Қалижан БЕКҚОЖИН – Алма бетті жас бала – Стихи на казахском...

Қалижан БЕКҚОЖИН – Алма бетті жас бала – Стихи на казахском – Казахский язык

748
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Қалижан БЕКҚОЖИН – Алма бетті жас бала

загрузка…

Алма бетті жас бала


Алтын сәуле шашылып,
Алатаудан күн шыққан.
Алма толған көшеге
Күн шыққанда ол шыққан –
Алма бетті жас бала,
Таң болғандай басқаға,
Алмада емес құмары,
Әлденеге ынтыққан.
Тоқтар емес шашылып,
Алма жатса жолында.
Дәптері мен әліппе –
Ұстағаны қолына.
Көзінде бар қуаныш,
Қандай қызық туған іс, –
Алма бетті жас бала
Таң болғандай басқаға
Қайда, неге ынтыққан?
Жасыл көше бойында
Аппақ үй тұр заңғардай.
Сол бір үйге сәулетті,
Кім өтеді таң қалмай.
«Іші толған нұр дейді,
Жүр, бебегім, жүр» дейді.
Естіп соны жас бала,
Таң болғандай басқаға,
Өзінше зор үмітті,
Сол бір үйге кіруге
Бөбек неге ынтықты?

Үйге кіріп қараса,
Мәз-мереке, тамаша,
Өңшең өндір жас ұлан,
Гүлдеріндей көктемнің.
Қуанышы тасыған, –
Көріп бүгін мектебін
Алдарында әліппе,
Төнген бәрі әріпке.
Ортасында бұлардың
Күн сипатты мұғалім.
Алма бетті жас бала,
Таң болғандай басқаға,
Алдына алып әліппе,
Қарай қалса әріпке,
Әрбіреуі жайнап тұр,
Жарқыраған жұлдыздай.
Ойын тартып барады
Ойнақтатып тұрғызбай.
Бұл не деген керемет?
Күндегі ойын қызықтан,
Артық көріп сол бала,
Оқуға тым қызыққан.
Оқы, бала, оқи бер,
Әріптердің сыры бар.
Білсең соны, алдыңа
Әлем сыры сызылар.
Жымың қағып жыр айтар,
Саған қарап жұлдыздар.
Күміс шашып теңіздер,
Толқын дабыл ұрғызар,
Жұмбақ болған жұмыр жер,
Жаңалығын туғызар.
Алма бетті жас бала,
Таң боларсың басқаға,
Саған бәрі қызығар.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Қалижан БЕКҚОЖИН, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (26.02.2013)
W

Просмотров: 2759
| Теги: олең, стихи на казахском языке, Қалижан БЕКҚОЖИН, олендер, олен
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Қалижан БЕКҚОЖИН – Сәріде гүл ектім
  • Қалижан БЕКҚОЖИН – Қос кептер
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев – Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жазғытұры
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Қансонарда бүркітші шығады аңға

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY