек ширақ қимылдап, қашқан бойда былай деп әндетеді:
– Кемпір мен шал, сиыр да, ат пен әтеш, торай да, жей алмады тек мені, жеткізбеймін өйткені! Торай тұра жүгіргенмен, Шелпек жеткізбей кетеді.
Қашып келе жатып Шелпек астық басатын машиналар тұрған сарайға кіріп кетеді. Бұрқыраған дәмнің иісі машиналардың тәбетін ашады. Олар да Шелпекті ұстап алмақ болады, бірақ бала ұстатпай қаша жөнеледі. Соңынан асыға-аптыға жүрген машиналар біріне-бірі соқтығысып, нәтижесінде сарай ішінде қалып қояды. Шелпек бала оларға дауыстап:

– Жете алмайсыңдар маған, ең тез әрі ең жылдам Шелпек бала – мен болам! – деп әндетеді. Шелпек бала сол жүгірген қалпы тоқтамай, көгалда шөп шауып жүрген газон шапқыштардың маңына жетеді. Тәтті иісті тез таныған олар да Шелпектің соңына түседі.
– Тоқта, Шелпек! Біз сені жегіміз келеді! – деп айқайлайды.

Бірақ Шелпек шегініп, шат тана күліп, желдей есіп жүгіре жөнеледі.
– Кемпір қалды кемсеңдеп, шал да маған жетпеді. Сиырдан да қаштым, аттан да қаштым, қарғадан да қаштым, әтештен де қаштым, машиналардан да қаштым! Газон шапқыштар сендерден, оңай қашып кетем мен! – деп сақ-сақ күліп, кете барады.

Газон шапқыштар соңынан қуғанымен, расында жете алмайды. Шелпек бала барлығынан қашып құтылып, өзін ең тәсілқой әрі жүйрік сезінеді. Бойын мақтаныш кернеген ол ауылдан алыстағанда, алдынан түлкі шығады. Тәтті нанды байқап қалған түлкі оның соңына түседі. Ал Шелпек ұстатпай келеді. Тым қатты жүгірген Шелпек әндеткенін де қоятын емес. «Жей алмайсың сен мені, ұстатпаймын өйткені!» деп түлкінің қытығына тиіп барады.

Сілесі қатқан түлкі енді қулыққа басқан сияқты.
– Шелпек, тоқташы! Осы сен неге қашып бара жатырсың? Мен сені жегім де, тіпті ұстағым да келмейді, – дейді ол.
Шелпек жүрісін баяулатады. Көңілі орнына түскендей, енді ол асықпай өзенге қарай бет алады. Өзін жемек болып артына түскен қуғыншылардан алысқа қашуды көздейді. Осылай ол су жағасына келіп жетеді.

Енді не істерін білмей тұр. Өзі судан қорқады, жүзу білмейді, бірақ өзеннің арғы жағына өтуі керек!
– Сен маған көмектесе аласың ба? – дейді шарасы таусылған Шелпек түлкіге қарап.

– Әрине, көмектесемін! Мен қасыңда тек саған көмектесу үшін жүрмін ғой! – депті түлкі қулана.
– Кел, құйрығымнан ұстап, арқама мін. Мен сені өзеннен өткізіп жіберейін, – деп түлкі сөзін жалғастырады. Шелпек түлкінің құйрығымен өрмелей жоғары көтеріледі. Сөйтіп, баланы арқасына мінгізіп алған түлкі өзенге түсіп, келесі жағалауға қарай кете барады. Жағадан біраз ұзағанда:

– Сен тым ауыр екенсің! Белім ауырып барады, кішкене жоғары отыршы, – дейді түлкі.
Шелпек алдыға қарай жылжып отырады. Өзеннің орта тұсына келгенде Шелпектің аяғы су болады. Сол-ақ екен, түлкі оған:
– Ештеңе етпейді, мойныма отыр! – дейді. Біраз жүрген соң түлкінің мазасы қашады.
– Шелпек, Шелпек! Мына жер терең екен, су мойныма дейін жетіп қалды! Мұрныма отыр, әйтпесе суға түсіп кетерсің! – дейді байбалам салып.

 Пряничный человечек ертегі сказки на казахском языке американсие сказкиШелпек қорқып кетеді. Жылдам қимылдап түлкінің тұмсығына барып отырады.
– Шелпек, бағанағы әніңді маған енді айтып берші! Қазір құлағым жақсы естиді, – дейді түлкі қулана.
Шелпек ән айтады.
– Жүйрікпін мен тәсілқой, осы менің әнім ғой! Жей алмайды тек мені, жеткізбеймін өйткені! – дейді мақтанып. Араны ашылған түлкі:
– Ал мен жеймін! – деп, Шелпекті бас салады.

Осы кезде тепе-теңдігін жоғалтқан Шелпек суға түсіп, жоқ болады. Сөйтіп, Шелпек шошақайлығының арқасында өзенге ағып кетіп, ал асыққан түлкі қанша талпынса да, тәтті Шелпектің дәмін татып көре алмаған екен.

Ойындар – Игры (Сыграй в игры с героями из сказки «Пряничный человечек»)

Источник: Пряничный человечек ертегі сказки на казахском языке американсие сказки

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (02.04.2012)
W

Просмотров: 4606
| Теги: Пряничный человечек, сказки на казахском языке, американсие сказки, ертегі
| Рейтинг: 5.0/1

Похожие материалы

  • Ойындар – Игры (Сыграй в игры с героями из сказки «Пряничный человечек»)
  • Ертегі: Ақ тышқан мен нәресте (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақылды етікші (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын балық – Золотая рыбка (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ғылманның өнері (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі дос (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY