Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском
Ілияс ЖАНСҮГІРОВ – Торы тай
загрузка…
Торы тай
Торы құлын келер жылы шықты тайға,
Оқи бер бата-құран туған айға.
Қуанышым қойныма күнде сыймай,
Құмалақ салдырамын жаңа айда.
Торы тайға бір күн мініп шықтым желігіп,
Аттым тастан он бұғы, елу елік.
Шығармай шын-шырғасын артып алып,
Тайымды таң асырдым үйге келіп.
Тайымды байлап қойдым таң асырып,
Тұрмайды қызған неме аласұрып.
Төрт аяқ шабыс тілеп ойнап-билеп,
Тұр екен омырауымен кермені ұрып.
Ақжарды ауылым қонған жайлайын деп,
Жылқышы бие айдап жүр байлайын деп.
Торы тай ертең-ерте қоя берсе,
Бүк түсіп жата кетті аунайын деп.
Торы тайым аунап кетті жүре желігі,
Он бұғы артып келген елу елік.
Суық көзден сақтай көр құдайым деп,
Ішімнен бір мал айттым үйге келіп.
Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Ілияс ЖАНСҮГІРОВ, олен
Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013)
W
Просмотров: 3779
| Теги:
| Рейтинг: 5.0/1
Похожие материалы
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]