Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском
Жақан СМАҚОВ — Айтшы, әжетай!
загрузка…
Айтшы, әжетай!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай!
Атам осы, кім менің?
– Атай, аты баптаған
Бәйгі бермес «Ақтабан»
Құстай сергек ұйқысы
Атаң сенің жылқышы.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Ағатайым кім менің?
– Құймақ, тоқаш, ақ нанның
Білсең тәтті бал дәмін,
Егіншіні есіңе ал, –
Дихан ағаң сол жаным!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Апатайым кім менің?
– Мақтансаң сен басқаға,
Апаңды естен тастама,
Жүз баланың анасы,
Тәрбиеші ол бақшада.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Нағашым осы, кім менің?
– Әдемі пальто жағасын,
Айтшы, қайдан аласың?
Қаракөл қойын өсіріп,
Әперген сенің нағашын,
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жездем осы, кім менің?
– Үйреніп үлкен қаладан,
Кірпіштен үйлер қалаған,
Ардақтысы ауылдың,
Құрылысшы ол ағаң.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жеңгем осы, кім менің?
– Табын-табын тау іші,
Жеңгең сонда сауыншы.
Ірімшік, құрт, қаймақ, май,
Жеңгеңнен келген, ойлап қой!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жиен ағам кім менің?
– Кеш болса кең көшенің
Жарқ етсе шамы неше мың –
«Өссін дейміз өркені»
Жиен – колхоз монтері.
Құлыным, ботам, көжегім!
Кім боласың, сен өзің?
Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Жақан СМАҚОВ, олен
Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (08.03.2013)
W
Просмотров: 8391
| Теги:
| Рейтинг: 5.0/1
Похожие материалы
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]