Ыбырай АЛТЫНСАРИН — Кел, балалар, оқылық

Ыбырай АЛТЫНСАРИН — Кел, балалар, оқылық

5068
0

Ыбырай АЛТЫНСАРИН - Кел, балалар, оқылық
Кел, балалар, оқылық

Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған…
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Надандықтын белгісі –
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас…
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны-ды,
Тұрған сайын шыныққан…
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан…
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әлпештеген ата-ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-енең қартайса –
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не қылғанда ұнайды?
Шырағым абай болғай деп,
Ата-енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.

Источник: олең, Ыбырай АЛТЫНСАРИН, стихи на казахском языке, олендер, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (21.01.2013)
W

Просмотров: 128289
| Теги: олең, стихи на казахском языке, олендер, олен, Ыбырай Алтынсарин
| Рейтинг: 4.5/13

Похожие материалы

  • Ыбырай АЛТЫНСАРИН — Өнер-білім бар жұрттар
  • Ыбырай АЛТЫНСАРИН — Өзен
  • Ыбырай АЛТЫНСАРИН — Жаз
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев — Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жазғытұры

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ