Әбдірахман АСЫЛБЕКОВ, Ұлықман АСЫЛОВ — Алфавитпен айтайық — Стихи на казахском —...

Әбдірахман АСЫЛБЕКОВ, Ұлықман АСЫЛОВ — Алфавитпен айтайық — Стихи на казахском — Казахский язык

666
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Әбдірахман АСЫЛБЕКОВ, Ұлықман АСЫЛОВ — Алфавитпен айтайық

загрузка…

Алфавитпен айтайық

Алфавитпен аттайық,
Айтқан тілді ал, күнім.
Алдыменен жаттайық
Аңдап жүру тәртібін.
Әдемі сен баласын, –
Әдептілік сақтайсың.
Әр көшенің арасын
Әсем жүріп аттайсың.
Барғын мейлі базарға,
Барғын мейлі мектепке,
Бар көлікті ал назарға,
Бұра тартып, шет кетпе.
В
Велосипед мініп ап,
Вираж жасау қауіпті.
«Волгаға» мін бір уақ,
«Волга» басар зауықты.
Гуілдейді машина,
Гулей есіп жолменен.
Гулеме сен асыға,
Гулесе де ол деген.
Ғаламат қой жол деген,
Ғылым – бүкіл тәртібі.
Ғарышта да ол деген
Ғажап досын, әр күні.
Д
Дұрыс жүргін көшеде,
Дедектеме, абайла.
Дауа ғой не десе де,
Дәл айтады ағайлар.
Егер бола қоймаса
Ешбір белгі бұрышта,
Ересекпен қолдаса,
Еріп өткен дұрыс та.
Ж
Жасыл сәуле жанғанда.
Жол ашық деп біле бер.
Жасқанба да алданба,
Жайраң қағып жүре бер.
З
Зердеңе сен құйып ал,
Зыр жүгірмей дәл бас та.
Зерек болсаң миы бар,
Зор көлікке жармаспа.
И
«Икарусқа» мінесің,
Инабатты баласың.
Именбестен жүресің,
Игі іске барасың.
К
Конькиде әсте қызық көп,
Конькиді теп ойлана.
Кейде тәртіп бұзып тек,
Көше үстінде ойнама.
Қ
Қиылысқа келгенде,
Қалма бекер оқталып.
Қызыл шамды көргенде,
Қарайлай тұр тоқталып.
Л
Лайықсыз десе де,
Ләңгі, рас, жаман-ау.
Ләңгі теуіп көшеде,
Лағып кетпе, балам-ау.
М
Мұздақ аса қауіпті,
Маңайларсың сақтанып.
Мақұлдап бос сауықты,
Масайрама мақтанып.
Н
Нағыз мықты баласың,
Нағыз құнтты баласың:
Нанға өзің барасың,
Нанды өзің аласың.
О
Ортасында көшенің
«О»-ға ұқсас орын бар.
Онда тұрсаң төзе біл,
Ойнамайтын болыңдар.
Өлеңдетіп өтем деп,
Өзіңді-өзің ұмытпа.
Өте бермей секеңдеп,
Өтер жерді құнытта.
П
Поезд жолдан өтерде,
Поезды күт, асықпа.
Пысықсынба бекерге,
Поезд тұр деп қашықта.
Реттеуші қолдарын
Ретімен қозғайды.
Реттейді ол бәрін,
Ретсіз қол созбайды.
Светофор – сенімді
Сүйенішің, серігің.
Сүйсең жүрген жеріңді,
Сыйламайды сені кім?
Троллейбус, трамвай
Түзу жолмен жүреді.
Тәртібін ел ұға алмай,
Түсіп қалай мінеді?
Ұзын көше жол деген,
Ұстай білгін сырды ұқ та.
Ұшқалаң боп сен деген
Ұрынбағын қырсыққа.
Үйден шықсаң көшеге,
Үнемі сен есіңе ал:
Үлкендер не десе де,
Үйрене бер, несі бар.
Ф
Фургон жүрген жерде сен
Футбол ойнын қой, бала.
Футболды жақсы көрмесең,
Футболды еш ойнама.
Х
Хоккей ойны дегенде,
Халық қарап қалмайды.
Хабар жетсе егер де,
Халық жолды аңдайды.
Ш
Шартарапта, шет елде
Шақ ереже баршаға.
Шындап белді бекемде,
Шалдықпа да шаршама.
Э
Экспресс тез жетпек,
Элеватор тұр биік.
Экспресс, тез жет деп,
Электр тұр нұр құйып.
Ю
Юра ағай жердегі
Ережемен танысты.
Содан кейін ерледі,
Шарлап шығып ғарышты.
Я
Я, достар, көшенің
Ережесін білмесең,
Теріс шығып есебің,
Таяқ жейсің күнде сен.

Источник: олең, стихи на казахском языке, алфавит, олендер, Әбдірахман АСЫЛБЕКОВ, Ұлықман АСЫЛОВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (08.03.2013)
W

Просмотров: 5554
| Теги: олең, Ұлықман АСЫЛОВ, алфавит, стихи на казахском языке, Әбдірахман АСЫЛБЕКОВ, олендер, олен
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Әбдірахман АСЫЛБЕКОВ, Ұлықман АСЫЛОВ — Сиқырлы светофор
  • Әбдірахман АСЫЛБЕКОВ, Ұлықман АСЫЛОВ — ҚОЯНБЕКТІҢ ҚЫЛЫҚТАРЫ (Ертегі)
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев — Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жазғытұры
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Қансонарда бүркітші шығады аңға

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ