Загадки на казахском языке (жұмбақ): развлечения, игры, музыкальные инструменты (ойын-сауық, музыкалық аспаптар)...

Загадки на казахском языке (жұмбақ): развлечения, игры, музыкальные инструменты (ойын-сауық, музыкалық аспаптар) — Казахские загадки

1833
0

Загадки на казахском языке (жұмбақ): развлечения, игры, музыкальные инструменты (ойын-сауық, музыкалық аспаптар) - Казахские загадки
Загадки на казахском языке (жұмбақ): развлечения, игры, музыкальные инструменты (ойын-сауық, музыкалық аспаптар)

загрузка…

Загадки (жұмбақ) на казахском языке про развлечения, игры, музыкальные инструменты (ойын-сауық, музыкалық аспаптар)

Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азнаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып.
/Қобыз/

Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған.
/Домбыра/

Бір жансыз мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ.
Белінде сегіз белбеу, қолда екі арқан,
Қояды оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
/Домбыра/.

Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың соншама не жазығы бар.
/Домбыра/.

Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ,
Мойыны жануардың бунақ-бунақ,
Айылын екі жерден мықтап тартып,
Кетеді қамшы бассаң зулап-зулап.
/Домбыра/.

Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.
/Домбыра/.

Ағаш , темір, қағаз, желім,
Бұлардың басын қосқан көрдім жерін,
Шырқырап неше түрлі ән салады,
Ішіне толтырып ап барлық жемін.
/Гармонь/.

Жансыздан боз шыққан боз арғымақ,
Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ
Ер ерттеп екі айылын тартып алып ,
Қамшыласа кетеді зулап-зулап,
Мініп ап боз жорғаны күйге салдық.
Он жігіт жол бойында қызмет етеді,
Құбылтып неше түрлі әнге салып.
/Гармонь/.

Бір отау сырты әсем, екі баулы,
Он батыр босағада болған даулы.
Ішінде қыз бен жігіт толған екен,
Бәрі ақын көрінеді жез таңдайлы.
/Гармон/.

Келеді мына жатқан күймелі бай,
Омырауы сары алтыннан түймелі бай.
Екі шал, жеті жігіт ән салады,
Затының кім екенін білмедім-ай.
/Сырнай/.

Бойы бір тұтам,
Сақалы қырық тұтам.
Аузы ордай,
Мұрны құрдай.
/Мандолина/.

Қалдырмай емге етін,
Қақтаған күн бетін
Астында төмпештің,
Атқарар міндетін.
/Барабан/.

Аузы оймақтай,
Ерні етектей.
/Керней/.

Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор,
Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор.
Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты,
Оқыса үйренеді оқыған қол.
/Нота/.

Денесі бар, аузы жоқ,
Көмейінен сөйлейді,
Бұл не деген тамаша.
Өлең тартқан кернейі.
/Патефон/.

Мұрнында бар инесі,
Бетінде бар түймесі.
Аузын ашса сөйлейді,
Табыңыздар не осы?
/Патефон/.

Қапасқа бір тотыны қойған байлап,
Отырар қысы-жазы соны жайлап.
Қасына тыңдаушылар жақын барса,
Жіберер қуанғаннан қатты айқайлап,
Өзіне әр түрлі құс келіп тұрар,
Сырты шұбар әдемі келген сұлу,
Әңгіме күні-түні мәжіліс құру,
Қаз мойын көмекейі сақылдайды,
Жиын той көңілденген қызық-қызу.
/Патефон/.

Бір шұқып тұмсығымен амандасып,
Айналып ахуалын көріп тұрар.
Бір сағат қарап тұрса ақыл ойлап,
Күйіне бар денесін толықтырар.
/Патефон/.

Жоқтан бар ғып сайратқан,
Тыңдаған жан жай тапқан.
Таңғажайып бір нәрсе,
Үйдің ішін жайнатқан.
/Граммафон/.

Жоқтан бар ғып сайратқан,
Жылы тартып жайнатқан.
Тұла бойы тұл жұмбақ,
Елу үш құлын байлатқан.
/Граммафон/.

Қария үсті тақтай, асты тақтай,
Үйрегі жиырма төрт қонған баққа-ай.
Ұшқанда бір-біріне қарсыласып,
Соқтықпай ұшады екен қанат қақпай.
/Дойбы/.

Бір кеме айналасы бітеу қақпа,
Жүргізген капитаны алтын тақта,
Уәзірі он екіден жиырма төрт,
Отыз екі көлде екен әр уақытта.
/Дойбы/.

Бір нәрсе төрт бұрышты, түсі шұбар,
Екі адам екі жақтан аңдып тұрар,
Екеуі он екіден әскер алып,
Жерінде ұшан майдан ұрыс салар.
/Дойбы/.

Алты пар, он екі қозы,
Жүрмейді рұхсатсыз оның өзі,
Осыған екі қасқыр кеп таласып,
Ақылмен жеңіп алар жетсе кезі.
/Дойбы/.

Ғажайып жамбыл көрдім төрт бұрышты,
Жиылып патша, солдат көп ұрысты.
Қолында қару-жарақ сайманы жоқ,
Ары-бері ұрысты да жай болысты.
/Дойбы, шахмат/.

Таусыз жерде,
Сусыз шөлде,
Жансыз жаунгерлер,
Қарусыз соғысады.
/Шахмат, дойбы/.

Өз еркі ұшсын-қонсын мекеніне,
Алты ұра үйректерге тұр лайық.
Бүйірден бидайық кеп тиген кезде,
Табуы ұяны үйрек болар ғайып.
/Биллиард/.

Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек,
Оларға үйір болған адам тентек.
Сегіздің ортасында төрт әйел бар,
Жүреді жиырма төрт тай жетектеп.
/Ойын картасы/.

Бір патша бар екен төрт көзі бар,
Атылас, шайы киген төрт қызы бар,
Қисабы бәрі өзінің отыз алты,
Сегіз ұлы бар жау жарақты.
/Ойын картасы/.

Жайлаған бір аралда бір топ киік,
Жүрерге аяғы жоқ жерге тиіп,
Бәрінің қатар жүрсе бойы бірдей,
Біреуінен біреуінің көңілі биік.
Еш адам ол киікті жаратпайды,
Ішінде жалғыз мүйіз еркегі бар,
Бетіне еш біреуді қаратпайды.
/Ойын картасы/.

Екі жүз он алты екен қара солдат,
Төсектен отыз алты өреді аңдап,
Балталы батыр бағлан қойған атын.
Олардан басым шыққан сегіз қатын,
Қолына дүние түрлі гүлдерді ұстап,
Түзетіп отырады екен салтанатын.
Бар екен сегізінің сегіз байы,
Төрт текше болады екен оның жайы
Қорқытқан ол сегізі төрт батыры
Олардың батырлықтан жоқты жайы
Бұл сөзім емеурінсіз емес жалған,
Әр жерде болмай ма екен осындайы.
/Карта ойыны/.

Дүниеде бір нәрсе бар төрт бұрышты,
Топ кісі жиылып-ап келді, тұрысты.
Әр қайсысының төрт жүзден әскері бар,
Жиылды барлығы, қатты ұрысты.
/Карта ойнау/.

Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек,
Келгенде аларманға адам тентек.
Ішінде сол қосынның төрт әйел бар,
Жүреді елу екі қол жетелеп.
Және де екі патша басында отыр,
Үкімі сол шіркіннің тым-ақ тентек.
/Карта/.

Екі атасы бар,
Он сегіз анасы бар.
Он сегіз анасының әр қайсысында
Тоғыз-тоғыздан баласы бар.
/Тоғыз құмалақ ойыны/.

Орай бұты, бөкен сырты,
Қші бар, ішегі жоқ.
/Асық/.

Нәзік белі бұралған,
Ұшы біздей қадалған.
Қар үстінде жорғалап,
Басқан ізін бояған.
/Коньки/.

Өзі кішкене дөп-дөңгелек,
Тапшы, қане біле алсаң.
Өзіңнен де биікке асады,
Мықтап жерге ұра алсаң.
/Доп/.

Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Тиіп кетсе басыңа,
Еш бір зиян қылмайды.
/Доп/.

Қос аяқ жүрген қуып,
Жел шықтан үрген қуық,
Бірде жөн, бірде лағып,
Қашады зыр-зыр қағып.
/Футбол/.

Жазда жатса тынысып,
Дейді қыста жұмыс тап,
Тауға шықсаң — жетекте,
Қашады алып етекке.
/Шана/.

Ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Ақ ала көйлек қыз жатыр
/Қуыршақ/.

Біздің үйде бір қыз бар,

Көзі бар, көрмейді,
Аузы бар, жемейді,
Қолы бар, ұстамайды,
Аяғы бар, жүрмейді.
/Қуыршақ/.

Источник: жұмбақ загадки на казахском языке развлечения домбыра домбра игры музыкальные инструменты ойын-сауық музыкалық аспаптар

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские загадки | Добавил: admin (18.02.2012)
W

Просмотров: 20031
| Теги: Музыкальные инструменты, жұмбақ, домбыра, музыкалық аспаптар, домбра, ойын-сауық, игры, загадки на казахском языке, Развлечения
| Рейтинг: 3.0/2

Похожие материалы

  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): небо, солнце, луна, звезды (аспан, күн, ай, жұлдыз)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): религия (дін)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): посев, овощи, фрукты (егін, көкөніс, жеміс-жідектер)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): животные (жануарлар)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): деньги, счет, торговля (ақша, есеп, сауда)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): земля, явления природы (жер, табиғат құбылыстары)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): насекомые (жәндіктер)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): профессия (кәсіп)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): юрта и её убранство (киіз үй және оның жабдықтары)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): оружие, охотничье снаряжение (қару-жарақ, аңшы құралдары)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ