Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қазақ салты – Стихи на казахском – Казахский язык

Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қазақ салты – Стихи на казахском – Казахский язык

1232
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қазақ салты

загрузка…

Қазақ салты

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.
Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік,
Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан дертпен кірдік.
Бейне бір құдіретті сынағандай,
«Сақтар деп, сақтар болса» – сертпен жүрдік.
Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік.
Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,
Елеріп ерегіске екі-үш күндік.
Кіреді тентек есі түстен кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.
Әлі де, саңылаусыз салтын бағып,
Түрі жоқ іс айтатын пәлен дерлік.
«Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе? –
Деп отыр, – не болса да жұртпен көрдік».

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013)
W

Просмотров: 14462
| Теги: олең, стихи на казахском языке, олендер, олен, Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ
| Рейтинг: 4.0/3

Похожие материалы

  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Оқуға шақыру
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қазақ қалпы
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Аққу, шортан һәм шаян
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Бұлбұл мен есек
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қарға мен түлкі
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қартайған арыстан
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Иттің достығы
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY