Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Ғылымсыз адам – айуан – Стихи на...

Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Ғылымсыз адам – айуан – Стихи на казахском – Казахский язык

1247
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Ғылымсыз адам – айуан

загрузка…

Ғылымсыз адам – айуан


Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да, ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса, ғылым тұл.

Ақылға еркін ой керек,
Матаудан ойды азат қыл.
Әдеттеніп ертерек,
Өрісін кеңіт жылма-жыл.

Қырық жасымда ойладым,
Жетпістемін мен биыл.
Белді бекем байладым,
Әдеттенді ой мен тіл.
Атағы шыққан жақсыға,
Ақылды байлап қылма құл.
Шатақ дін мен дағдыға,
Шоқынба, досым, зиян бұл.
Дұрыс деме құры ойлап,
Ақылға сынат, сабыр қыл.
Жығылмайтын дәлел тап,
Бірезу болма өзімшіл.
Мініңді тапса кім сынап,
Аяғына бар жығыл.
«Қап, бәлем» деп кекті ұнап,
Сақтай көрме ойға зіл.
Бақ, мансапқа сиынып,
Болма боран, жел, дауыл.
Аса сәнді киініп,
Қуыршақ болма сәкәкүл.
Тікенің болса бойыңда,
Ауырса да, өзің жұл.
Сергек болсын ойың да,
Еріншек болма құр масыл.
Адамның ең асылы –
Қиянатсыз ақ бейіл.
Ең зиянкес жасығы –
Тайғақ мінез, екі тіл.
Сөз, мінезі құбылса,
Ар, иманы жоқ деп біл.
Аулақта жемтік сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл.
Дұспанға да бол әділ,
Түсірме ойға тат пен ніл.
Ұмытпа, болсаң біздің ұл,
Осы өлеңді құлаққа іл.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013)
W

Просмотров: 6497
| Теги: олең, стихи на казахском языке, Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ, олендер, олен
| Рейтинг: 5.0/1

Похожие материалы

  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Жаз келер
  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Анық пен танық
  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Қаншыр мен бөдене
  • Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ – Ақылшы торғай
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев – Жаз, Күз, Қыс

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY