Қастек БАЯНБАЕВ — Күдік — Стихи на казахском — Казахский язык

Қастек БАЯНБАЕВ — Күдік — Стихи на казахском — Казахский язык

760
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Қастек БАЯНБАЕВ — Күдік

загрузка…

Күдік

Мына бастар түйіскен
Болып отыр бір іспен.
Ұлдың басы қауғадай,
Қыздың басы алмадай.
Келте ғана кекілді
Қанат қаңқа секілді,
Тоқаш дерсің кәдімгі
Домаланған Айгүлді.

Ұлдың басы салмақты
Тисе керек сәл қатты,
Отырған қыз саз илеп,
Айтты ақырын әзілдеп:
– Тартқансың ба текеге,
Сүзгілейсің шекеме.
– Басың тиіп кетті деп,
Жыларсың жер тепкілеп.
– Білеміз ғой ұлдарды,
Бір жылатпай тынбайды.
– Ал қыздармен ойнасаң,
Дау шығады әрқашан.
– Ендеше сен ойнама,
Жалынбаспын сонда да.
– Сен домалақ шардайсың.
Жөндеп ойнай алмайсың!
– Кішкентаймын мен әлі,
Арықтауға болады.
– Шыға келем бұралып
деп ойлама қуанып.
– Ендеше,
Сен шидейсің!
Қамыр илей білмейсің!
– Таксист болған кезімде
Жалынарсың өзің де.
– Бойжеткенде,
Кейін мен
Билемеймін сенімен!..

Өстіп,
Айгүл салды айғай,
Жақтан тартып қалғандай.
Аузы қатты бұртиып,
Қалды дереу ұл тынып.
Шырмап алған дәу басты
Күдік еді алғашқы.
Тұрса Айгүл шын айтып,
Жалғыз билер
Бұл қайтіп?

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Қастек БАЯНБАЕВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (08.03.2013)
W

Просмотров: 20380
| Теги: олең, Қастек БАЯНБАЕВ, стихи на казахском языке, олендер, олен
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Қастек БАЯНБАЕВ — Балабақша
  • Қастек БАЯНБАЕВ — Ашық күн
  • Қастек БАЯНБАЕВ — Ақыл тіс
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев — Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жазғытұры

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ