Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские загадки
Загадки на казахском языке (жұмбақ): юрта и её убранство (киіз үй және оның жабдықтары)
загрузка…
Загадки (жұмбақ) на казахском языке
про юрту
и её убранство (шанырак, кереге, уык и др.)
Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
/Киіз үй/
Көзі көп қабырға,
Білінбес жамауы.
Тұмсығын шатырға,
Тығады сабауы,
Байланар ақырға,
Бұйдалы танауы.
/Киіз үй/
Аяғы жер тіреп,
Таяғы көк тіреп тұр.
/Киіз үй/
Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі.
/Киіз үй/
Жетпіс екі найзаны,
Біріктіріп ұстап тұр,
Ата-бабаның қай жаны,
Ие болса оған — ұшпақ бір.
/Шаңырақ/
Көрсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.
/Кереге/
Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз.
/Кереге; Шаңырақ/
Ортасы ашық,
Шомбал төрт қазық.
Тік тұрар күн ұзын,
Екеуі тым ұзын.
Бірі — оңда.
Бірі — солда.
Қатар жатқан таласа,
Екеуінің бойы аласа.
Бірі төбемде,
Бірі еденде,
Осы төрт қазықтың,
Ішіндегі жазықтың,
Үстін жапқан шап-шағын,
Ашсаң тақтай қақпағын,
Жол береді кісіге,
Кіресің үй ішіне.
/Қос жақтау; Маңдайша; Табалдырық; Есік/
Тұмсығын тесіп,
Жүннен бұйда есіп.
Қазыққа байладым.
/Уық/
Имек бүйір ұшының,
Бұйдасы бар.
Қырлы сүйір ұшының
Ұясы бар.
/Уық/
Бір басы имек,
Бір басы үшкір сырық,
Қатар-қатар тұрып,
Күмбез сынды шеңберді,
Көкке тіктеп көтерді.
/Уық/
Тақиялы сүмбі тал тізбегі,
Ақ шапан жамылды жүн тегі.
/Үзік/
Ұшы екі айыр ақ таяқ.
Сүйеніп тұр жатпай-ақ.
/Бақан/
Түріліп тұрар бір басы,
Бұрышсыз үйдің мұржасы.
/Түңлік/
Дәу шеңбер шатырлы,
Төрт тамырлы,
Ақ жаулық жамылды.
/Түңлік, оның бауы/
Қабырғаның кең төрі,
Ажыратпай ұстап тұр,
Жұмыр болат шеңбері.
/Белдеу/
Дөңгелек үйдің,
Қара-шұбар жыланмен
Белін будым.
/Белдеу/
Көк тіреп тұрған,
Көп таяқты буған.
/Басқұр/
Даланың тайраңын,
Қаз-қатар тұрғызып,
Отыз жерден байладым.
/Ши/
Түбінен үзген,
Қатарлатып тізген,
Сүйрікті тұттым,
Таза ауа жұттым.
/Ши/
Келсең жолды ашады,
Кетсең жолды жабады.
/Есік/
Үйден
Ең соңынан шығатын кім?
Үйге
Ең алдымен бас тығатын кім?
/Кілт/
Көмейлете інді,
Сүңгітіп ем тілді.
Темір кісен діні,
Кейін қарай шегінді.
/Кілт/
Күзетем деп үйді,
Жұдырығын түйді.
/Құлып/
Қақпаның қалы,
Оның да бар Оң мен солы.
/Топса/
Жиегіне қағылар,
Әр есіктің қалы бар.
Ол болса қақпа да,
Ашылып-жабылар.
/Топса/
Төрт таяққа керілді,
Әдемі үй боп көрінді.
/Шатыр/
Источник: жұмбақ загадки на казахском языке юрта киіз үй шаңырақ
Категория: Казахские загадки | Добавил: admin (18.02.2012)
W
Просмотров: 11740
| Теги:
| Рейтинг: 4.3/3
Похожие материалы
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]