Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ – Арыстан мен тышқан – Стихи на казахском...

Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ – Арыстан мен тышқан – Стихи на казахском – Казахский язык

813
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ – Арыстан мен тышқан

загрузка…

Арыстан мен тышқан

Ұйықтапты бір арыстан айдалада,
Тыныштық алу үшін сай-панада.
Үстіне арыстанның ойнақтапты
Бір тышқан іннен шығып сол арада.
Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып.
Арыстан өлтіруге айналыпты,
Басын басқан тышқанды ұстап алып.
Жалынды сонда тышқан: «Өлтірме!» – деп,
«Ағатай, маған зиян келтірме», – деп,
«Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық,
Азат қыл, байқамадым, өлтірме», – деп.
Арыстан күліп айтты: «Сорлы тышқан!
Не жақсылық қайтады сен байғұстан?
Дүниеде саған қалған күнім құрсын,
Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан.
Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді,
Күлдірдің болмасты айтып мендей ерді.
Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін,
Азат қылдым», – деді де, қоя берді.
Бір күні арыстаным торға түсті,
Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті.
Оралып шырматылды, шықпастай боп,
Басына құдай берді мұндай істі.
Күн қайда құтылатын торды бұзып,
Бақырып ызаланды жерді сүзіп,
Даусын танып, баяғы тышқан келіп,
Құтқарды торды қиып, тістеп үзіп.

Источник: олең, Султанмахмут Торайгыров , стихи на казахском языке, олендер, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (21.01.2013)
W

Просмотров: 9684
| Теги: олең, стихи на казахском языке, олендер, Султанмахмут Торайгыров, олен
| Рейтинг: 5.0/2

Похожие материалы

  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев – Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жазғытұры
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Қансонарда бүркітші шығады аңға
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Ескендір
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Масғұт

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY