Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском
Әбу СӘРСЕНБАЕВ — Ақ көгершін
загрузка…
Ақ көгершін
Ақ көгершін азығын
Қолыңнан бердің, бөбегім.
Ал сені де ана жанының
Көгершіні дер едім!
Әсем ғой ақ құс өзіңдей,
Қызыға күліп қарайсың.
Қатерді әсте сезінбей
Қауырсын жүнін тарайсың.
Толқиды ол қақса қанатын
Төбеңде лентаң көгілдір.
Жайдары неткен, жарасым,
Көзінде жайнап өмір – нұр!
Сүйсіне қарап сыртыңнан
Анаң тұр тосып білегін.
Білегі емес толқынған
Тосуға дайын жүрегін.
Қондырып құсты жас талға
Шаттана шалқып қарадың.
Көгершін ұшты аспанға
Көтеріп өмір талабын.
Бақытты күлкі көзінде,
Саусақпен көкті нұсқайсың.
Бүлдіршін – бөбек өзің де
Ақ құсқа сонау ұқсайсың!
Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Әбу СӘРСЕНБАЕВ, олен
Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (01.03.2013)
W
Просмотров: 3450
| Теги:
| Рейтинг: 0.0/0
Похожие материалы
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]