Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке) — Казахские сказки — Казахский...

Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке) — Казахские сказки — Казахский язык

532
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Ертегі: Батпан құйрық (сказки на казахском языке)

загрузка…

Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.
— Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? — деп сұрайды түлкі жылмаңдап.
— Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.
— Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым болады екен. Бірге іздейік.
— Ал, түке, ендеше баста, — дейді қасқыр. Қасқыр мен түлкі жорта жөнеледі. Бір мезгілде төңкеріліп жатқан қойдың тегенедей құйрығына тап болады. Қуанғаннан қасқырдың екі көзі сексеуілдің шоғындай жайнап кетеді. Оп-оңай табыла қалған тамаққа таңырқап, түлкіден сұрайды:
— Түке, түке, бұл неғылған батпан құйрық, тегіннен тегін айдалада жатқан құйрық?! Түлкі ойлаған боп, қипаңтай жауап қайырды:
— Апырмай, қасеке-ай, бір алаңғасар базарға барған шығар. Арзан бағаға алған шығар. Қанжығасына бос байлап, содан түсіп қалған шығар.
— Ай, түке, сонда да мен осыныңнан қауіптеніп тұрмын.
— Қасеке, сен қауіптеніп, қорқатын болсаң, мен-ақ жей салайын, — деп, түлкі құйрыққа үмтыла бергенде:
— Тоқта, тоқта! — деп, қасқыр арс ете қалады. Түлкі жалт беріп, құйрығын бұлғаңдатып, шоңқып отыра кетеді. Ашқарақ қасқыр былқылдақ құйрыққа ауызды салып кеп жібереді.
— Қасеке, мені де ескерсейші! Олжаға ортақ емеспіз бе? — деп, түлкі өтірік мүләйімсиді. Қасқыр оған ала көзімен ажырая қарап, тісін ақситып:
— Был-жыр-рра-ма…- дейді де, қойдың тегенедей құйрығын төрт-ақ асап, толғап-толғап, қылғи салады. Қарны тойып, қарық болған қасқыр аузын кере қарыс ашып, ыңыранып, бір керіліп алады да, жорта жөнеледі.
Іші біліп, мұртынан күліп, қасқырдың соңынан келе жатқан түлкі:
— Апырай, қасеке-ай, әлгі май құйрықтан тым болмаса бір асам дәм татырмадыңыз-ау, ә?! — деп, күңкілдейді.
— Түке-ау, мұрныңа майдың иісі барғаны да жетпей ме! — деп, қомағай көкжал қарқ-қарқ күледі. Біраздан кейін қасқырдың көзі алақтап, тілі салақтап, жанын қоярға жер таппай, дөңбекшиді де калады.
— Е-е… құйрық жейтін батырмысың, жан бергелі жатырмысың?! — деп, түлкі қусықылықтай кеп күледі.
Емің бар ма, түлкіжан-ау… Түкешім, аясаңшы ағаңды, — деуге қасқырдың тілі әрең келіпті. У барған ішке су барса, тез өлтіретінін білетін түлкі:
— Удың емі су болады, қасеке. Су ішсең, жаның қалады, сәтін салса, — дейді. Қасқыр бар қалған күшін жинап, суды тілімен жалап-жалап алады да, қалпақтай ұшып түседі.
— Міне, саған батпан құйрық, айдалада тегіннен-тегін жатқан құйрық! — дейді де, түлкі өз жөніне кете барады.

Сказка из сборника «Ертегі: Казахские сказки (сказки на казахском языке)»

Источник: ертегі сказки на казахском языке казахские сказки казахский язык для детей

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (29.01.2012)
W

Просмотров: 15742
| Теги: сказки на казахском языке, казахский язык для детей, казахские сказки, ертегі
| Рейтинг: 5.0/1

Похожие материалы

  • Ертегі: Ақ тышқан мен нәресте (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Ақылды етікші (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Алтын балық — Золотая рыбка (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі дос (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Екі лақ (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жақсылық пен жамандық (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Жеті өнерпаз (сказки на казахском языке)
  • Ертегі: Қаңбақ шал (сказки на казахском языке)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ